Некоторые вопросы республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Информационно-учетный центр" Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Некоторые вопросы республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Информационно-учетный центр" Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 475
- Қабылданған күні
- 19.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI24082_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000475_
- ЭКБ идентификаторы
- 24082
- Редакция идентификаторы
- AI24082_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:43
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қоғамның негiзгi мiндеттерi:
1 1) мемлекеттiк меншiктi есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу;
2 2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру;
3 3) жария мүдделі ұйымдар үшін қаржылық есептілік депозитарийін өткізу қызметін жүзеге асыру болып анықталсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1 1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2 2) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды мыналар:
қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығында оған тиесілi мүлкi;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 33220000 (отыз үш миллион екi жүз жиырма мың) теңге мөлшерiндегi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;
3 3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4 4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 19 мамырдағы
N 475 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттiк республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 392-жол алынып тасталсын.
3 3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-63-жолмен толықтырылсын:
"21-63 АЛА-002293 "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ".
4 4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 57-жол толықтырылсын:
"57. Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (Астана қаласы) 100%".
5 5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1114 қаулысында :
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлiк қоғамы.".