О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 495
- Қабылданған күні
- 23.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2021 24117_534289.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000495_
- ЭКБ идентификаторы
- 24117
- Редакция идентификаторы
- 24117_534289
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:42
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының " Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 2003 жылғы 12 маусымдағы және " Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1 1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2008 № 1349 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2 2) "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 792 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 32, 320-құжат):
тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтiндегi "акциздiк алым таңбаларымен", "акциздiк алым таңбаларын", "акциздiк алым таңбаларының" деген сөздер тиiсiнше "акциз таңбаларымен", "акциз таңбаларын", "акциз таңбаларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;";
5-тармақтағы "өндiрушiлер" деген сөзден кейiн ", банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар" деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақтың үшiншi абзацындағы "өндiрушiлер мен" деген сөздер "өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының" деген сөздер "осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;