О некоторых вопросах деятельности уполномоченных государственных органов города Алматы в области регулирования земельных правоотношений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах деятельности уполномоченных государственных органов города Алматы в области регулирования земельных правоотношений
- Атауы (қаз.)
- Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік уәкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/211
- Қабылданған күні
- 12.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2008 24300_195625.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05R000658_
- ЭКБ идентификаторы
- 24300
- Редакция идентификаторы
- 24300_195625
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:53
0 Жер құқық қатынастарын реттеу салалары бойынша Алматы қаласының мемлекеттік уәкілетті органдарының қызметі жайлы кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Жер
Кодексіне
сәйкес, Алматы қаласының Әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алматы қаласының Жер комиссиясын құрсын.
2 2. Қосымшаларды бекітсін:
1 1) Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы Ережесін;
2 2) Комиссия құрамы;
3 3) Алматы қаласының Жер комиссиясы қорытындысы үлгісін.
3 3. Алматы қаласы Әкімдігінің "Алматы қаласының қала құрылысы комиссиясы туралы" 2003 жылғы 17 сәуірдегі№N 1/228
қаулысының
күші жойылды деп табылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
8 1 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің
2005 жылғы "12" сәуірдегі
N 2/211 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласының Жер комиссиясы туралы ЕРЕЖЕСІ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Алматы қаласының Жер комиссиясы (одан әрі мәтін бойынша "Комиссия") жер учаскелерге құқық беру, жер учаскелерді сату немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын беру және Алматы қаласында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерді алу жөніндегі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің ережелерін орындауда (орындау мақсатында) құрылды.
2 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдылықтарын және осы Ережені басшылыққа алады.
2 2. Комиссия құрамы
3 3. Комиссия Алматы қаласы әкімдігі қаулысымен Алматы қаласы Мәслихатының депутаттарынан, қала әкімдігінің өкілінен (өкілдерінен), Алматы қаласының жер қатынастары басқармасынан, Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы Департаменті және басқа тұлғалардан құрылады.
Комиссия құрамына Комиссия төрағасы, оның орынбасары, Комиссия мүшелері кіреді.
Комиссияның төрағасы Алматы қаласы Әкімдігінің бірінші орынбасары болады.
4 4. Комиссия мүшелерінің саны тақ сан болады және жеті адамнан кем емес. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде, дауыс беру құқығы жоқ.
5 5. Комиссия отырысы жетісіне бір рет шақырылады.
6 6. Комиссия шешімі ашық дауыспен, көпшілік дауыстың берілуіне қарай қабылданады, ал бірдей дауыс берілген жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Егер дауыс беруге комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқан жағдайда, комиссия шешімі құқылы деп есептеледі.
7 7. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін құру, комиссия мүшелерін шақыру, комиссия қорытындысы жобасын дайындау және басқа да шаралармен Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасы қамтамасыз етеді.
3 3. Комиссияның міндеті және құқығы
8 8. Комиссия міндеті:
1 1) мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерді алуға, жер учаскелеріне жалдау құқығын беру және жер учаскелерді сату, жер учаскелеріне құқық беру арыздарын қарайды;
2 2) арызын қанағаттандырған қорытындысын береді немесе себепті жағдайлармен бере алмайтындығын хабарлайды;
3 3) Алматы қаласы Мәслихатымен бекітілген тізімге сәйкес, сауда-саттыққа қойылған жер учаскелердің жалдау құқығын немесе нақты жер учаскелерді анықтайды.
Комиссия құқығы:
1 1) жер учаскелерді сату және алу, беру мәселелері бойынша қажетті ақпараттарды азаматтардан және қызметтік тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және басқа да мекемелерден сұрауға және алуға;
2 2) жер учаскелерді сату және алу, беру туралы ұсыныстарды Алматы қаласы Әкімдігіне қарау үшін енгізуге.
4 4. Комиссия төрағасының өкілеттігі
9 9. Комиссия төрағасы:
1 1) комиссия қызметіне басшылық жасайды;
2 2) комиссия отырысын жүргізеді;
3 3) комиссия қорытындысына қол қояды.
5 5. Қорытынды ережелер
10 10. Алматы қаласы Әкімдігінің тиісті қаулы жобасын дайындау үшін комиссия қорытындысы негіз болып табылады.
32 2 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің
2005 жылғы "12" сәуірдегі
N 2/211 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласының Жер комиссиясы
құрамы
1. Заяц Яков Алматы қаласы Әкімінің бірінші
Игнатьевич орынбасары, Алматы қаласының
жер комиссиясының төрағасы
2. Есболов Тілектес Алматы қалалық
Исабайұлы Мәслихатының депутаты
3. Торғаев Бекқали Алматы қаласы Жер қатынастары
Нұрғалиұлы басқармасының бастығы
4. Баймағамбетов Алматы қаласының Сәулет және
Сұлтан Қабиұлы қала құрылысы департаментінің бастығы
5. Сапаров Абай Алматы қалалық аумақтық
Есболұлы жер ресурстарын басқару
басқармасының бастығы
6. Орал Қасымханұлы Алматы қалалық
Нақысбеков төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік бақылау және
қадағалау басқармасының бастығы
7. Дурумбетов Алматы қалалық мемлекеттік
Еркин Ермекович санитарлық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің бастығы
8. Қоңырбаев Қайрат Мемлекеттік сәулет-құрылысын
Ақмырзаұлы бақылау департаментінің директоры
9. Қайрат Алматы қаласының құрылыс
Заманбекұлы департаментінің директорының
Нұрқаділов орынбасары
10.Сұлтанбек Алматы қаласы табиғи ресурстар
Алмасбекұлы және табиғатты пайдалануды
Мәкежанов реттеу департаментінің директоры
11.Әділ Жүнісұлы "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс
Ыбраев берушілердің жалпы ұлттық одағының Алматы
қаласындағы филиалының директоры
Ескерту:
Комиссия жұмысына қажет болған жағдайда қала қызметінің мүдделі қызметтері тартылуы мүмкін.
33 Заключение Земельной комиссии города Алматы
3 қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің
2005 жылғы "12" сәуірдегі
N 2/211 қаулысымен бекітілді
Алматы қаласының Жер комиссиясының
қорытындысы
Заключение Земельной комиссии города Алматы
______________________________________________________ арызына және
(АЖӘА, заңды тұлғаның атауы, уақыты, хаттың нөмірі)
Алматы қаласы әкімінің 20__ жылғы "__" _______________ тапсырмасына
сәйкес,____________________________________________________________
(объектінің нысаны) бағыты
___________________________________________________________________
жобалау және құрылысы үшін жер учаскені беру туралы комиссия
берілген мәліметтерді қарап және жер учаскені пайдалану нысаны
бойынша қолдануға __________________________________ деп есептейді. (болады немесе болмайды)
Согласно заявлению_________________________________________________
(ФИО, наименование юр.лица, номер письма)
и поручению акима города Алматы от "__" _____ 200__года, о
предоставлении земельного участка для проектирования и строительства
___________________________________________________________________
(назначение объекта)
____________ комиссия рассмотрела представленный материал и считает
___________________________________________________________________
(возможным или невозможным)
использование земельного участка по целевому назначению.