Құжат мәтініне өту

Об организации и проведении единого национального тестирования

Қаулы · № 143 · қабылданған 27.04.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23982/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и проведении единого национального тестирования Күшін жойған Қаулы ·№ 143 ·27.04.2005
06.08.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и проведении единого национального тестирования

Күшін жойған Қаулы ·№ 143 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и проведении единого национального тестирования
Атауы (қаз.)
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143
Қабылданған күні
27.04.2005
Көрсетілген редакция
06.08.2008 23982_272469.kaz
Соңғы өзгеріс
06.08.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05M0001905
ЭКБ идентификаторы
23982
Редакция идентификаторы
23982_272469
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:48

0 Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу туралы

Қазақстан Республикасындағы "Білім туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық бірыңғай тестілеуді енгізу туралы" 2004 жылғы 13 наурыздағы № 317 қаулысына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізудің мынадай пункттері белгіленсін:

Ақтау қаласында Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің базасында;
Жаңаөзен қаласында "Мұнайшы" мәдениет Үйінің базасында;
Маңғыстау ауданының Шетпе селосындағы Б. Жұмалиев атындағы орта мектеп базасында;
Бейнеу ауданының Бейнеу селосындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің базасында.

2 2. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен дайындауға ықпал ету жөніндегі облыстық жұмыс Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

3 3. Комиссия өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырсын.

4 4. Қала және аудан әкімдері:

оқушыларды осы қаулының 1 тармағында көрсетілген ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттеріне дейін және кері қарай жеткізуді қамтамасыз етсін;
қалалық және аудандық жұмыс комиссияларын құрсын;
ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін мерзімде электр энергиясының іркіліссіз берілуін қамтамасыз етсін.

5 5. Маңғыстау облыстық бойынша ішкі саясат департаменті (А.К.Рзаханов) ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазып көрсету шараларын алсын.

6 6. Облыстық ішкі істер басқармасы (С.Г.Шахманов - келісім бойынша):

оқушылардың тестілеу пункттеріне бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған емтихандық материалдардың сақталуы мен тасымалдануын қамтамасыз етсін;
ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын мектеп бітірушілердің тұратын орындары мен ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункттерде қызметкерлердің күні-түнгі кезекшілігін қамтамасыз етсін.

7 7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті (Б.К.Ошамбаев - келісім бойынша) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге арналған емтихандық материалдарды жеткізудің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етсін.

8 8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Б.Қ.Төлеғалиева) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын мектеп бітірушілердің тұратын орындары мен ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін пункттерде медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

9 9. Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы (Д.С.Таубаев - келісім бойынша) ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілетін мерзімде іркіліссіз телефон байланысымен қамтамасыз етсін.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.С.Сеймағанбетоваға жүктелсін.

11 Маңғыстау облысы әкімиятының

2005 жылғы 27 сәуірдегі
№ 143 қаулысына
қосымша
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мен дайындауға ықпал ету жөніндегі облыстық Комиссия құрамы
1. Сеймағанбетоваға - облыс әкімінің орынбасары,
Гулнар Сүлейменқызы Комиссия төрағасы
2. Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы - облыстық білім басқармасы
бастығының міндетін атқарушы,
төрайым орынбасары
3. Өмирзақ Есболат Кенғанұлы - Маңғыстау облысы білім
Департаменті жалпы орта және
кәсіптік білім бөлімінің
бастығы, Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
1. Рзаханов Асқар Кийкбайұлы - Маңғыстау облыстық ішкі саясат
департаментінің директоры
2. Нұрғалиева Халила Хабижанқызы - Маңғыстау облысы экономика
және бюджеттік жоспарлау
Департаментінің бастығы
3. Өтесінов Бекмұрат Бұхарұлы - Маңғыстау облысының
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің директоры
4. Ошамбаев Берік Қапасұлы - Маңғыстау облысы бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
департаменті директоры
(келісім бойынша)
5. Төлеғалиева Ажар Ғиниятоллақызы - Маңғыстау облысы денсаулық
сақтау Департаментінің
директоры
6. Ахметов Әшімжан Сүлейсенұлы - Ш.Есенов атындағы Ақтау
мемлекеттік университетінің
ректоры (келісім бойынша)
7. Шахманов Серік Габдоллаұлы - Маңғыстау облыстық ішкі істер
басқармасының бастығы
(келісім бойынша)

Қолданыстағы