Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня профессий и требований для лиц, в отношении которых устанавливается упрощенный порядок приема в гражданство Республики Казахстан

Жарлық · № 1587 · қабылданған 06.06.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24315/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня профессий и требований для лиц, в отношении которых устанавливается упрощенный порядок приема в гражданство Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 1587 ·06.06.2005
26.12.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня профессий и требований для лиц, в отношении которых устанавливается упрощенный порядок приема в гражданство Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 1587 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня профессий и требований для лиц, в отношении которых устанавливается упрощенный порядок приема в гражданство Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1587
Қабылданған күні
06.06.2005
Көрсетілген редакция
26.12.2018 24315_559795.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U050001587_
ЭКБ идентификаторы
24315
Редакция идентификаторы
24315_559795
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:38

0 Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесiн және оларға қойылатын талаптарды бекiту туралы

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 16-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгіленетiн адамдар үшiн кәсiптердiң тiзбесi және оларға қойылатын талаптар бекiтiлсiн.

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

0 Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін кәсiптердiң тiзбесi және оларға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2005 жылғы 6 маусымдағы
N 1587 Жарлығымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртiбi белгiленетiн адамдар үшін кәсiптердiң тiзбесi және оларға қойылатын талаптар
Р/с
N
Кәс­iп
Та­лап­тар
1
2
3
1.
Әр­тiс
Ха­лы­қа­ра­лық на­гра­да­лар­мен және атақ­тар­мен атап өті­л­ген аса көр­нек­ті му­зы­ка­лық, сахна­лық неме­се хо­рео­гра­фи­я­лық қа­бі­летiнiң, кәс­iп­тiк ше­бер­лi­гiнiң және жар­қын шы­ғар­ма­шы­лық же­ке да­ра­лы­ғы­ның бо­луы
2.
Ар­хео­лог
Ғы­лы­ми дә­ре­же­сiнiң, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры мен iз­денiстерiнiң, ғы­лы­ми ба­сы­лым­дар­да жа­ри­я­ла­ным­да­ры­ның бо­луы, ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­я­лар­ға және әлем­дiк ма­ңы­зы бар iрi ар­хео­ло­ги­я­лық ес­керт­кi­ш­тер­дiң ашы­луы­на қа­ты­суы
3.
Сәу­лет­ші
Сәу­лет және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның, қа­ла құ­ры­лы­сы­ның бас жос­пар­ла­рын әзiр­ле­уде және ай­рық­ша iрi әрi күр­делi объ­ек­ті­лер­дi жо­ба­ла­уда тә­жiри­бесiнiң бо­луы
4.
Ба­лет­мей­стер
Аса көр­нек­тi ба­лет әр­тiстерiн да­яр­ла­уда тә­жiри­бесiнiң, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның және iрi те­атр­лар­да­ғы жұ­мыс өтiлiнiң бо­луы, әлем­дiк сы­нып­та­ғы спек­такль­дер­дi дай­ын­да­у­ға қа­ты­суы
5.
Био­лог, мик­ро­био­лог (бак­те­рио­лог, ви­ру­со­лог)
Био­ло­гия, бак­те­рио­ло­гия, ви­ру­со­ло­гия, ген­дiк ин­же­не­рия және бас­қа да шек­тес ғы­лым­дар са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның, ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры­ның және ха­лы­қа­ра­лық ма­ңы­зы бар iз­денiстерiнiң бо­луы
6.
Дәрігер
Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес:
1) акушерлiк пен гинекология;
ангиохирургия;
анестезиология-реаниматология;
кардиохирургия;
нейрохирургия;
онкология;
онкогематология;
оториноларингология;
радиология;
трансплантология;
фармакология және клиникалық фармакология;
жақ-бет хирургиясы саласындағы диагностика мен емдеудiң;
2) фармакогенетика саласындағы фармакогеномиканың озық әдiстерiн меңгеруi
7.
Гео­лог,
гео­фи­зик
Гео­ло­ги­я­лық және гео­фи­зи­ка­лық ғы­лым­дар са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, ғы­лы­ми зерт­те­улерi мен iз­денiстерiнiң, яд­ро­лық жа­ры­лы­стар және жер сіл­кiнiстерi мо­ни­то­рин­гi са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң бо­луы
8.
Ди­ри­жер
Аса көр­нек­тi му­зы­ка­лық де­ректерiнiң және ха­лы­қа­ра­лық кон­кур­стар­ға қа­тыс­қа­нын рас­тай­тын ди­плом­да­ры­ның, әлем­нiң же­тек­шi те­атр­ла­ры мен кон­церт зал­да­рын­да ди­ри­жер­лық ет­кен жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң бо­луы
9.
Ин­же­нер
Ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры мен iз­денiстерiнiң, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның бо­луы, сон­дай-ақ эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түрiне сәй­кес:
сей­смо­ло­ги­я­лық құ­бы­лы­стар­ды ор­та мерзiм­дi, қы­сқа мерзiм­дi бо­лжау әдiстерiн мең­ге­руi;
қу­ат­ты энер­ге­ти­ка­лық және жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да­ғы плаз­ма қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну;
ғы­лым және тех­ни­ка, ра­ци­о­на­ли­за­ция, өнер­тап­қы­штық жетiстiк­терiн ен­гi­зу;
қор­ша­ған ор­та­ны та­зар­ту және оның ла­ста­нуын бол­дыр­мау жөнiн­де­гi ғы­лы­ми-зерт­теу және тә­жiри­белiк жұ­мыстар­ды әзiр­леу;
яд­ро­лық ре­ак­тор­лар­ды пай­да­ла­ну, ре­ак­тор­ды (жыл­дам­дат­қы­шты, яд­ро­лық-фи­зи­ка­лық қон­дыр­ғы­ны) бас­қа­ру;
ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар мен те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар, озық бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз етудi және қазiр­гi за­ман­ғы ком­пью­тер­лiк жаб­дық­тар­ды әзiр­леу;
ин­фор­ма­ти­ка және жүй­елiк бағ­дар­ла­ма­лау;
ға­рыш қыз­метi са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми-зерт­теу және тә­жiри­бе-кон­струк­тор­лық жұ­мыстар­ды әзiр­леу;
зы­мы­ран­дар мен ға­рыш ап­па­рат­та­ры­ның, ға­ры­штық ұшу ап­па­рат­та­ры мен ек­пiн­дет­кiш бл­ок­та­ры­ның ба­стап­қы және тех­ни­ка­лық ке­шен­дерiн әзiр­леу және пай­да­ла­ну;
те­ле­мет­ри­я­лық жүй­е­лер мен ке­шен­дер, ком­пью­тер­лiк өл­шеу бл­ок­та­ры;
өн­дiрiстiк және тұр­ғын үй-аза­мат­тық мақ­сат­та­ғы объ­ек­ті­лер­дiң құ­ры­лы­сы­на ар­нал­ған тех­но­ло­ги­я­лық жо­ба­лау;
ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ма­ши­на­ла­рын жа­сау са­ла­сы­на про­грес­сив­тi тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стер­дi ен­гi­зу;
суб­стан­ци­я­лар мен дә­рі­лiк ны­сан­дар өн­дiрiсi жөнiн­де­гi ар­найы, осы за­ман­ғы фар­ма­цев­тiк жаб­дық­тар­да­ғы фар­ма­цев­ти­ка­лық бей­iн;
дә­рі­лiк ны­сан­дар мен пре­па­рат­тар­ды био­фар­ма­цев­ти­ка­лық зер­де­леу;
дә­рі­лiк суб­стан­ци­я­лар мен фи­то­пре­па­рат­тар өн­дiрудiң тех­но­ло­ги­я­лық негiз­дерi мен әдiстерiн әзiр­леу;
жүй­елi бағ­дар­ла­ма­лау;
жо­ға­ры дең­гей­де­гi бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз етудi әзiр­леу
10.
Нұсқаушы-спортшы
Спортшыда Олимпиада ойындарында біріншіден алтыншыға дейінгі орынды немесе әлем чемпионаттарында бiрiншiден үшiншiге дейiнгi орынды немесе Азия ойындарында бiрiншiден үшіншіге дейінгі орынды немесе Еуропа чемпионаттарында бiрiншiден үшіншіге дейінгі орынды немесе спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем кубогi финалдарында бiрiншi орынды немесе Азия, Еуропа чемпионаттарында, Дүниежүзілiк универсиадаларда, Дүниежүзілiк жасөспiрiмдер мен юниорлар ойындарында бiрiншiден үшiншiге дейiнгi орынды иеленген, сондай-ақ басқа да маңызды халықаралық жарыстарда бiрiншiден үшiншiге дейiнгi орынды иеленген кемінде халықаралық біліктіліктің спорт шебері спорттық атағының не халықаралық деңгейдегі спорттық біліктілігінің болуы
11.
Ұш­қыш (пи­лот)
Өз кү­шiн­де­гi ұш­қыш (пи­лот) ку­әлi­гiнiң және аза­мат­тық әуе ке­ме­лерiне рұқ­са­ты­ның бо­луы. Жо­ға­ры кәс­iп­тiк ше­бер­лi­гi мен да­яр­лы­ғы, әуе кеңiстi­гiнiң қа­уiп­сiз пай­да­ла­ны­луын рет­тей­тiн нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­ті­лер­ді бiлуi, ке­менiң ұшу және пай­да­ла­ну ере­же­лерiн сақ­та­уы. Ден­са­улы­ғы­ның бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гi
12.
Ұш­қыш-
нұс­қа­у­шы
Жо­ға­ры кәс­iп­тiк ше­бер­лi­гi мен да­яр­лы­ғы, әуе кеңi­сті­гiнiң қа­уiп­сiз пай­да­ла­ны­луын рет­тей­тiн нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­ті­лер­дi бiлуi, ке­менiң ұшу және пай­да­ла­ну ере­же­лерiн сақ­та­уы. Ден­са­улы­ғы­ның бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гi
13.
Ұш­қыш-сы­на­у­шы
Жо­ға­ры кәс­iп­тiк ше­бер­лi­гi мен да­яр­лы­ғы, әуе кеңiстi­гiнiң қа­уiп­сiз пай­да­ла­ны­луын рет­тей­тiн нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­ті­лер­ді бiлуi, ке­менiң ұшу және пай­да­ла­ну ере­же­лерiн сақ­та­уы. Ден­са­улы­ғы­ның бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гi
14.
Ұш­қыш-
қа­да­ға­ла­у­шы
Ар­найы да­яр­лы­ғы, ор­ман қор­ғау са­ла­сын­да­ғы жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң, пи­ро­ло­гия және өрт қа­уiп­сiздi­гi жөнiн­де­гi бiлi­мiнiң бо­луы
15.
Ма­те­ма­тик
Ма­манды­ғы бой­ын­ша ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның, жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң, ма­те­ма­ти­ка, қол­дан­ба­лы ма­те­ма­ти­ка және шек­тес ғы­лым­дар са­ла­сын­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық  ма­ңы­зды ғы­лы­ми зерт­те­улерi мен iз­денiстерiнiң бо­луы
16.
Ғы­лы­ми қыз­мет­кер (фи­зи­ка және  аст­ро­но­мия са­ла­сын­да)
Ма­манды­ғы бой­ын­ша ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң, фи­зи­ка мен аст­ро­но­мия және бас­қа да шек­тес қыз­мет түр­лерi са­ла­сын­да­ғы өнер­тап­қы­штық неме­се ғы­лы­ми ең­бек­терiне ав­тор­лық ку­әлiк­терiнiң бо­луы
17.
Про­ви­зор
Фар­ма­ко­ло­ги­я­лық заттар мен дә­рі­лік ши­кi­заттың фи­зи­ка­лық және хи­ми­я­лық қа­си­ет­терi, олар­ды aлу, та­за­лау, стан­дарт­тау және са­па­сын ба­қы­лау әдiстерi са­ла­сын­да­ғы аса көр­нек­тi ғы­лы­ми зерт­те­улерiнiң бо­луы. Фар­ма­эко­но­ми­ка жөнiн­де­гi зерт­те­улер­дiң ме­ди­ци­на мен фар­ма­цев­ти­ка са­ла­сын­да­ғы ма­ман­дар­ды ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар бой­ын­ша ин­спек­ци­я­ла­удың және оқы­ту­дың озық әдiстерiн мең­ге­руi (GPP, GCP, GMP, GLP, GDP)
18.
Ре­жис­сер
Аса көр­нек­тi қой­ы­лым қою де­ректерiнiң, ха­лы­қа­ра­лық фе­сти­валь­дар­ға қа­тыс­қа­нын рас­тай­тын атақ­та­ры мен ди­плом­да­ры­ның, әлем­нiң iрi те­атр­ла­ры мен кон­церт зал­да­рын­да­ғы жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң бо­луы
19.
Құт­қа­ру­шы
Құт­қа­ру және шұ­ғыл жұ­мыстар­ды жүр­гiзу­ге ар­найы да­яр­лы­ғы­ның, "Ха­лы­қа­ра­лық сы­нып­та­ғы құт­қа­ру­шы" үл­гiсiн­де­гi бі­лiк­ті­лiк берiл­ген  ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның, iрi ава­ри­я­лық және тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың сал­дар­ла­рын жо­ю­да­ғы жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң, ава­ри­я­лық-құт­қа­ру құ­рал­да­рын қол­да­ну жөнiн­де­гi ма­шы­ғы мен ше­бер­лi­гiнiң бо­луы
20.
Жат­тық­ты­ру­шы
Ха­лы­қа­ра­лық бiлiк­ті­лiк­те­гi спорт ше­берi­нен кем емес спорт­тық ата­ғы­ның, ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лiнiң Олим­пи­а­да­лық ой­ын­дар­да бiрiн­шi­ден ал­тын­шы­ға дей­iн­гі орын­ды ием­ден­ген жо­ға­ры бі­лiк­тi ке­мiн­де бiр спорт­шы­ны неме­се Азия ой­ын­да­рын­да бiрiн­ші­ден үшiн­шi­ге дей­iн­гi орын­ды ием­ден­ген бiр спорт­шы­ны неме­се әлем, Азия, Еуро­па чем­пи­о­нат­та­рын­да, бү­кіл дү­ни­е­жү­зі­лiк уни­вер­си­а­да­лар­да, Бүкiл дү­ни­е­жү­зі­лiк жа­сө­спiрiм­дер ой­ын­да­рын­да, спорт­тың же­ке неме­се ой­ын түр­лерiн­де бiрiн­шi­ден үшiн­шi­ге дей­iн­гi орын­ды ием­ден­ген спорт­шы­ны да­яр­лау жөнiн­де­гi жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң бо­луы
21.
Мұ­ғалiм
Ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры са­на­ты мен жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның және мы­на­дай ма­ман­дық­тар бой­ын­ша тиiстi жо­ға­ры кәс­iп­тiк бі­лi­мiнiң бо­луы: ма­те­ма­ти­ка, фи­зи­ка, хи­мия, био­ло­гия, ағы­л­шын тiлi, ин­фор­ма­ти­ка, жал­пы та­рих; мем­ле­кет­тiк неме­се орыс тiл­дерiн мең­ге­руi, ағы­л­шын ті­лiн ер­кiн мең­ге­руi
22.
Хи­мик
Ма­манды­ғы бой­ын­ша ғы­лы­ми дә­ре­же­сi мен ата­ғы­ның, жұ­мыс тә­жiри­бесiнiң, хи­мия, ток­си­ко­ло­гия және шек­тес ғы­лым­дар са­ла­сын­да­ғы ғы­лы­ми зерт­те­улерi мен iз­денiстерiнiң, ха­лы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­та­ры­ның бо­луы
23.
Су­рет­шi
Кә­сіп­тiк бі­лі­мi, жо­ға­ры көр­кем өнер шы­ғар­ма­ла­ры­ның, ха­лы­қа­ра­лық на­гра­да­ла­ры мен атақ­та­ры­ның, өнер­та­ну­шы­лар­дан шы­ғар­ма­шы­лық мi­нез­де­месiнiң бо­луы;
ха­лы­қа­ра­лық көр­ме­лер­ге, сим­по­зи­у­м­дар мен кон­кур­стар­ға қа­ты­суы
24.
Штур­ман
(авиа­ци­яда­ғы)
Жо­ға­ры кәс­iп­тiк да­яр­лы­ғы мен на­ви­га­ция және ұшу ап­па­ра­тын жа­уын­гер­лiк қол­да­ну жөнiн­де­гi ше­бер­лi­гi;
әуе кеңiстi­гiнiң қа­уiп­сiз пай­да­ла­ны­луын рет­тей­тiн нор­ма­тив­тiк құқық­тық ак­тiлер­дi бі­луi.
Ден­са­улы­ғы­ның бел­гi­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­i­гi
25.
Денсаулық сақтау саласындағы маман
Медицина саласындағы ғылыми дәрежесi мен атағының, ғылыми-зерттеу жұмыстарының және халықаралық маңызы бар iзденiстерiнiң, халықаралық сертификаттарының болуы, сондай-ақ мамандануына сәйкес биоинформатика саласындағы биомедициналық деректерді талдаудың озық әдістерін меңгеруі
26.
Бизнес-талдаушы
Бизнес-талдау практикалары бойынша халықаралық танылған сертификатының және бизнес-процестерге талдау жүргізу мен модельдеу саласындағы мамандық бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
27.
Жүйелік архитектор
Ғылыми дәрежесі мен атағының, халықаралық сертификаттардың және бағдарламалық қамтылым архитектурасын әзірлеу мен жобалау бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
28.
Бағдарламалық қамтылым әзірлеушісі
Ғылыми дәрежесі мен атағының, мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; ақпараттық-коммуникациялық және аддитивті технологияларды қолдана отырып, зерттеулерді, әзірлемелерді, бағдарламалауды және тестілеуді қоса алғанда, бағдарламалық қамтылымды әзірлеу бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
29.
Ақпараттық технологиялар саласындағы жобалық менеджер
Ғылыми дәрежесі мен атағының, жобалық менеджмент саласындағы халықаралық танылған сертификаттарының; ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды басқару бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
30.
