Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест

Қаулы · № 95 · қабылданған 30.03.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24029/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест Қолданыста 30.03.2005 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест

Қолданыста Қаулы № 95 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по организации и финансированию социальных рабочих мест
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
95
Қабылданған күні
30.03.2005
Қолданысқа енгізілген күні
01.04.2005
Көрсетілген редакция
30.03.2005 24029_354836.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2005
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05NK000001
ЭКБ идентификаторы
24029
Редакция идентификаторы
24029_354836
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:57
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағының негізінде халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін Қамысты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулының орындаулына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.

3. Осы қаулы 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы

Қостанай облысы

Қамысты ауданы әкімдігінің

2005 жылғы 30 наурыздағы

№ 95 қаулысымен

бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұскаулық халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін (меншік нысанына қарамастан) ұйымдармен есеп айырысу мен негізгі жағдайларды реттейді.

2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбек ақы төлеген шығынын жергілікті бюджет есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;

2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда киындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заңнамалары тарайды.

4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі

5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы шығынын мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ішінара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.

6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарының еңбегіне ақы төлеу шығынын ішінара төлеуге қызмет көрсету жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасасады.

7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне акы төлеуге белгіленген бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында аудандық әкімдік жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.

8. Жұмыссыздарды ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға нысаналы топтарға жататын аз қамтылған жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жағдайлары және көздері

10. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылғандардың еңбегіне ақы төлеуді қаржыландыруға қаражат тиісті аудандық мәслихаттың шешімімен қарастырылады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу және жеке еңбек шартына сәйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.

11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражатынан ең төменгі жалақының 50 пайызы көлемінде алты айға дейінгі мерзімде өтеледі.

Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.

12. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттің қаражатынан төленетін еңбек ақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.

13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлеміне жүргізіледі.

14. Жұмыс берушілер мәслихаттың шешіміне сәйкес жергілікті бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына шыққан өздерінің шығындарын өтеуге пайдаланады.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау

15. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сактауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.