Об утверждении Регламента акимата города Усть-Каменогорска Күшін жойған
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 30 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы" қаулысына, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 5 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (тіркеу нөмірі 2165) шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің Регламенті қосымшаға сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өскемен қаласы әкімінің 2004 жылғы 13 мамырдағы № 13 "Өскемен қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" шешімінің (тіркеу нөмірі № 1811, "Дидар" 2004 жылғы 12 маусымда № 57, "Рудный Алтай" 2004 жылғы 08 маусымда № 86 баспасөз басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы Регламенттің орындалуына бақылау қала әкімінің бас инспекторы Д. Құрмановқа жүктелсін.
Басқа 4. Өскемен қаласы әкімдігінің
РЕГЛАМЕНТІ
Өскемен қаласы әкімінің
2005 жылғы 12 мамырдағы
№ 4 шешімімен бекітілген
Өскемен қаласы әкімінің
2005 жылғы 12 мамырдағы
№ 4 шешіміне қосымша
Өскемен қаласы әкімдігінің
РЕГЛАМЕНТІ
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын қаланың қажеттілігімен және мүдделерімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкім әкімдік құрамын әкімнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (бұдан әрі - атқарушы органдар) бірінші басшыларынан қалыптастырады.
Әкімдіктің мүшелерінің саны әкіммен анықталады.
Әкімдіктің дербес құрамы әкіммен анықталады және қалалық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
Тармақ 3
3. Әкімдіктің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудіӨскемен қаласы әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімдіктің іс қағаздарын жүргізу мен әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу қала әкімі аппаратына жүктеледі және ҚР "Әкімшілік ресімдер туралы" Заңының, Үкімет пен қала әкімінің (бұдан әрі - әкім) бекіткен нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6. 2. Жұмысты жоспарлау
6. Әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы әкімдіктің қарауына енгізілген актілер жобасының өтуін осы Регламентпен белгіленген тәртіпте сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7. 3. Әкімдіктің мәжілістерін дайындау
және өткізу тәртібі
7. Әкімдіктің мәжілістерінде қаралатын мәселелер тізбесін әкімдік мүшелердің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдар басшыларының (бұдан әрі қарай - атқарушы органдар) ұсынысы бойынша бақылау-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімімен жартыжылдыққа жасалынады.
Әкімдіктің мәжілістеріне қаралуға жоспарланған мәселелер тізімі әкіммен бекітіледі.
Бекітілген тізбе әкімдіктің мүшелеріне, сондай-ақ қажетті жағдайда атқарушы органдардың басшыларына және лауазымды адамдарға жіберіледі.
Жоспарланған мәселелерді тізбеден шығарып тастау немесе басқа мерзімде қарау туралы шешім аппарат басшысымен ұсынылған анықтама негізінде әкіммен қабылданады.
3. Әкімдіктің мәжілістерін дайындау
және өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Әкімдіктің мәжілісі айына бір реттен жиі өткізілмейді, әкімдіктің кезекті мәжілістері айдың төртінші бейсенбісінде өткізіледі және әкіммен шақырылады.
Тармақ 9
9. Әкімдіктің мәжілістерінде әкім төрағалық етеді, ал оның жоқ кезінде - әкімнің қызметін атқарушы орынбасары жүргізеді.
Тармақ 10
10. Әкімдіктің мәжілісі, әдеттегідей, ашық болып табылады және мемлекеттік және ( немесе) орыс тілдерінде жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда, жекелеген мәселелер жабық мәжілістерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімдіктің мәжілісі, егер оған әкімдіктің мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса өкілетті болып саналады.
Әкімдіктің мәжілісінде сұрақты қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкімдіктің мәжілісіне Қазақстан Республикасы Парламентінің, қалалық мәслихаттың депутаттары, Меновной ауылының әкімі, сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен облыстық мемлекеттік басқару органдарының басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 13
13. Қала аппаратымен немесе қалалық мемлекеттік атқару органдарымен әкімдік мәжілістерінде қарауға мәселелер дайындауда мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулы жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам (бұдан ары - бірінші басшы) алдын ала қол қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады және келісілген түрінде қала әкімі аппаратының хаттама бөліміне әкімдік мәжілісін өткізуге 5 жұмыс күні қалғанға дейін ұсынады;
Тармақша 2
2) жоба мен анықтама 5 бет мәтіннен аспауы тиіс;
Тармақша 3
3) әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың бірізді тақырыптары болуы тиіс;
Тармақша 4
4) әкімдік мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған ретте қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
Тармақша 5
5) мәселе енгізетін орган немесе қала әкімі аппаратында талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін анықтайды және нақтылайды, қатысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Қала әкімі аппаратының хаттама бөлімі мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және қала әкімімен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейінгі үш күнде әкімдіктің мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған жағдайда, басқа да лауазымды адамдарға таратады.
Тиісті органдар материалдарды уақытында ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың дер кезінде ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Әкімнің тапсырмасы бойынша әкімдік мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар хаттама бөліміне ол өткізетін күні шұғыл түрде енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15. 4. Әкімдік пен қала әкімінің актілерін
дайындау және ресімдеу
15. Әкімдіктің мәжілісінде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты мен мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі. Мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттық электрондық тасымалдаушыға жазылады.
Аппараттың хаттама бөлімі әкімдік мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімдіктің мүшелеріне, ал қажет болған жағдайда мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Тарату көрсеткіші тізбесін аппарат басшысы бекітеді.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқасы), сондай-ақ олардың құжаттары әкім аппаратының хаттама бөлімінде сақталады.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
4. Әкімдік пен қала әкімінің актілерін
дайындау және ресімдеу
Тармақ 16
16. Қалалық атқару органдары әкімдікке тиісті шешім қабылдау үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімдіктің құзыретіне кіргенде;
Тармақша 2
2) қалалық атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде.
17.Әкім аппаратының хаттама бөлімі және қалалық мемлекеттік атқарушы органдары әкімдіктің қаулы жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Әкімшілік ресімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде, А4 форматты ақ қағазда оң жақтың жоғарғы жағында "ҚАУЛЫНЫЁ ЖОБАСЫ, ШЕШІМНІЁ ЖОБАСЫ,ӨКІМНІЁ ЖОБАСЫ" деген жартылай қою шрифтпен жазылған, мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылармен немесе оны алмастыратын адамдар қол қойылған күйде ұсынылады.
Жобалар компьютерде "Word" мәтіндік редакторында (қазақшасы "KZ Times №ew Roman" № 14 шрифтісімен, "Times №ew Roman" № 14 - орысша шрифтісімен, қосымшаларында аз мөлшердегі шрифт, бірақ 10-нан кем емес, жол арасы бір интервалмен, сол жақтағы өрісі - 3,0 см, оң жақтағы өрісі - 1,5 см, жоғарғы өрісі - 2.5 см, төменгі өрісі - 2.5 см, абзац - 5 таңбаға бөлінеді) мемлекеттік және орыс тілдерінде басылады.
Тармақ 18
18. Жобалардың өз уақытында, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімде, сондай-ақ жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің бірізділігі үшін оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар қала әкімі аппаратына түскенге дейін міндетті түрде мыналармен келісіледі:
Тармақша 1
1) құзыретінің күшіне мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән-жайы ескеріле отырып, белгіленеді;
Тармақша 2
2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен - жобаның қаржылық мақсатқа сәйкестігіне және қаржыландырумен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша.
Тармақ 20
20. Қалалық мемлекеттік органдармен келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі алынады, бұл ретте әкімдіктің актілер жобасының түскен әрі тіркелген кезінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкімнің, әкім орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым тез қабылдау мақсатында қалалық мемлекеттік органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшысының орынбасарларынан төмен емес) бұрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобаның көшірмесін келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ, басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 21
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісіледі (жобаға келісім парағында бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісіледі (ескертулері бар жобаға бұрыштамамен келісім парағы қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
Тармақ 22
22. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте, түпкілікті нұсқаны дайындау процессінде әзірлеуші өзі келіскен атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.
Тармақ 23
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіп отырған ұсыныстардың тиімділік болжамын көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімдік қабылдаған жағдайда оларды іске асыру қорытындылары бойынша әзірлеуші актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес олардың қолдануларының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиіс.
Сондай-ақ жобаны әзірлеуші осы жобада мүддесі қозғалып отырған органның бұрыштамасы жоқ себебін көрсетеді (мұндай фактілер болса), сонымен қатар сәйкес органға келісім үшін ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады. Осындай растау құжаты болмаған кезде жоба мүдделі органға келісімге жіберілмейді деп саналады.
Екі беттен асатын жобалар мен жоба қосымшаларының әр беті мемлекеттік орган басшысы - жоба әзірлеушісінің қол таңбасы қойылуы керек.
Тармақ 24
24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдік қаулыларын қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде норма көздейді және (немесе) нақты мерзімдер белгілей отырып оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.
25.Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайындау үшін (бұдан әрі - сараптама) қала әкімі аппаратына енгізіледі. Қала аппараты әкімінің хаттама бөлімінде тіркеу алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған ретте аппараттың хаттама бөлімі жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.
