Қолданыстағы ред. 13.07.2005 (Редакция 24119_384893.kaz)

Аудан тұрғындарын сапалы көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында екі айлық өткізу туралы от 13.07.2005 г. № 194 (Аудан тұрғындарын сапалы көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында екі айлық өткізу туралы)

0

Аудан тұрғындарын сапалы көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында екі айлық өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Халықтың санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығы туралы 2002 жылдың 5-желтоқсанындағы № 361-ІІ Заңының 8 бабын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабына сәйкес әкімияты қаулы етеді:

1

1. 2005 жылдың 15 шілдесінен 15 қыркүйек айы аралығында – аудан тұрғындарын жазғы кезеңде сапалы көкөніс, бақша өнімдерінен қамтамасыз
ету мақсатында екі айлық өткізілсін.

2

2. Айлық кезінде белгіленген заң талаптарына сәйкес облыстық санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімі (Р. Қабдолова) аудан дүкендерінде, қоғамдық тамақтандыру орындарында сатылатын көкөніс, бақша өнімдері жарамдылығына тексеру жүргізсін.

3

3. Ауылдық округ әкімдері түрғындарға арнайы көкөніс, бақша өнімдерін сататын орындар белгілеп, олардың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайларын қалыпқа сәйкес ұсталуына көмек берсін.

4

4. Аудандық «Ойыл» газетінде тұрғындардың көкөніс, бақша өнімдерін пайдалануының санитарлық-эпидемиологиялық шаралары насихатталсын.

5

5. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөліміне (Р. Қабдолова) айлықтың жүру барысы мен қорытындысын аудан әкімі аппаратына хабарлап отыру жүктелсін.

6

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.