Сәтбаев қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №148-II Заңының 30 бабына, «Облыс (республиқалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің Үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 Қауысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Сәтбаев қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы от 04.04.2005 г. № 11-136/4 (Сәтбаев қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы)
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің Регламенті берілген қосымшаға сәйкес бекітісін.
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 4 сәуір
11-136/4 қалаусымен
бекітілген № 1 қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
1. Жалпы ереже
1. Сәтбаев қалалық әкімдігі (әрі қарай - әкімдік) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің, жалпы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта оның дамуының мүдделері және қажеттілігін үйлестіре отырып жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Әкім, әкімдік құрамын әкім орынбасарларынан. әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларынан құрады.
Әкімдік мүшелерінің санын әкім айқындайды. Әкім әкімдіктің дербес құрамын айқындап оны қалалық мәслихаттық сессиясы шешімімен келіседі.
3. Әкімдік қызмет Қазақстан Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
4. Әкімдіктің ақпараттық -талдау. Құқықтық үйымдастыру және материалдық - техниқалық жұмыстарын қамтамасыз етуді қала әкімі аппараты (бұддан әрі - аппарат) жүзеге асырады
5. Әкімдіктің іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат -хабарларды өндеу аппаратқа жүктеліп, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес қала әкімі бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы әкімдіктің және әкімнің қарауына ұсынылған актілердің осы Регламентте белгіленген тәртіп бойынша өтуін қамтамасыз етеді.
2. Жұмысты жоспарлау
7. Аппарат әкімдік мүшелерінің және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерің (бұдан әрі - мекемелер) басшыларының ұсыныстары бойынша әкімдіктің әкімдіктің мәжілістерінде қаралатын мәселелердің әр тоқсан сайынға тізбесін жасайды.
Әкімдік мәжілістерінде қарауға жоспарланған мәселелердің тізбесін әкім бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, қажет болған жағдауда, мекеме басшыларына және басқа да лауазымдды тұлғаларға таратылады.
Әкім аппараты басшысы ұсынған анықтама негізінде тізбеде жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешімді әкім қабылдайды.
3. Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
8. Әкімдік мәжілістері әр айда кемінде бір рет өткізіледі, оны әкім шақырады.
9. Әкімдік мәжілістеріне әкім, ал ол болмаған жағдайдда оның міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
10. Әкімдік мәжілістері әдетті қағида бойынша ащық, мемлекеттік тілде (немесе) орыс тілінде жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер әкімдіктің жабық мәжілістерде қаралуы мүмкен.
11. Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үщтен екісі қатысса ғана заңды болып есептеледі. Әкімдіктің мәжілісінде қаралаған мәселенің қорытындысы бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.
12. Әкімдік мәжілістеріне Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, Жезқазған кентінің әкімі, сандай- ақ әкім бекіткен тізбе бойынша қала мемлекеттік мекемелерінің басшылары және өзге де лауазымды тқлғалар кеңесші дауыспен қатыса алады.
13. Аппараттың немесе атқарушы органның әкімдік мәжілістеріне қаралатын мәселелерді дайындау мынандай талаптарды сақтай отыра жүзеге асырылады:
1) әкімдік мәжілісіне енгізілетін аңықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы, немесе оның қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы (әрі қарай - бірінші басшы) немесе оны алмастыратын адам алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;
2) жоба мен анықтама, әдетте аралығы екі жол арқылы басылған бес парақ мәтіннен аспауы керек;
3) әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс;
4) әкімдіктің мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
5) мәселені енгізетін орган немесе аппарат талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды. Аппарат әкімдік мәжілісіне шақырылғандардың келуін қамтамасыз етеді.
14. Аппарат мәжілістің күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен немесе оны алмастыратын орынбасарымен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейінгі үш күнде әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға, қажет болған жағдайда басқа да лауазымды адамддарға таратады.
Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын орынбасарына баяндайды. Материалдардың уақтылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірініші басшыларына жүктеледі.
Әкімнің тапсырмасы боцынша шұғыл түрде әкімдік мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа мәжіліс өткізілетін күне енгізілуі мүмкін.
15. Әкімдік мәжілісінде хаттама жүргізіледі, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты және мән -жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі. Қағида бойынша мәжілістің стенографиясы жүргізіледі, қаралған мәліметтер ақпараттық электрондық көздеріне жазылады.
Аппараттың жауапты бөлімі әкімдік мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы рәсімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілістің төрағасы қол қояды.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбедегі жыл бойынша реттік нөмірлер беріледі.
Хаттамалар немесе олардың көшірмелері оларға қол қойылған күні әкімдік мүшелеріне, ал қажет болған жағдайда, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдар басшыларына немесе басқа лауазымды адамдарға таратылады.
Әкімдік мәжілісінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай -ақ олдардың құжаттары аппаратта сақталады.
Әкімдік мәжілісінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
4. Әкімдік және әкім актіерінің жобаларын дайындау және рәсімдеу тәртібі
16. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
1) мәселені шешу әкімдіктің құзырына кіргенде;
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған жаңдайда.
17. Жергілікті атқарушы органның қаулыларының, аппаратың әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі -жобалар) дауындау Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарына және орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін дайындау, ресімдеу және келісу жөніндегі (заңдық техника) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 25 қырқүйектегі № 142 Бұйрығымен бекітліген нұсқаулыққа және осы регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Жобалар мемлекеттік немесе орыс тілінде, мүллелі органдармен келісіліп, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдардың қолдары қойылып ұсынылады.
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдік белгілеген мерзімдерде ұсынылуына, сондай ақ жобаның мемлекеттік тіл мен орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнүсқалары сәйкес келуіне, оны әзірлеп жүзеге асыруға органның бірінші басшысы жеке жауап береді.
19. Жобалар міндеттң түрде мыналармен келісіледі:
1) кқзіретіне қарай мүдделі, атқарушы органдармен, бұл жағдайда жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән –жайы ескеріле отырып белгіленеді;
2) қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етілуі мәселелерінің мақсаттылығы- тиісті атқарушы органның қаржы саласымен.
20. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелерін бір уақытта барлық мүдделі атқарушы органдарған жібереді.
Атқарушы органдармен келісу мерзімдері бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен, тіркелген уақытынан бастап екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкімнің, әкімнің орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымда адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы мәжілісте қоюы мүмкін. Бұл жағдайда көрсетілген лауазымды тұлғалар жобаның жасалуы немесе оған өздерінің бұрыштамаларын қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобының кқшірмесін келісуге алған атқарушы органдар басқа мүдделі органдардан алдын -ала бұрыштама қоюды талап етуге, сондай -ақ басқа желеу белгілерімен келісуден бас тартуға меұдделі емес.
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелелері бойынша бірінші басшының, немесе оны алмастыратын орынбасардың қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзіреушіге ұсынуы тиіс:
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама боладды);
2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулермен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
22. Келісу мерзімі аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші (ескертуерді жойып) мүдделі органардың барлық ұсыныстары жинақтап жобаның түпкілікті нұсқасын жасайды. Бұл жағдайда түпкілікті нұсқаны дайындау үрдісінде әзірлеуші өзі келіскен атқарушы органдарың ескертілерін міндетті түрде жояды.
Жобаны әзірлеушінің жобаны аппаратқа еңгізу кезінде өзінің түсіндірме жазбасында осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмауы себептерін (мұнддай факт болған жағдайда) көрсетеді бұл ретте енгізілген құжаттарға тиісті органға кеісуді растайтын құжаттардың көщірмелері қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
23. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдіктің қаулыларын және (немесе) әкімнің шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөніндегі норманы анықтайды нақты мерзім белгілей отырып, оларды сәйкестендіру туралы тапсырманы көздейді.
24. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі -сараптама) аппаратқа еңгізіледі. Аппаратта тіркелер алдында жобаның іс қағаздарды жүргізу талаптарына сәйкестілігі тексеріледі.
Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған жағдайда, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.
Жоба аппаратта тіркелгеннен кейін оның мәтінерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалылығы тексеріліп және сараптамадан өтеді.
Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның әкім аппаратында тіркелген уақытынан бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Аппарат оның мәтіндерінің түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе сараптаманың нәтижелері бойынша оны әзірлеушілерге мына негіздерге байланысты пысықтауға қайтаруға құқылы:
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқалы сәйкес еместігі;
2) оның Казақстан Республикасының Заңарына сәйкес келмейтіндігі;
3) осы регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы;
Басқа себептер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаның қайтаруына негіз бола алмайды.
25. Жобаларды әкімінің орынбасарларымен келісу мінеттерің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімінің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған жағдайда нәтижелелері хаттамамен рәсімделетін кеңес шақырады, жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды.
26. Әкімдіктің қаулылларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейін олардың түпнқсқаларына түзетулер енгізімейді
27. Аппарат әкімдік қауыларының, әкімінің шешімері мен өкімерінің куәланырылған көшірмелерін жіберілімге сәйкес таратады.
Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары аппаратта сақталады.
Құжаттардың уақытылы шығарылуы және алушыларға және алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік аппаратқа жүктеледі.
28. Техникалық қателер болғанда әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.
29. Аппарат әкімдік және әкім қабылданған актілердің есебін, бақылаудағы даналарын жүйелеп, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жүзеге асырады.
30. Әкімдіктің және әкімнің жалпы міндеті, мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актісі әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін мәслихат пен әкім айұындаған газеттерде және өзге мерзімді басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Әкімдік атына жіберілген прокурорлық наразылықтың актілерін қарау әкімнің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша прокурорлық наразылықтардың актілеріне негіз болған құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Әкім аппаратының заң қызметі тиісті органға құқықтық кеңес береді.
31. Прокурорлық наразылықтың қарау тапсырылған мемлекеттік орган немесе әкім аппаратының құрылымдық бөлімдері, прокурорлық наразылық актісінен туындайтын кемшіліктерді жою туралы шара қабылдап, прокуратураға берілетін жауаптың жобасын дайындайды.
Прокуратураға берілетін жауаптың жобасы міндетті түрде әкім аппаратының заң қызметімен және прокуратураның наразылықтарын тексеру туралы тапсырмала көрсетілген басқа да мемлекеттік органдармен келісіледі.
32. Актілерді жариялауға жіберуді аппарат жүзеге асырады.
33. Мемлекеттік қупиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан түратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілерімен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер -министірінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды үйымдастыру тәртібі
34. Заң актілерін, Президент, Үкімет, Премьер -министр, әкімдіктің және әкімнің актілерін орындауды үйымдастыру Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Президентінің актілерін қол қоюға дайынддау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы » 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер -министрінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз күзіреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
36. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер- министірінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының уақытылы, әрі сапалы орындалуына жауапкершілік, орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірініші басшыларына жүктеледі.
37. Әкімнің жіне оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер орындалмаған жағдайда құжат түскен күннен есептелетін орындаудың бір айлық мерзімі, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда он күндік мерзім белгіленеді.
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің себептері туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
39. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер -министірінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамсыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
40. Аппарат Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер -министрінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімдікті жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы Заң актілерін, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер- министрінің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын келісудің және орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.