Об утверждении перечня обязательных услуг порта
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня обязательных услуг порта
- Атауы (қаз.)
- Порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 451
- Қабылданған күні
- 13.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 10.08.2015 AI23967_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000451_
- ЭКБ идентификаторы
- 23967
- Редакция идентификаторы
- AI23967_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:43
0 Порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берілiп отырған порттың мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 Порттың міндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 13 мамырдағы
N 451 қаулысымен
бекiтiлген
Порттың міндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесi
Кеменiң кейiннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және (немесе) өзге де мақсаттарда портқа кiруi үшiн қызмет көрсетулер (кеменiң кiруi):
1 1) корабельдiк - кеменiң портқа кiруiн және одан шығуын ұсыну;
2 2) айлақтық - кемелерге айлақтарда жүк және көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну;
3 3) зәкiрлiк - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта кеме тұрағын ұсыну;
4 4) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау, тiркеп сүйрегiштер жұмысы;
5 5) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
6 6) карантиндiк - порттың мыналарды:
карантиндiк жұқпалы аурумен ауыратындарды және жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай ұсынуды;
порт аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық жай-күйде ұстауды;
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде кемiргiштер мен жәндiктердi алдын ала жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерi.