Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы специальных экономических зон в Республике Казахстан

Жарлық · № 104 · қабылданған 30.03.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2404/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Некоторые вопросы специальных экономических зон в Республике Казахстан Қолданыста 27.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Некоторые вопросы специальных экономических зон в Республике Казахстан

Қолданыста Жарлық № 104 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы специальных экономических зон в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
104
Қабылданған күні
30.03.1999
Көрсетілген редакция
27.07.2000 AI2404_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U990000104_
ЭКБ идентификаторы
2404
Редакция идентификаторы
AI2404_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:16
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері

Отандық тауар өндірушілерді қорғау, теріс пиғылды бәсекелестікті шектеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 заң күші бар Жарлығының 16-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Заңда белгіленген тәртіппен мыналар:

Лисаков арнайы экономикалық аймағы;
Қызылорда арнайы экономикалық аймағы;
Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы таратылсын.

2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

1) "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 316-құжат, N 6, 40-құжат, 1998 ж., N 20, 175-құжат);

2) "Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 қазандағы N 3123 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 375-құжат, 1997 ж., N 41, 382-құжат);

3) "Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 қарашадағы N 3219 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 429-құжат).

3. Таратылатын арнайы экономикалық аймақтардың Әкімшілік кеңестерінің төрағалары:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне өз қызметі туралы есеп табыс ететін болсын;

2) арнайы экономикалық аймақтың тарату процесінде екендігі туралы мәліметтерді заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін әділет органдарын арнайы экономикалық аймақтың таратылуы туралы жазбаша хабардар етсін;

3) орталық және жергілікті ресми басылымдарда арнайы экономикалық аймақтың таратылуы туралы, оның несие берушілерінің өтініштері мен талап қою тәртібі мен мерзімі туралы жарияланымдар жасасын.

4-5. 4-5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Президентінің 2000.07.28. N 421 жарлығымен.

6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.