Құжат мәтініне өту

О вопросах выплаты единовременного пособия в связи с рождением четвертого ребенка за счет средств районных (городского) бюджетов

Қаулы · № 147 · қабылданған 14.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24169/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О вопросах выплаты единовременного пособия в связи с рождением четвертого ребенка за счет средств районных (городского) бюджетов Күшін жойған Қаулы ·№ 147 ·14.05.2005
25.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах выплаты единовременного пособия в связи с рождением четвертого ребенка за счет средств районных (городского) бюджетов

Күшін жойған Қаулы ·№ 147 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах выплаты единовременного пособия в связи с рождением четвертого ребенка за счет средств районных (городского) бюджетов
Атауы (қаз.)
Төртінші баланың туылуына байланысты аудандық (қалалық) бюджеттер қаржылары есебінен біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
147
Қабылданған күні
14.05.2005
Көрсетілген редакция
25.12.2008 24169_190547.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05G0001618
ЭКБ идентификаторы
24169
Редакция идентификаторы
24169_190547
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 Төртінші баланың туылуына байланысты аудандық (қалалық) бюджеттер қаржылары есебінен біржолғы жәрдемақы төлеу мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы"
Заңының
7 бабы 3 тармағы 1) тармақшасының және Жамбыл облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 28 қазанда N 1475 тіркелген облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 27 тамыздағы N 5-5
шешімімен
бекітілген "Жамбыл облысының 2005-2007 жылдарға арналған ана мен баланы қорғау Бағдарламасының" негізінде облыс әкімияты
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2005 жылдың 01 қаңтарынан бастап 2007 жылдың 31 желтоқсаны

аралығында туылған төртінші баланың туылуына байланысты аудандық (қалалық) бюджеттер қаржылары есебінен төленетін біржолғы жәрдемақы көлемі 10000 (он мың) теңге көлемінде бекітілсін.

2 2. Біржолғы жәрдемақыны алу құқығы Қазақстан Республикасының

азаматтарына, оралмандарға, шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасы Жамбыл облысының аумағында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға берілсін.

3 3. Біржолғы жәрдемақы ата-аналарының біреуіне (тірі бала туған анаға немесе сол баланың әкесіне), ата-анасының екеуі де болмаған жағдайда қамқоршысына немесе баланың басқа да заңды өкіліне:

1 1) табысына;

2 2) жәрдемақының басқа да түрлерін алатынына;

3 3) төртінші баланың туылған жеріне қарамастан төленеді.

4 4. Біржолғы жәрдемақыны алуға өтініш білдіру мерзімі төртінші

баланың туылған күнінен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

5 5. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері осы қаулыны орындау мақсатында:

1 1) біржолғы жәрдемақыны алу үшін қажет құжаттардың тізбесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықтасын;

2 2) 2007 жылдың 31 желтоқсанына дейін жәрдемақы алуға құқығы бар тұлғаларға біржолғы жәрдемақыны уақтылы төлеу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған шараларды қабылдасын.

6 6. Осы қаулымен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.

7 7. Осы қаулы Жамбыл облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы