Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил назначения стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан

Бұйрық · № 281 · қабылданған 04.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24327/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил назначения стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 281 ·04.05.2005
07.04.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил назначения стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 281 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил назначения стипендий, учрежденных Президентом Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
281
Қабылданған күні
04.05.2005
Көрсетілген редакция
07.04.2011 AI24327_2.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003668_
ЭКБ идентификаторы
24327
Редакция идентификаторы
AI24327_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:46

0 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1134 қаулысының 6-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі бекітілсін.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р.Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

0 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2005 жылғы 4 мамырдағы
N 281 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау тәртібін айқындайды.

2

2. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендия, тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқудағы және ғылыми зерттеулердегі жетістіктері дипломдармен (немесе басқа да құжаттармен) расталған, республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық ашқан, өнертабыстары мен Қазақстан Республикасының және шетелдердің орталық басылымдарындағы ғылыми мақалалардың авторлары болып табылатын, сондай-ақ білім беру ұйымының қоғамдық мәдени және спорт өміріне белсене араласатын жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылатын студенттерге 3 курстан бастап, аспиранттарға - бірінші оқу жылынан кейін беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы кезекті оқу жылына тағайындалады.

3 3. Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендия жоғары оқу орнының ректорының немесе ғылыми ұйым директорының бұйрығымен жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдары ғылыми кеңестерінің шешімдері негізінде тағайындалады.

4 4. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияларды тең жағдайда:

жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;
бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға басымдылықтар беріледі.

5 5. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендияны жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымдарының ғылыми кеңестерінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет беруге болады.

6 6. Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендиялары тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде ай сайын төленетін болады.

7 7. Жоғары оқу орындары немесе ғылыми ұйымдарының ғылыми кеңестерінің кері ұсынымдар қабылданған кезде стипендиат бойынша жоғары оқу орнының ректоры немесе ғылыми ұйымның директоры Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стипендиясын төлеуді тоқтату туралы бұйрық шығарады.

Қолданыстағы