Сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы
«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын, «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №141 «Сауықтыру мекемелерінің жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауын өткізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы негізінде аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жазғы сауықтыру орындарында балалар арасында жұқпалы аурулар мен тағамнан уланудың алдын алу мақсатында 2005 жылғы 1 маусымнан 21-маусымға дейін аудан аумағында ұйымдастырылатын сауықтыру орындарының жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындығының байқауы өткізілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық білім және спорт бөліміне (Қ. Жонысов):
сауықтыру орындарын қыздырғыш технологиялық, тоңазытқыш құрал-жабдықтармен, өндірістік керек-жарақтармен ас бөлмелік және асханалық ыдыс-аяқтармен, тиісті мөлшерде жуушы және дезинфекциялаушы заттармен
қамтамасыз ету;
оларды шаюды және дезинфекциялауды қарастыра отырып, ауыз сумен қамтамасыз ететін көздерді тиісті санитарлық-техникалық қалыпқа келтіру;
жазғы сауықтыру орындарының аумақтарын тазарту және абаттандыру, ойын және спорт алаңдарын дайындау;
балалардың толыққанды тамақтануының ұйымдастырылуына, тамақ әзірлеу технологиясының сақталуына тұрақты зертханалық бақылау жүргізу;
сәйкестік сертификаты, гигиеналық қорытындысы, ветеринарлық куәлігі жоқ
тағамдарды сатып алуға жол бермеу;
жазғы сауықтыру орындарында балалардың жеке басының гигиенасын, дезинфекциялау режимін, санитарлық жай-күйін, тұру жағдайын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологилық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі (Р. Қабдолова) өткізілген байқау қорытындысы туралы аудан әкімінің аппаратын 2005 жылғы 25 маусымға дейін хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.