Қолданыстағы ред. 26.04.2005 (Редакция 24099_296868.kaz)

Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы от 26.04.2005 г. № 104 (Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы)

0

Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы
Аудан халқының экономикалық тұрғыдан жұмыспен қамтылған бөлімі жұмыспен қамтуды жүзеге асыруда, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылы 23 қаңтардағы № 149 Заңын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабын басшылыққа алу шеңберінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жұмыссыздарға, қоғамдық жұмыстарда істейтіндерге еңбек ақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау кездеріндегі шығындарды өтеудің ұсынылып отырған тәртібі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер, оның ішінде нысаналы топқа жататындар түрлері №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Аудан жағдайындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төленетін еңбек ақы мөлшері №3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 наурыздағы «Ақжайық ауданы халқының еңбекпен қамтудағы іс-шаралары туралы» №52 қаулысы әділет Департаментінде тіркеу №2602, 06.04.2004 жылғы күші жойылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуы Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.А.Жақсыбаев жүктеліп, бақылауы аудан әкімінің орынбасары М.Д.Жұматоваға тапсырылсын.
Келісілді
Аудан әкімінің
орынбасары
М.Д.Жұматова
Келісілді
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Д.А.Жақсыбаев
Келісілді
Аудандық экономика және
қаржы бөлімінің бастығы
Ә.Х.Мәжитов

6

№ 1 қосымша
Аудан әкімиятының 2005 жылғы
26 сәуірдегі № 104
Қаулысымен бекітілген
Жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстарда істейтіндерге еңбекақы төлеудің және жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау кезеңдеріндегі шығындарды өтеудің тәртібі:

1

1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті атқарушы органдар арқылы ұйымдарда уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және жергілікті бюджет қаржысынан, тапсырысы бойынша жұмыс берушілердің қаржысынан қаржыландырылады.
Ақылы коғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан, ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша, әрбір жұмыссыз үшін 6-айдан аспауы тиіс.
Еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы қазіргі заңнамаларға сәйкес аталған жұмыстарда істейтін жұмыссыздарға еңбекақы төлеу мөлшері орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты, бірақ еңбек ақының белгіленген ең аз мөлшерінен кем емес көлемде белгіленеді.
Жұмыс берушілер қоғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Еңбек туралы» Заңына сәйкес екі жақты келісімшарт жасасады және соның негізінде бұйрық береді немесе өкім шығарып, жұмысқа алады.
Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздармен жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші отан жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлейді.

2

2. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға және олардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және қайта даярлауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлу жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілді органдардың жолдамасы бойынша жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау құнына, тікелей оқуға байланысты шығындардан басқада, тұру, тамақтану, дәрігерлік тексеруден өту және ауданнан тысқары жерге оқу үшін бару жолақысы шығындары қосылады.
Жұмыссыздардың кәсіптік даярлау біліктілігін арттыру және қайта даярлау кезіндегі шығындарын өтеу, ай өткеннен кейін төмендегідей тәртіппен асырылады;

9

1/ тұрғаны үшін облыстық білім беру жүйесіндегі кәсіптік-техникалық мектептердің, лицейлерінің, колледждерінің жатақханаларында тұрғанына арналып, орташа базалар есебінен белгіленеді;

10

2/ дәрігерлік куәландыруға облыстық денсаулық сақтау басқармасы белгілеген оқу орындарына түсушілер үшін /086 үлгі/ дәрігерлік тексеруден өтуге арналған облыстық кеңес беру-диагностикалық емханаларындағы базалар белгіленеді;

11

3/ тамақтануға аумақтық статистика органы белгілеген облыс тұрғындарының жан басына шаққандағы тұтыну қоржынындағы тамақ өнімдері шығындарына арналған нақты кезеңде қалыптасқан есептен белгіленеді;

12

4/ Оқитын жеріне бару жолақысы қалалық, қала маңына және жергілікті қатынастағы /таксиден басқа/ қоғамдық көліктің барлық түріне арналған жол жүру құжаттары негізінде төленеді.

13. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер, оның ішінде нысаналы топқа жататындар түрлері:

№ 2 қосымша
Аудан әкімиятының 2005 жылғы
26 сәуірдегі № 104
Қаулысымен бекітілген
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер, оның ішінде нысаналы топқа жататындар түрлері:
Табасы аз адамдар;
21 жасқа дейінгі жастар;
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көпбалалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Оралмандар жатады.

14. Аудан жағдайындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төленетін еңбек ақы мөлшері

№ 3 қосымша
Аудан әкімиятының 2005 жылғы
26 сәуірдегі № 104
Қаулысымен бекітілген
Аудан жағдайындағы қоғамдық жұмыстардың түрлері, жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай төленетін еңбек ақы мөлшері
Аймақтық ұйымдардың атаулары
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақы мөлшері
Қаржыландыру көзі
Ақсуат
Ауыл, село тазалығы, күл-қоқыстан көшелерді тазалау, елді мекендерге ағаш, гүл отырғызу, көгалдандыру, арықтарды тазарту барысындағы жұмыстар
7000 теңге шілде айынан
9200 теңге
жергілікті бюджет
Ақжол
Алғабас
Алмалы
Бударин
Құрылыс саласындағы жұмыстар, жол жөндеу, су жүйелерін қалпына келтіру, құрылыс материалдарын (тас соғу, қамыс шабу, т.б) әзірлеу, объектілерді салу
7000-10000 теңге шілде айынан
9200-12000 теңге
7000-10000 теңге шілде айынан
9200-12000 теңге
жергілікті бюджет
Базартөбе
Базаршолан
Есенсай
- Кәсіпорындар мен тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге қатысу
7000-8000 теңге шілде айынан
9200-12000 теңге
жергілікті бюджет
Жайық
- Тарихи ескерткіштер мен табиғатты қорғау барысындағы жұмыстар
7000 теңге шілде айынан
9200 теңге
жергілікті бюджет
Жамбыл
Жаңабұлақ
Қабыршақты
Аудан, ауыл көлеміндегі көпшілік мәдени-спорттық шараларын ұйымдастыруға көмектесу
7000 теңге шілде айынан
9200 теңге
жергілікті бюджет
Қарауылтөбе
Құрайлысай
Мерген
Республика көлеміндегі көпшілік мәдени-спорттық шараларын ұйымдастыруға көмектесу
Мекеме, кәсіпорын, ұйымдарының сұранысы бойынша ұйымдастыру-көпшілік іс-шараларына жәрдемдесу
7000 теңге шілде айынан
9200 теңге
жергілікті бюджет
Сарытоғай
Тайпақ
Чапай