Робот техникасы жөніндегі маман
Мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; роботтарды бағдарламалау және модельдеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы
31.
Ақпараттық технологиялар саласындағы дизайнер
Мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының, инфографика, виртуалды әлем бойынша дизайн саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
32.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман
Ғылыми дәрежесі мен атағының, мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, ақпаратты қорғау жүйелерін әзірлеу және сүйемелдеу, ақпараттық қауіпсіздікті басқару және қамтамасыз ету процесін бақылау бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
33.
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аудитор
Ғылыми дәрежесі мен атағының, мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік аудитін жоспарлау және бақылау талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
34.
Ақпаратты қорғау жөніндегі инженер
Ғылыми дәрежесі мен атағының, мамандығы бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; ақпаратты қорғау жүйесін әзірлеу мен сүйемелдеу, ақпаратты қорғау құралдарын орнату, күйін келтіру және жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
35.
Жоғары оқу орындарының оқытушысы
Тиісті саладағы кемінде магистрдің академиялық дәрежесінің, әлемдік академиялық рейтингтердің алғашқы 100 (жүз) қатарына кіретін жоғары оқу орындарында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
36.
Ғылыми қызметкер
(білім беру технологиялары, инженерия, жобалық басқару, аграрлық ғылымдар, медицина, биотехнологиялар, ақпараттық технологиялар, қаржы және экономика салаларында)
Ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және халықаралық маңызды ғылыми-зерттеу жұмыстарының және ізденістерінің; халықаралық танылған ғылыми институттарда, зертханаларда және әлемдік академиялық рейтингтердің алғашқы 100 (жүз) қатарына кіретін жоғары оқу орындарында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
37.
Биоақпарат, молекулярлы биотехнология мен биоинженерия саласындағы маман (генетика, цитология, жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы)
«Биоинженерия мен биоақпарат» саласындағы ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе магистрі академиялық дәрежесінің; геномды диагностика, гендік инженерия, трансгеноз бен биотехнология әдістерін игеру бойынша біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; халықаралық танылған ғылыми институттарда немесе зертханаларда немесе жоғары оқу орындарында зерттеулерді жүргізуде, биологиялық объектілер, салыстырмалы геномикада компьютерлік талдаудың математикалық әдістері бойынша ақпараттың үлкен ауқымын өңдеу және кейіннен талдау жүргізуде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің, сондай-ақ алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеуде (мағынасы ашылған геномдар, биомолекулалардың кеңістікті құрылымдары, биологиялық объектілердің өзара іс-қимылы) жұмыс тәжірибесінің (осы тармақта жоғарыда аталған көлемде және талаптарда) болуы
38.
Агроөнеркәсіптік кешенді модельдеу жүйелерін мониторингтеу және цифрландыру саласындағы маман
Қазіргі заманғы геоақпараттық жүйелер және әртүрлі дереккөздерден алынатын ауқымды деректер саласындағы мамандығы бойынша біліктілікті растайтын халықаралық сертификаттарының; объектінің орналасқан жері туралы, географиялық және экологиялық ерекшеліктері, бедерінің пішіндері, топырақ, өсімдіктер, гидрология туралы деректерді жинау және талдау бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; қашықтықтан басқарылатын автоматтандырылған ауыл шаруашылығы құралымдарын құра білуі
39.
Автоматтандыру және басқару саласындағы маман
Ғылыми дәрежесі мен атағының, біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; табиғи ресурстарды, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің айналымын, жануарлар және өсімдіктер әлемінің қорғалуын, молаюы мен пайдаланылуын мониторингтеуді автоматтандырудың бақылау және басқару жүйелері мен құралдарын алгоритмдік, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді жасау мен қолдану бойынша; ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мониторингтеу бойынша, табиғи ресурстарды, автономды жүйелерді, адамды энергияны, материалдар мен ақпаратты алу, өңдеу, беру және пайдалану процесіне тікелей қатысудан ішінара немесе толық босататын технологиялық желілер мен процестерді пайдалану және қорғау саласында есеп жүргізу бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы
40.
Ауыл шаруашылығы машинасын жасау, техниканы GPS көмегімен басқару саласындағы маман
Ғылыми дәрежесі мен атағының, біліктілігін растайтын халықаралық танылған сертификатының; 3D модельдеуді пайдалану бойынша және ауыл шаруашылығы машиналарын жобалау мен жасау кезіндегі цифрлық бағдарламалық басқару, робот техникасын қолдану және GPS-басқарумен ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы

Қолданыстағы