Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку
- Атауы (қаз.)
- Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 306
- Қабылданған күні
- 23.03.2005
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2009 AI24039_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05NA000004
- ЭКБ идентификаторы
- 24039
- Редакция идентификаторы
- AI24039_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:00
0 Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 53-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлген кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекiтiлсiн.
2 2. "Қостанай қаласы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Кураева Л.С.) "Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау" 451-002-101 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.
4 Қостанай қаласы
әкiмдігінің 2005 жылғы
23 наурыз № 306
қаулысымен бекiтiлген
Кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру
және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға
әлеуметтiк көмек көрсету туралы нұсқаулығы
Осы нұсқаулық кәсіби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға жiберiлген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аумақ шегiнде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтайды.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы нұсқаулықта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1 1) Уәкiлеттi орган - "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
2 2) өтiнiш берушi-әлеуметтiк көмек алудан үмiткер адам.
2
2. Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмекті Уәкілетті орган көрсетеді және айына ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа жан басына шаққандағы бар жұмыссыздарға төленеді.
3 3. Әлеуметтік көмек, егер жұмыссыз оқу бітірген күннен кейiн бір ай iшiнде өтiнiш жасаса, төленедi.
4 4. Уәкiлеттi орган азаматтардың әлеуметтік көмек көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және оны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5 5. Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңына сәйкес халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың, басым тәртіп бойынша кәсіби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауды өтуге құқығы бар.
2 2. Әлеуметтік көмек алуға өтiнiш жасау
6 6. Өтiнiш берушi Уәкiлеттi органға жазбаша арыз бередi және әлеуметтiк көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
7 7. Өтiнiш берушi арызда және құжаттарда көрсетiлген мәлiметтiң толықтығына және растығына Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
3 3. Қажетті құжаттардың тiзбесi
8 8. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажет құжаттар:
1 1) әлеуметтiк көмек көрсету туралы тұрғылықты жердегi банкiдегi жеке шоттың нөмiрi көрсетiлген жазбаша арыз;
2 2) өтiнiш берушiнiң жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
3 3) Уәкілетті органның өтініш берушінің жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын анықтамасы;
4 4) Уәкiлеттi органның кәсiби оқуға берген жолдамасының көшiрмесi;
5 5) Уәкiлеттi органның кәсiби даярлауға, бiлiктiлiктi арттыруға және қайта даярлауға жiберген жұмыссызбен жасасқан шартының көшірмесі;
6 6) Жолаушылар, темiржол көлiгi (таксиден басқа) бойынша жолақы құжаттарының түпнұсқасы, немесе көрсетiлген тасымалдау түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның, уәкiлеттi органмен қол қойылған және мөрмен растаған (оқу басталар алдындағы күндегi) жолақының бағасы туралы анықтамасы;
7 7) емдеу мекемесi берген медициналық куәландырудан өткенi туралы санитарлық кітапшасының көшiрмесi және оны өту үшiн төлеген ақы жөнiндегi төлем құжаты;
8 8) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
9 9) өтініш берушінің жұмысқа жарамды барлық отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер.
9 9. Әлеуметтiк көмек тағайындау үшiн қажет құжаттардың түпнұсқалары және салыстыру үшiн олардың көшiрмелерi уәкілетті органға тапсырылады. Салыстырғаннан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
4 4. Әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртiбi
10
10. Уәкілетті орган әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi өтiнiш берушi арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейiн 10 күн iшiнде қабылдайды. Әлеуметтiк көмектi тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтiнiш берушiге, бас тартудың себептерi көрсетiлiп, жазбаша хабарланады.