Қолданыстағы ред. 05.05.2005 (Редакция 24046_374365.kaz)

Аудан аумағындағы Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде жануарлардың листериоз ауруына шектеу енгізу туралы от 05.05.2005 г. № 129 (Аудан аумағындағы Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде жануарлардың листериоз ауруына шектеу енгізу туралы)

0

Аудан аумағындағы Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде
жануарлардың листериоз ауруына шектеу енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:

1

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығыйдағы «Орталық ветеринарлық зертхана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтебе облыстық бөлімшесінің Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер елді мекенінде елген екі қой басынан 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 269-270 Сараптау актісі негізінде жұқпалы листериоз ауруы анықталуына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 27 - бабы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2002 жылғы 12 қарашадағы № 658 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларының листериоз ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі» негізге алына отырып, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың (Ж. Нұрғалиев) ұсынысы бойынша 2005 жылдың 6 бастап жануарлардың листериоз ауруына шектеу енгізілсін.

2

2. Аудандық аумақтық басқармасы (Б. Тумышев) Ақтебе облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімімен (Р. Қабдолова) бірлесе отырып, листериоз ауруын жою бойынша шараларды жүзеге асыруды ұйымдастырсын.

3

3. Барлық ауылдық округ әкімдері халық арасында листериоз ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және оның қайталану жағдайларын болдырмайтын эпидемияға қарсы іс-шараларының сапалы орындалуына көмек беріп отыру тапсырылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Абдуллинге жүктелсін.