Қолданыстағы ред. 28.04.2005 (Редакция 24251_346328.kaz)

Іле ауданында жасыл желектерді қорғау және сақтау ережесін бекіту туралы от 28.04.2005 г. № 25-80 (Іле ауданында жасыл желектерді қорғау және сақтау ережесін бекіту туралы)

0

Іле ауданында жасыл желектерді қорғау және сақтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 «Қазақстан Республиқасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-2 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 2 тармағы мен 300 бабына сәйкес, Іле аудандың маслихаты шешім етеді:

1

1. Іле ауданында жасыл желектерді корғау және сақтау ережесі бекітілсін (Қосымша тіркеледі).

2

2. Ауылдық және поселкелік округ әкімдеріне аудандағы жасыл желектерді корғау және сақтау ережелерімен тұрғындарды таныстыру үшін жиындар өткізу тапсырылсын.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, әлеуметтік - экономиқалық даму, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Келісілген:
«Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Юсупов Асқар Махмудұлы

4

Іле аудандық маслихатының 2005 жылғы 28 сәуірдегі «Іле ауданында жасыл желектерді корғау және сақтау ережесін бекіту туралы» № 25-80 шешіміне
қосымша
Іле ауданында жасыл желектерді корғау және сақтау ережесі

1

1. Осы Ереже ауданда коршаған ортаны жақсарту шарттарынын негізгі компоненттерінің бipi ретінде ағашты, бұталы, шөптесінді өсімдіктермен қамтамасыз ету деңгейін құру және сақтау мақсатында ,енгізіледі.

2

2. Қорғауға алынған өсімдік қорының құрамына көпжылдық және біржылдық ағаш, бұталы және шөптесінді отырғызылған өсімдіктер, аудан аумағында құжаты рәсімделген және арнайы белгіленген алқаптар кіреді.

3

3. Аудандағы барлық жасыл желектер қол сұқпайтын аудандың қордын құрамына кіреді және Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына және осы Ереженің талаптарына сәйкес қорғалады.

4

4. Жасыл желтерді сақтау және олардың жағдайлары үшін жауаптылар:

1

1)орман-бақтарында, скверлерді, бульварларда - тұрғын-үй коммуналды
шаруашылығы;

2

2)мекеме, кәсіпорын,ұйым аумақтарында сол мекемелердің басшылары;

3

3)тұрғын үй көшені учаскелерінде жекеменшік пәтер коперативтерінің
басшылары;

4

4)құрылыс аландарында -құурылыс мекемелері;

5

5)ұжымдық бау-бақшаларда - бау-бақшалар cepiктecтігі басқармалары;

6

6)ауылдың және поселкелік елді мекендерде - ауылдық және поселкелік округ әкімдері
5. Мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жалға алушылар, басқа да лауазымды тұлғалар мен азаматтардың міндеттері:

1

1)көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы жасыл желектерді сақтау:

2

2)агротехникалық ic-шаралар жүйесін өткізу, яғни жасыл көшеттерді суғару, кесу, арам шөптерін, артық түбірлерін тазалау, тыңайтқыштар себу, дезинфекциялау, бүлінген жерлерін майлау;

3

3)арық (суару) жүйесін дұрыс жағдайда ұстау, қажет болған жағдайда жөндеу және тазалау шараларын жүргізу;

4

4) ағаш-бұталар мен басқа да өсімдіктерге фитосанитарлық ісшаралар жүргізу;

5

5) жоғарғы агротехниқаны қамтамасыз ететін орман олақтарын қанағаттанарлық жағдайда ұстау.

6

6. Көше бойына, тұрғын үй көшендері учаскелеріне, мекемелерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға ағаш отырғызу электр, газ, байланыс желілерінің ереже талаптарына сәйкес, әр жағынан 2-3 метр қалдырып жүргізшуі тиіс. Нормативтермен белгіленген мерзімде Іле ауданы аумағындағы жасыл желектердің саны және сапасы жағдайын есептеу мақсатында жерді пайдалану ақтілеріне сәйкес түгeндeyдi (инвентаризация) жүргізу қажет.

7

7. Құрылыс ұйымдары құрылыс аумақтарында орындауға міндетті:

1

1)құрлысқа белгіген аумақтарды көғалдандыруды, жасыл желектердің су жүйелерін, басқа аумақтарды суғару үшін су жіберу арналарын сақтауды қамтамасыз етуді;

2

2)аудан аумағындағы құрылыс аландарында бұталы ағаштарды және басқа да өсімдіктерді алып тастау, оның ішінде коммуникаңияларды жүргізу аудандық экология қызметінің келісімімен жүргізіледі;

3

3)жаңадан салынған объектілердегі өсімдік қорын суғаруға бұрынғы арық жүйесіне қосу мүмкіндігін қарастыру.

8

8. Ауданның тұрғын-үй коммуналдық ұйымдары төмендегені қамтамасыз етуге міндетті:

1

1)көктемгі - жазғы және жазғы кезендерде жасыл желектерді суғару үшін дер кезінде су беруді қамтамассыз етуге;

2

2)арам шөптердің оның ішінде карантиндік шөптерді экологиялық қayiпсіз әдістерінен жоюды, шөп шабy, шөптеу және де басқа жолдарымен жоюды.

9

9. Аудандық сәулет ұйымдары жауапты құрылымдардың келісімімен құрылыс объектілерін орналастыру үшін өсімдік қоры бар жер учаскелерін бөліп бере алады.

10

10. Көлік ұйымдары мен электр жүйесінің кәсіпорындары және тағы басқа мүдделі ұйымдар көше қиылыстардағы көріністі қиындататын, электр, радио желілеріне кедергі жасайтын бұтақтарды, ағашқа тән нұсқасын өзгертпей экологиялық талаптарға сай кесуге міндетті.

11

11. Амалсыз алынып тасталатын жасыл желектер экологиялық нормаларды сақтауды қадағалайтын, құрылыс салу үшін жер учаскілерін белгілейтін, жоласты коммуникацияларын жүргізетін және жасыл көшеттерді қайта қалпына келтіретін арнайы қызмет орындарының келісімімен жүргізіледі.

12

12. Адам өміріне қауіп түндіретін және апатты жағдайды тудыратын бұталы- ағаштарды алып тастау арнайы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерімен жүргізіледі. Қураған ағаштар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтарының жоспар-кестесіне сәйкес алынады.

13

13. Тиым салынады:

1

1) ағаштарды, бұталарды, бұтақтарды кесу және сындыруға, клумбалар мен газондардағы гүлдерді жұлуға, ағаштарды, шырынын алу үшін пайдалануға, оларға жазуға, кесуге, шеге қағуға, сым темірімен байлауға және де жасыл желектерді басқаша бүлдіруге;

2

2)өсімдіктер қор учаскесін сумен, тұрмыстық қалдықтармен, азық-түлік қалдықтарымен ластауға;

3

3)газондарда автокөлік құралдарын тұратуға;

4

4)декоративтік клумбалардан гүл қазып алуға;

5

5)ауылдық округтерде орман корғау жолақтарында қысқы мерзімге отын дайындауға.