Об утверждении Инструкций по оказанию социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкций по оказанию социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 116
- Қабылданған күні
- 04.05.2005
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 04.05.2005 24030_354998.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.05.2005
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05NK000005
- ЭКБ идентификаторы
- 24030
- Редакция идентификаторы
- 24030_354998
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:46
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
1. Бекітілсін:
1) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы (1-қосымша);
2) аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы (2-қосымша).
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ерболат Баекеұлы Бекмұхамедовке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 4 мамырдағы
№ 116 қаулысына
1-қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмек 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап, оны алуға құқылы осы Нұсқаудың 6-тармағында көрсетілген белгілі бір нақты отбасыларға, адамдарға жергілікті атқарушы органдардың ұсынысы және төмендегілерді сатып алу туралы азаматтардың өтініштері бойынша көрсетіледі:
1) халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмектерді, отынды, жемдік астықты, пішенді, сабанды, құсты, малды;
2) құжаттандыруға;
3) мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеуге;
4) оралмандарға материалдық көмек көрсету;
5) оралмандарды алып келу;
6) мерекелік күндерде азаматтардың жекелеген санаттарын құрметтеу;
7) жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқуға төлеу;
8) Бір жолғы ақша төлемдері түрінде.
2. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері ақшалай және заттай беріледі.
3. Осы Нұсқаудың 6 тармағында көрсетілген отбасыларға және адамдарға әлеуметтік көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасалады (бұдан әрі-уәкілетті орган).
4. Аудандағы уәкілетті органның жанындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия (бұдан әрі комиссия) әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады.
5. Уәкілетті органның жанындағы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің көбі дауыс берген жағдайда қабылданған деп есептелінеді.
6. Әлеуметтік көмек отбасының немесе адамның әлеуметтік тұрмыстық жағдайда қамтамасыз етілу деңгейі ескертіліп, ерекше жағдайларда тағайындалып, төмендегі санаттарға төленеді:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2) Қаза тапқандардың жесір әйелдеріне;
3) Фашистік конценттраттық лагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына;
4) Ауған соғысының қатысушыларына;
5) Бейбіт заманда қайтыс болған Ұлы Отаң соғысы ардагерлерінің әйелдеріне;
6) Тыл еңбеккерлеріне;
7) Төрт оданда көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларына;
8) Балалық шақ мүгедектеріне;
9) 1, 2, 3 топ мүгедектеріне;
10) жетім балаларға;
11) «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ардақты ана» медәлімен, 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға;
12) аз қамтылған және аса мұқтаж отбасылары мен жеке адамдарға;
13) оралмандар;
14) студенттер.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
7. Осы Нұсқаудың 6-тармағында көрсетілген отбасылары мен жеке адамдарға әлеуметтік көмек тағайындау туралы ұсынысты немесе өтінішті жергілікті атқарушы органдары немесе оны алуға құқылы адамдар, комиссия белгілеген, тиісті құжаттарды қосып тапсырады.
8. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар, оларды беру күнінен бастап он күндік мерзімінде жасалады.
9. Комиссия әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол туралы өтініш берушіге хабарлауға міндетті.
10. Заңдарға сәйкес өтініш беруші өтініште және құжаттарда берілген мәліметтердің дәлдігіне және толықтығына жауапты.
11. Комиссия шешімін сот тәртібінде шағымдауға болады.
3. Қажетті құжаттардың тізімі
12. Осы Нұсқаудың 6 тармағында көрсетілген отбасыларға немесе адамдарға әлеуметтік көмек көрсету үшін міндетті құжаттардың бірі:
1) жергілікті атқарушы органның ұсынысы немесе оны алуға құқылы адамның өтініші;
2) жеке куәлігі;
3) Салық төлеушінің нөмірі;
4) банктағы шоттың нөмірі;
5) ерекше жағдайларда комиссия талабы бойынша отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын;
6) тұрғылықты жерден анықтама болып табылады;
7) Жоғары және орта және кәсіптік оқу орындарында оқитын студенттердің оқитын жерінен анықтама.
13. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар өкілетті органдар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі.
Тиісті уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растап, рәсімдейді.
14. Көрсетілген құжаттардың бірінің жоқтығы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға әкеліп соғады.
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Әлеуметтік көмектің көлемі әр нақты жағдайларда комиссиямен белгіленеді.
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
16. Осы Нұсқаудың 6-тармағында көрсетілген отбасыларға және жеке адамдарға әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті қаражат есебінен жүргізіледі.
17. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімінің негізінде әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімдерін жасап, ай сайын аудандық экономика және қаржы бөліміне қаржыландыру жөнінде өтініш береді.
19. Қаражаттың түсуіне байланысты тағайындалған сома алушының есеп шотына барып кіреді.
Аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Қамысты ауданы әкімдігінің
2005 жылғы 4 мамырдағы
№ 116 қаулысына
2-қосымша
Аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарлама бойынша аз қамтылған туберкулезбен ауыратындарға емханада емделу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.