Қолданыстағы ред. 02.06.2004 (Редакция 24001_290743.kaz)

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем қағидасын бекіту туралы от 02.06.2004 г. № 89 (Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем қағидасын бекіту туралы)

0

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-ІІ «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағида бекітілсін.

2

2. Аудандық қаржы бөлімі (Қойшекенова М.Ә.) бюджеттік қаржы шегінде жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлемді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж.Еркеғалиевке жүктелсін.

4. Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы

Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
3 маусымдағы № 89 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы

1. 1. Жалпы қағидалар

1. Жалпы қағидалар

1

1. Жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем (бұдан әрі әлеуметтік төлем) ауданның аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қорғалмаған көмекті аса қажет ететін азаматтарына тағайындалады.

2

2. Жан басына шаққандағы орташа айлық кірісі белгіленген кедейлік шегінен аспайтын және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға (отбасына ) әлеуметтік көмек көрсетіледі.

3

3. Ауылдық округтегі немесе ауылдық әкімдіктегі комиссия жеке адамның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеуден өткізгеннен кейін әлеуметтік төлемді қажет ететін (жеке адам) болып танылады.

4

4. Әлеуметтік төлем Бөкей ордасы аудандық «Қазпошта» байланыс бөлімшесіндегі азаматтың жеке шотына ақшалай аудару арқылы беріледі.

5

5. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларына) әлеуметтік төлемді төлеу жұмысыздық пен кедейшілікке қарсы күрес жөніндегі № 258-015 санды бюджеттік бағдарлама негізінде аудандық бюджеттен бөлінген қаржы шегінде жүргізіледі.

6

6. Қажеттілік себебіне байланысты (отбасына) бір адамға әлеуметтік төлем жылына бір реттен артық төленбейді.

2. 2. Әлеуметтік төлем құқығы

2. Әлеуметтік төлем құқығы

7

7. Әлеуметтік төлемді аудан азаматтары және азаматтығы жоқ ауданның тұрақты тұрғындары, әлеуметтік қолдауды қажет деп танылған оралмандардың алуға құқы бар.

8

8. 18-жасқа дейінгі балалары бар көп балалы және жалғыз басты аналар, жалғызбасты зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соларға теңестірілгендер, мүгедектер мен жұмыссыздар әлеуметтік төлем алуға басымдылық құқығы бар болып танылады.

9

9. Онан басқа бір жолғы әлеуметтік көмек алуға өздерінен тәуелсіз жағдайға ұшырағанда (өртте, сұрапыл апат кезінде) табыс көзіне қарамастан алуға құқығы бар.

3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

10

10. Әлеуметтік төлем алуға үміткер азаматтар (өтініш берушілер) әлеуметтік төлемдерді анықтап, шешетін аудандық комиссия төрағасының атына жазбаша өтініш береді. Өтінішке қоса беріліп отырылған тізбеде көрсетілген құжаттар қоса тапсырылады.

11

11. Аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік төлемдерді анықтап, шешетін аудандық комиссия өтінішті және оған қоса берілген тиісті құжаттарды қарайды және сәйкес шешім қабылдап, хаттама тұрғызады.

12

12. Ауылдық округтері әкімдері жанындағы комиссия немесе өтініш беруші өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың толықтығы мен дұрыстығына, көрсетілген мәліметтердің заңнамаға сәйкестігіне жауап береді.

13

13. Аудан әкімдігі жанындағы әлеуметтік төлемдерді анықтап шешетін аудандық комиссия әлеуметтік көмек көрсету немесе бас тарту жөнінде хаттамалық шешім қабылдайды.

14

14. Әлеуметтік төлем аудан әкімдігі қаулысы негізінде, аудан әкімдігі жанындағы комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

4. 4. Жиынтық кірісті есептеп шығару

4. Жиынтық кірісті есептеп шығару

15

15. Әлеуметтік төлем алу құқығын анықтау үшін отбасының жиынтық кіріс табысы алдыңғы тоқсандағы алған уақыты мен өтініш берген ай аралығында есептеледі.

16

16. Отбасының жиынтық табысына оның айлық жалақысы, мемлекеттік арнаулы және атаулы жәрдемақылары, жеке кәсіпкерлік табысы сондай-ақ басқа да құжаттар мен мәліметтер негізінде анықталады.

5. 5. Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері

5. Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері

17

17. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның отбасына жерлеу үшін кіріс көзіне қарамастан бір жолғы материалдық көмек – 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

18

18. Отбасы төтенше жағдайға ұшырағанда (өртке, сұрапыл табиғат апатына ұшырағанда) кіріс көзіне қарамастан - 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

19

19. Мүгедектігі бар адамдарға дәрі-дәрмек алуға 3 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

20

20. Емделуге немесе медициналық сараптама-эксперттік комиссиядан өтуге, мүгедектік топ алуға Орал қаласына баруға жолақыға - 5 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

21

21. І-ІІ топтағы мүгедекті емделуге алып баруға жолақы 5 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

22

22. Материалдық-тұрмыстық жағдайы нашар аз қамтамасыз етілген отбасыларына -3 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

23

23. Маргиналды топтағы адамдарға құжаттандыру үшін - 3 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.

24

24. Жеңіс күні мейрамына байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соларға теңестірілгендерге - арнайы шешімге сай беріледі.

25

25. Мүгедектер мен қарттар күніне байланысты - арнайы шешімге сай беріледі.

6. 6. Есеп және есеп беру

6. Есеп және есеп беру

26

26. Аз қамтамасыз етілген азаматтарға (отбасыларына) берілетін әлеуметтік төлем қаржы шығынының есебін аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі жүзеге асырады.

27

27. Әлеуметтік төлем төлеу мәселесін шешетін алғашқы құжаттар, өтініш (көшірме түрінде), түрлі анықтамалар, материалдық-тұрмыстық зерттеу актісі, комиссия хаттамасы (түпнұсқа түрінде) аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде үш жыл сақталады.

28

28. Бөлім есепшісі берілген қаржының пайдаланғаны туралы аудандық қаржы бөліміне есеп береді.

7. 7. Материалдық көмек алуға өтініш берушілердің беретін қажетті құжаттар тізімі

7. Материалдық көмек алуға өтініш берушілердің беретін қажетті құжаттар тізімі

29

29. Материалдық әлеуметтік көмек көрсетуге төменде аталған құжаттар негіз болады:

1

1) әлеуметтік материалдық көмек сұраушының өтініші;

2

2) отбасы құрамы туралы анықтама;

3

3) жеке куәлігінің көшірмесі;

4

4) салық төлеуші куәлігінің (РНН) көшірмесі;

5

5) еңбекақы туралы анықтама;

6

6) зейнетақы, жәрдемақы, алимент төлемі туралы анықтама;

7

7) салық комитетінен кәсіпкерлік табысы жөнінде анықтама;

8

8) жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғаны жөнінде анықтама;

9

9) жалғызбасты аналар үшін № 4 үлгідегі анықтама;

10

10) емделуге бару үшін дәрігердің жолдамасының көшірмесі;

11

11) аурулығы, емделуі қажеттігі жөнінде дәрігердің анықтамасы;

12

12) мүгедектігі бар адамның мүгедектігі жөнінде анықтамасы;

13

13) жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрып қайтыс болған кісінің өлім туралы куәлігінің көшірмесі;

14

14) төтенше жағдайды анықтау үшін аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы мен өрт сөндіру бөлімінің анықтамасы.