О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Высшая аттестационная комиссия"
Күшін жойған
Қаулы
№ 271
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Высшая аттестационная комиссия"
- Атауы (қаз.)
- "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 19.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 28.12.1999 AI2421_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990000271_
- ЭКБ идентификаторы
- 2421
- Редакция идентификаторы
- AI2421_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
0 "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.28. N 2001 қаулысымен.
Ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестациялау саласында мемлекеттік монополияны және ғылыми кадрларды даярлау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаменті "Жоғары аттестациялық комиссия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып мыналар белгіленсін:
1) ғылыми және ғылыми-педагог қызметкерлерге ғылыми дәрежелер тағайындау мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық істерді оларға қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес қарауды ұйымдастыру;
2) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды сараптауды ұйымдастыру және өткізу;
3) жоғары білім және ғылым ұйымдарын аттестациялауға қатысу.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзім ішінде Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 470-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
470" Жоғары аттестациялық комиссия"
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы".