О мерах по организации социальных рабочих мест для целевых групп населения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации социальных рабочих мест для целевых групп населения
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 149
- Қабылданған күні
- 03.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.03.2009 24122_179195.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.03.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05Z0002930
- ЭКБ идентификаторы
- 24122
- Редакция идентификаторы
- 24122_179195
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:46
0 Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысын орындау үшін және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесі қосымшадағына сәйкес бекітілсін (бұдан әрі - Ереже).
2 2. Орал қаласының және аудандардың әкімдері:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
2 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі басқа да қажетті шараларды алсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. С. Иманғалиевке жүктелсін.
6 Облыс әкімдігінің
2005 жылғы 3 мамырдағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген
Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік
ұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
Ережесі
Осы Ереже халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін айқындайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) жасалатын негізгі шарттар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1
1) әлеуметтiк жұмыс орны - халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды арнайы жұмысқа орналастыру үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкiлеттi органдарда тiркелген, жергiлiктi бюджет есебiнен жұмысқа қабылданған қызметкерлерге жұмыс берушiлер жалақы төлеу шығынының бiр бөлiгiне өтемақы жасайтын жұмыс берушiлердiң ашқан немесе ұсынған жұмыс орны;