Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующих материалы эротического характера

Қаулы · № А-4/364 · қабылданған 21.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23956/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующих материалы эротического характера Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/364 ·21.04.2005
16.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующих материалы эротического характера

Күшін жойған Қаулы ·№ А-4/364 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил розничной торговли периодическими печатными изданиями, публикующих материалы эротического характера
Атауы (қаз.)
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-4/364
Қабылданған күні
21.04.2005
Көрсетілген редакция
16.09.2009 23956_179290.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05BA000008
ЭКБ идентификаторы
23956
Редакция идентификаторы
23956_179290
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:50

0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының " Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес Көкшетау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Көкшетау қаласы аймағында эротикалық сипаттағы материалдарды басып шығаратын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату бойынша қоса берілген Ереже бекітілсін (бұдан әрі-Ереже).

2 2. "Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" Мемлекеттік мекемесіне Ережені сақтауға бақылау жасау жүктелсін.

3 3. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын баспа өнімдерін жекелеп сататын кәсіпорындардың орналасу жазбасын беру қала әкімінің орынбасары О.А.Титоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Қ.Құлышевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған уақыттан бастап күшіне енеді.

6 Көкшетау қаласы

әкімдігінің 2005 жылғы
21.04. N А-4/364
"Эротикалық сипаттағы
материалдары бар мерзімдік
баспа өнімдерін жекелеп
сату ережесін бекіту туралы"
қаулысымен бекітілген
Көкшетау қаласы аймағында эротикалық сипатты материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату Ережесі
Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 4 бабының 2 тармағы негізінде әзірленген және оны Көкшетау қаласы аймағында меншіктің қай түрі болса да заңды және жеке тұлғалардың орындауы міндетті болып саналады.

1 1. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін жекелеп сату осы Ереженің 2 тармағының 2, 3, 4 тармақшаларына қайшы келмейтін арнайы белгіленген стационарлық жайларда іске асырылады.

2 2. Жоғары көрсетілген баспа өнімдерін сатуға тыйым салынады:

1 1) 18 жасқа толмаған адамдарға;

2 2) Балалар және оқу орындарында, оларға телінген аймақтың 100 метр радиусінде;

3 3) Мемлекеттік мекемелерде, мәдениет,білім,денсаулық сақтау мекемелеріне, сонымен қатар сәулеттік және тарихи ескерткіштер жанында.

4 4) Қоғамдық көлікте, аялдамаларда, адамдардың бұқаралық демалу орындарында.

5 5) Витринаға қойылған әрбір данасының түссіз бумасы болуы.

3 3. Эротикалық сипаттағы материалдарды басатын мерзімдік баспа өнімдерін сату үшін жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру негізі:

1 1) Эротикалық өнімдер тізімі көрсетілген ерікті түрде жазылған өтініш және кәсіпкерлік қызметті іске асыру құқығын растайтын құжат.

2 2) Қала әкімінің аппараты берген кәсіпорындардың жекелеп сату орындарының жазбасы.

4 4. Осы Ережелерді бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке әкеледі.

5 5. Осы Ереже эротикалық сипатта басылатын барлық мерзімдік баспа өнімдеріне, оған қоса таяу және қиыр шет елден әкелінетін баспа өнімдеріне таратылады.

Қолданыстағы