Қала әкімі аппаратының хаттама бөлімінде жобаны тіркегеннен кейін оның мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдерінде бірізділігі тексеріледі.
Қала әкімі аппаратының заңгерлік бөлімінде Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкестігі сараптамасынан өтеді. Жобаны сараптамадан өткізу мерзімі жобаның қала әкімі аппаратында тіркелген күннен бастап 3 жұмысшы күнінен аспауы тиіс.
Қала әкімі аппаратының заңгерлік, хаттама бөлімдері оның мәтіндерінің бірізділігін тексеру барысында, сараптама өткізу немесе оның нәтижесі бойынша жобаны әзірлеушіге келесі негіздер бойынша жөндеуге қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жобаның мемлекеттік және орыс тілдері мәтіндерінде бірізділіктің сақталмағаны іс жүргізу талаптарына сәйкес келмегенде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес келмеген;
Тармақша 3
3) осы сұрақтары бойынша бұрын қабылданған актілердің қосарланушылығы;
Тармақша 4
4) осы Регламент талаптарының бұзылып ұсынғанда.
Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады.Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырылады.
Тармақ 27
27. Әкімдіктің қаулы жобаларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім қол қояды.
Тармақ 28
28. Қала әкімімен қол қойылған қаулы жобалары қала әкімі аппаратының хаттама бөліміне өткізіледі, осы күні мемлекеттік органға - жобаны әзірлеушіге жазбаша түрде хабар береді және соңғысы бір күн ішінде белгіленген үлгідегі бланкіде (нөмірленген және жалпы бөлім қызметкерінің қолы қойылып берілетін) қандайда бір түзетулер және толықтыруларсыз бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылып дайындалған қаулы ұсынылуы тиіс. Осыдан кейін хаттама бөлімі оның жобамен бірізділігін тексереді, әр бетке қол қояды және қала әкіміне қол қоюға қайталай жібереді.
Белгіленген үлгідегі бланкіде қала әкімі қол қойған қаулылар қала әкімі аппаратының хаттама бөлімінде тіркеуден өтеді. Қол қойылған құжатқа қандай да бір түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 29
29. Құқықтық актілерге реттік нөмір оларды қабылдау кезегіне сәйкес, әрбір құжат түрлерінен бөлек беріледі. НөмірлеуӨскемен қаласы әкімінің барлық қызмет ету кезеңінде біркелкі болу қажет.
Тармақ 30
30. Қала әкімі аппаратының хаттама бөлімі елтаңбалық мөрімен расталған әкімдік қаулыларының көшірмелерін аппарат басшысы бекіткен тарату парағына сәйкес таратады.
Әкімдік қаулыларының, қала әкімінің шешімдері және өкімдерінің түпнұсқалар қала әкімі аппаратының хаттама бөлімінде сақталады.
Құжаттардың өз уақытында шығарылуы және алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік қала әкімі аппаратының хаттама бөліміне жүктеледі.
Тармақ 31
31. Техникалық қателері болған ретте әкімдік қаулыларының қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар хаттама бөлімге қайтарылып алынуы тиіс.
Тармақ 32
32. Қала әкімі аппаратының хаттама бөлімі әкімдік қабылдаған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізуді, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жүзеге асырады.
33.Әкімдіктің және қала әкімінің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актілері әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін газеттерде және әкім айқындаған өзге басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Тармақ 34
34. Актілерді жариялау және әрі қарай бақылау жасау мен есеп беруді қала әкімі аппаратының хаттама бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік қабылдаған нормативтік құқылық актілермен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат белгіленген тәртіппен әкім аппаратымен жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің,
Премьер-Министрінің, әкімдіктердің және облыс және
қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын
орындауды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 36
36. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрінің, әкімдіктердің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрінің, әкімдіктердің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмаларының орындалуын қала әкімі аппаратының бақылау-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 37
37. Бақылауға заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктердің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзырындағы тапсырмалары алынады.
Тармақ 38
38. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының өз уақытында әрі сапалы орындалуына жауапкершілік атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 39
39. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындалу мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бір айлық мерзімі, ал "жедел" деген белгі болған жағдайда - он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 40
40. Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің себептері туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Тармақ 41
41. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер Министрінің, әкімдіктің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау бойынша хабарлама-сараптау қызметтерін қамтамасыз ету қала әкімі белгіленген тәртіпте аппарат жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. Бақылау-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімі заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер Министрінің, әкімдіктердің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтамасыз етеді.
Қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің, Премьер-Министрінің, әкімдіктердің, облыс және қала әкімдері актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
Қала әкімінің
бас инспекторы