Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25-79
- Қабылданған күні
- 28.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2015 · қолданыстағы 24252_286825.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05DJ000004
- ЭКБ идентификаторы
- 24252
- Редакция идентификаторы
- 24252_286825
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:47
0 Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-2 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 6 бабы 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155-2 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 3 бабының 1 тармағы мен 362, 363 бабтарына сәйкес, Іле аудандық маслихаты шешім етеді:
1 1. Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелері бекітілсін (Қосымша тіркелген).
2
2. Ауылдық және поселкелік округ әкімдері, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары, барлық меншік түрлеріндегі өнеркәсіп, ұйымдардың басшылары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін орындауға міндетті.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау бюджет, әлеуметтік - экономикалық даму, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Жолдасбаев Е.К.) жүктелсін.
Келісілген:
Іле аудандық төтенше жағдайларды
жою және болдырмау комиссиясының
төрағасы
Тыщенко Алексей Иванович
4 Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 28 сәуірдегі «Іле ауданы едці мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдык тәртіп және кауіпсіздікпен қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы” № 25-79 шешіміне
Қосымша
Іле ауданы елді мекендерінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде қоғамдық тәртіп және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөніндегі ЕРЕЖЕ
1 1. Халықты, қоршаган ортаны және шаруашылық объектілерін төтенше жағдайлардан және олардың қалдыратын зардаптарынан қорғау, мемлекеттік саясаттың басымдық саласының бірі болып табылады.
2
2. Төтенше жағдай - төтенше жағдайдың алдын алу жөнінде азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі немесе құқыққа қарсы әрекет, апат немесе ауыртпалық, қирау нәтижесінде туатын белгілі бір аумақтағы жағдай адамдардың шығынын тудыратын, олардың денсаулыгына зиян келтіретін, қоршаған орта мен шаруашылық объектілеріне материалдық шыгын әкелетін және тұрғындардың өмір тіршілігін бұзатын жағдай.
3 3. Табиғи және техногендік сипаттагы төтенше жағдай кезіндегі лауазымды тұлғалардың міндеттері:
1 1)тұрғындар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі мен қызмет ету орнықтылығын жоғарылату жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және оны өткізу;
2 2) төтенше жағдай туған немесе қауіп төнгендігі туралы халықты және қызметкерлерді құлақтандыру, хабарлама беру;
3 3) қызметкерлерді қоргану әдісіне және төтенше жағдай кезінде жақын аумақта өндірістік және әлеуметтік саладағы әрекеттерге оқыту;
4 4) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі күштер мен құралдарын құрып, дайындап, олардың дайындығын қамтамасыз ету;
5 5) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды, орындауға міндетті күші бар арнайы өкілетті мемлекеттік органдардың бұйрығын орындау;
6 6) оқшаулы, жергілікті және резервтік құлақтандыру жүйелерін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарының әрдайым дайындықта болуын қамтамасыз етіп, күтіп ұстау;
7 7) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрылымдарының қызметкерлері мен жұмысшыларына азаматтық қорганыс кезінде өз міндеттерін орындау үшін керекті жағдайлар жасау;
8 8) азаматтарды, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қоргау мәселелері бойынша жергілікгі өзін-озі басқару мемлекеггік органдарга шагыпуга;
9 9) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысуға;
10 10) әкімшілік құқық бұзушылық, төтенше жағдайлар, азаматтық қорғаныс бойынша, Қазақстан Республикасы заңдарын сақтауға;
11 11) тұрмыста, күнделікті еңбек және шаруашылық қызметтерінде қауіпсіздік шараларын сақтауға;
12 12) қауіпсіздік ережесі талаптарын, өндірістік және технологиялық тәртіп бұзушылыққа жол бермеуге ;
13 13) төтенше жағдай туған кезде немесе қауіп төнгенде белгіленген ережені, азаматтық қорғаныс сигналын білуге, қорғанудың негізгі әдістерін, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қорғаныс құралдарын жекелей және ұжыммен пайдалану нұсқаулығын оқып үйренуге;
14 14) азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайларын жою жөнінде өткізілетін дайындықтар мен оқуларға қатысу, жекелей қорғаныс құралдарын қолдануды дайындықта ұстап сақтауды қамтамасыз ету;
15 15)соғыс кезінде және төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс тапсырмаларын орындау үшін жеке пайдаланудагы көлік құралдарын, құрал-саймандарын және жабдықтарын Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген тәртібінде пайдалану үшін беруге.
4 4. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары және басқа да азаматтыгы жоқ тұлгалардың міндеттері:
1 1) азаматтық қорганыс тапсырмаларын орындауға қатысуға, сондай-ақ оқу курстарынан өтуге;
2
2)шет ел азаматтары және азаматтыгы жоқ тұлғалар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген міндеттер мен құқықтарды пайдалануға, егер Конституцияда, Қазақстан Республикасымен ратификацияланган заңдар мен халықаралық шарттарда басқаша көрсетілмеген жағдайларда.
5 5. Азаматтық қорғаныс сигналы бойынша тұрғындардың әрекеттері:
1
1)«Бәрінің назарына!» сигналы. Әлектр сиренасымен беріледі, үзік гудоктармен, машина сигналдарымен, қатты дыбыс шыгаратын құралдардың жиі соққысымен қайталанады. Аталған сигналды естісіменрадио, бұқаралық ақпарат құралдарын қосып, төтенше жағдайлар кезіндегі басқару пункітінің хабарламасын тыңдап, олардың нұсқауы бойынша қимылдау керек;
2
2)«Химиялық дабыл!» Шұғыл түрде противогаз (мақта-дәке таңгышы, респиратор) және теріні қорғау құралын кию, ең жақын жердегі панаханага тығылу. Егер жақын жерде панахана жоқ болса, химиялық зонадан шыгу үшін залалданған ауа бағытымен перпендикуляр багытта қауіпсіз жаққа қарай жүрумен жүзеге асырылады. (биіктеу жерлерге хлор төгілген кезде және жер асты үйлеріне аммиак төгілген кезде);
3 3)«Жер сілкінісі!» сигналы кезінде пәтерді тастап шықпай тұрып, қыздырғыш құралдарын, газ және басқа да өрт тудыратын көздерді өшіру қажет, өзімен бірге қорғау құралдарын, құжаттарды, азық-түлік қорын және су, дәрі-дәрмек, тек ең қажетті құралдарды алып шығу;
Жұмыста станоктарды тоқтату, газ жіберуді тоқтату, әлектр қуатын өшіріп арнайы белгіленген қорганыс орнына бағыт ұстау;
4 4)«Радиациялық дабыл!» сигналы кезінде шұғыл түрде противогаз және дем алу органдарын корғайтын құралдарды киіп алып жақын жердегі панаханаға тығылу.
6. Төтенше жағдайды жариялауға байланысты мемлекеттік органдардың
бекіткен режимін бұзуға немесе талаптарын орындамауға байланысты
бөлігінде:
1 1) кірудің және шығудың ерекше тәртібі орынатылады;
2 2) бірқатар азаматтар үшін бекітілген мерзімге белгілленген орындарды, өзінің пәтерлерін тастап кетуге, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде жергілікті жердің тұрғыны еместерді, өздерінің тұрғылықты жерлеріне қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қуып тастау туралы ұсынысқа тиым салынсын;
3 3) жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, сондай-ақ ойын-сауық, спорт және басқа да көпшілік қатысатын іс-шараларды өткізуге тиым салынсын;
4 4)ереуіл жасауға тиым салынсын;
5 5)қару-жарақ, химиялық және улы заттар, спиртті ішімдіктер және құрамында спирті бар заттар сату шектелсін немесе тиым салынсын;
6 6)карантин және басқа да міндетті санитарлық -әпидемиялық іс- шаралары өткізілсін;
7 7)көбейту техникаларын, сондай-ақ радио, теле аппаратура, аудио және бейне жазу техникасын пайдалануға, дауыс күшейткіш техникалық құралдарды қайтарып алу жөніндегі ұсынысқа шектелсін немесе тиым салынсын;
8 8)байланысты пайдаланудың ерекше ережесі;
9 9)көлік құралдарының қозғалысы шектеліп және оларды тексеру жүргізіледі;
10 10)комендант сағаты кезінде арнайы берілген рұқсат құжатынсыз немесе
жеке басын растайтын құжатсыз көшелерде немесе кейбір қоғамдық орындарда, өз үйінен басқа жерлерде азаматтардың жүруіне тиым салынады. .