Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике

Бұйрық · № 76 · қабылданған 04.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24160/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике Күшін жойған Бұйрық ·№ 76 ·04.05.2005
29.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике

Күшін жойған Бұйрық ·№ 76 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
76
Қабылданған күні
04.05.2005
Көрсетілген редакция
29.04.2010 AI24160_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003648_
ЭКБ идентификаторы
24160
Редакция идентификаторы
AI24160_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:46

0 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) "Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 4 шілдедегі N 71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 25 шілдеде N 1928 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 34) бұйрығына :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібінде:
бүкіл мәтін бойынша "Статистикалық жұмыстардың жоспары", "Статистикалық жұмыстардың жоспарында", "Статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздер тиісінше "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстардың жоспарында", "статистикалық жұмыстардың жоспарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";
10-тармақта:
екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген реттерде" деген сөздер "мемлекеттік статистикалық байқауларда қамтылған" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

2

2) "Қазақстан Республикасында статистикалық есептілікті табыс ету тәртіптерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылы 9 тамызда N 1947 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 34) бұйрығына :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында статистикалық есептілікті табыс ету тәртіптерінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тәртіп Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне , "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес әзірленген.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық санақты және статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мемлекеттiк статистикалық байқауларды жүргiзу кезiнде жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң бастапқы статистикалық ақпаратты ұсынуы мiндеттi болып табылады және өтеусiз негiзде жүзеге асырылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Ғылымның және қоғамдық ұйымдардың мүдделі өкілдері алдын ала талқылағаннан кейін статистикалық жұмыстар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.".

2 2. Заң қызметі және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы