Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами

Қаулы · № 110 · қабылданған 26.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24010/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами Күшін жойған Қаулы ·№ 110 ·26.03.2005
28.11.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами

Күшін жойған Қаулы ·№ 110 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил признания сделок с ценными бумагами как заключенных с целью манипулирования ценами
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ден тану ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
110
Қабылданған күні
26.03.2005
Көрсетілген редакция
28.11.2008 AI24010_6.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003615_
ЭКБ идентификаторы
24010
Редакция идентификаторы
AI24010_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:58

0 Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ден тану ережесiн бекiту туралы

Бағалы қағаздар нарығы жұмысының айқындылығы мен тиiмдiлiгiнiң дәрежесiн арттыру, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында, сондай-ақ "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесi бекiтiлсiн.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 15 наурыздағы N 80 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2799 тiркелген) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

4 4. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):

1 1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушыға, бағалы қағаздар нарығында брокерлiк-дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

5 5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.

0 Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесi

Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы
N 110 қаулысымен бекiтiлген
Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану ережесi
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 3-тармағында көзделген бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп тану тәртiбiн айқындайды.

1

1. Мәмiле тараптары арасында алдын ала келiсiлген баға бойынша жасалатын, бағалы қағаздар нарығында мұндай мәмiленi жасағанға дейiн қалыптасқан осы бағалы қағаздарға бағалардан елеулi ерекшеленетiн мәмiле сауда-саттықты ұйымдастырушы тiкелей мәмiлелердi жасау әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған мәмiле деп танылады, егер:
мәмiленi акциялармен жасаған кезде акциялармен осы мәмiле бағасының осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес есептелген осы акциялардың орташа алғандағы нарықтық бағасының ауытқуы отыз және одан астам проценттiк құрайды;
облигациялармен мәмiленi жасаған кезде (оның iшiне мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздармен) осы облигациялар кiрiстiлiгiнiң осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес есептелген өтеуге осы облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кiрiстiлiгiнiң осы мәмiленiң бағасына сәйкес өтеуге ауытқуы үш және одан астам проценттiк тармақты құрайды.

2 2. Шамамен бiрдей бағамен және жасалу уақытымен қарсы бағыттылығы бар мынадай мәмiлелер бағаны манипуляциялау мақсатында жасалмаған болып табылады:

1 1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мұндай операцияларға арналған сауда жүйесi секторында жүзеге асырылатын сол бiр репо операциясына жататын репоны ашу және жабу мәмiлелерi;

2 2) бiрдей көлемдегі және сол бағалы қағаздармен жасалған екi мәмiле, олардың екiншiсi осы мәмiлелердiң бiрiншiсiн жасаған кезде жiберiлген техникалық қатенi түзету мақсатында жасалған болса;

3 3) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде бағалы қағаздар бойынша міндетті баға белгілеуін қолдау мақсатында маркет-мейкермен жасалған мәмілелер;

4

4) мәміле жасалған күнге дейінгі соңғы отыз күн ішінде, бірақ осы кезеңнің кемінде он күн ішінде осы атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының кемінде он мүшесі тараптары болып табылатын, жиынтық көлемі елу миллион теңгеден кем емес кем дегенде жиырма мәміле жасалу шартымен сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде бағалы қағаздармен ашық сауда әдісімен жасалған мәмілелер.

3

3. Акцияның орташа алғандағы нарықтық бағасы сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған акциялармен (ақшалай) мәмiлелердiң жиынтық көлемiнiң мұндай мәмiлелердiң жиынтық мөлшерiне бағалы қағаздармен) ара-қатынасы ретiнде есептеледі (осы тармақтың екiншi абзацында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып).
Егер көрсетiлген кезең iшiнде акциялармен жасалған мәмiлелер саны бестен кем болған жағдайда, осы акциялардың орташа алғандағы нарықтық бағасы сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен бiр жүз сексен күн iшiнде ашық сауда әдісiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған осы акциялармен (ақшалай) соңғы бес мәмiленiң жиынтық көлемiнiң мұндай соңғы бес (бағалы қағаздармен) мәмiленiң жиынтық мөлшерiне ара-қатынасы ретiнде есептеледi.

4 4. Өтеуге арналған облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кiрiстiлiгi мына формула бойынша есептеледi:

n
Е [in X Vn]
i=l
I = ------------ , мұнда
Е Vn
I, % - өтеуге арналған облигациялардың орташа алғандағы нарықтық кiрiстiлiгi, жылдық процентпен;
i - осы облигациялармен мәмiле бағасына сәйкес өтеуге арналған облигациялардың кiрiстiлiгi, жылдық процентпен;
V - облигациялармен мәмiлелер саны, ақшалай;
n - сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен отыз күнтiзбелiк күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған облигациялармен мәмiлелер саны (көрсетiлген кезең iшiнде облигациялармен жасалған мәмiлелер саны бестен аз болған жағдайда, n сауда-саттықты ұйымдастырушы соңғы толық өткен бiр жүз сексен күн iшiнде ашық сауда әдiсiмен өткiзген сауда-саттықтарда жасалған облигациялармен мәмiлелер саны бес және одан астам құраса).

5 5. Уәкiлеттi орган бағалы қағаздармен бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған ретiнде мәмiлелердi:

сауда-саттықты ұйымдастырушының және бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының есептерiндегi;
бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң, мемлекеттiк органдардың және өзге жеке және заңды тұлғалардың хаттарындағы (өтiнiштерiндегi, шағымдарындағы, хабарласуларындағы);
бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдардағы ақпарат негiзiнде анықтайды.

6 6. Бағаны манипуляциялау фактiлерiн растау мақсатында уәкiлеттi орган бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат берудi сұрата алады және қажет болғанда бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне инспекциялық тексерудi жүзеге асырады.

7 7. Мәмiлелердi бағаны манипуляциялау мақсатында жасалды деп тану қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) бiрiншi басшысының немесе оның орынбасарының шешiмiмен ресiмделедi.

8 8. Уәкiлеттi орган бағаны манипуляциялау мақсатында жасалған деп танылған бағалы қағаздармен мәмiле тараптарын осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген шешiм ресiмделген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мұндай тану туралы жазбаша хабардар етедi.

9 9. Реттеу тәртiбi осы Ережеде айқындалмаған мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

Қолданыстағы