Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах налогообложения отдельных организаций, осуществляющих деятельность в нефтехимической промышленности

Қаулы · № 590 · қабылданған 13.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24383/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах налогообложения отдельных организаций, осуществляющих деятельность в нефтехимической промышленности Күшін жойған Қаулы ·№ 590 ·13.06.2005
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах налогообложения отдельных организаций, осуществляющих деятельность в нефтехимической промышленности

Күшін жойған Қаулы ·№ 590 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах налогообложения отдельных организаций, осуществляющих деятельность в нефтехимической промышленности
Атауы (қаз.)
Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салудың кейбiр мәселелерi туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
590
Қабылданған күні
13.06.2005
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI24383_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000590_
ЭКБ идентификаторы
24383
Редакция идентификаторы
AI24383_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:37

0 Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын жекелеген ұйымдарға салық салудың кейбiр мәселелерi туралы

"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 119-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған:

1 1) мұнай-химия өнеркәсiбiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесi;

2 2) тiркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзiмі бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 13 маусымдағы
N 590 қаулысымен
бекiтiлген
Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесi

1

1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексі) сәйкес әзiрленген және Салық кодексiнiң 119-1-бабының 4-тармағына сәйкес мұнай-химия өнеркәсiбіндегi қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың корпорациялық табыс салығының сомасын жүз пайызға азайту туралы ережелердi бес жылдан астам мерзiмге қолданудың тәртiбiн белгілейдi.

2

2. Салық Кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн қолдануға өтiнiмдi мұнай-химия өнеркәсiбiндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрi - өтінiм беруші) мұнай-химия өнеркәсiбi саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi - уәкілеттi мемлекеттiк орган) жiбередi.

3 3. Өтінiм мына құжаттарды:

1 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтiнiштi;

2 2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариус куәландырған көшiрмесiн;

3 3) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариус куәландырған көшiрмесiн;

4 4) заңды тұлғаның жарғысының нотариус куәландырған көшiрмесiн;

5 5) мемлекеттiк қабылдау комиссиясының өндiрiстiк мақсаттағы объектiнi пайдалануға қабылдау туралы актiсiн;

6 6) заңды тұлға өндiрiстік мақсаттағы объектiлерге жасаған инвестицияларды растайтын құжаттарды қамтиды.

4 4. Уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3-тармағының талаптарына сәйкес жасалған өтінiмнiң Салық кодексiнiң 119-1-бабының талаптарына сәйкестігiн қарайды және өтiнiм берушіге өтінiм алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде жазбаша нысанда жауап жiбередi.

5 5. Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзiмi осы қаулымен белгiленедi.

6 6. Оң шешiм қабылданған жағдайда уәкiлетті мемлекеттік орган өтiнiм берушіге аумақтық салық органына беру үшiн бес жылдан астам мерзiмге корпорациялық табыс салығының сомасын жүз пайызға азайту туралы қорытынды бередi.

7 7. Терiс шешiм қабылданған жағдайда уәкiлетті мемлекеттiк орган өтiнiм берушіге шешiмдi негiздей отырып, жазбаша нысанда жауап жiбередi.

1 ӨТІНІШ

Мұнай-химия өнеркәсiбiндегi
қызметтi жүзеге асыратын
ұйымдарға салық салу кезiнде
Салық кодексiнiң 119-1-бабы
4-тармағының ережелерiн бес
жылдан астам мерзiмге қолдану
ережесiне қосымша
ӨТІНІШ
Жобаның Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң  119-1-бабының
4-талаптарына сәйкестiгiн анықтау бойынша және оң шешiм қабылданған
жағдайда, аталған баптың 4-тармағы ережелерiнiң қолданылу мерзiмiн
белгiлеу үшiн "заңды тұлғаның атауы" ______________________________
___________________________________________________________________
                         (жобаның атауы)
инвестициялық жобасы бойынша құжаттарды қарауға қабылдауды сұрайды.
      Инвестициялық жоба туралы ақпаратты хабарлаймыз:
      1. Жобаға қатысушылар
      2. Құрылатын өндірістің негізгі элементтерін сипаттаумен жобаның мақсаты мен мәні:
      күрделі жұмсалымның міндеттері және бағыттары;
      жоба бағдарланатын мұнай-химия өнімі және шикізат.
      3. Жобаның орналасқан жері
      4. Ұлттық және шетелдік валютада жобаны іске асырудың құны:
      құрылыс-монтаж жұмыстарының құны;
      негізгі жабдықтың құны (жеткізілім құнын көрсете отырып);
      көмекші жабдықтың құны (жеткізілім құнын көрсете отырып);
      жабдықты монтаждау мен іске қосудың құны;
      қарыз және өз қаражатының көлемі.
      5. Жобаны іске асырудың мерзімі мен кестесі.
      6. Өтінім беруші туралы жалпы мәліметтер:
Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы
Ме­кен-жайы
Бас­шы (аты-жөнi, те­ле­фо­ны)
Бас бух­гал­тер (аты-жөнi, те­ле­фо­ны)
Бай­ла­ны­сты­ра­тын адам (аты-жөнi, те­ле­фо­ны)
Банк­тік де­ректе­ме­лерi (е/ш, ва­лю­та шо­ты)
Осы өтінiшке мұнай-химия өнеркәсiбiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу кезiнде Салық кодексiнің 119-1-бабы 4-тармағының ережелерiн бес жылдан астам мерзiмге қолдану ережесiнiң 3-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берiледi.
Басшы                 (қолы)           (аты-жөнi)
      Бас бухгалтер         (қолы)           (аты-жөнi)

2 Тiркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзімі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 13 маусымдағы
N 590 қаулысымен
бекiтiлген
Тiркелген активтерге инвестициялардың көлеміне байланысты Салық кодексiнiң 119-1-бабы 4-тармағының қолданылу мерзімі
Р/с
N
Қыз­мет түрi­нің ата­уы,
Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тiң
жал­пы жiк­те­уі­ші­нің ко­ды
(ЭҚ­ЖЖ ко­ды)
Тiр­кел­ген ак­тив­тер­ге
ин­ве­сти­ци­я­лар­дың
кө­ле­мi, АЕК (млн.) 1
Қол­да-
ны­лу
мерзi­мi,
жыл 2
1
2
3
4
1
Мо­тор оты­нын қо­с­па­ған­да, бас­қа мұ­най өнiм­дерiн: бен­зин, ке­ро­син және т.с.с.; отын: же­ңіл ди­стил­лят оты­нын, ор­та ди­стил­лят оты­нын және ауыр ди­стил­лят (ди­зель­дiк) оты­нын өн­дi­ру, (23.20-дан).
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
2
Бас­қа да негiз­гi ор­га­ни­ка­лық (хи­ми­я­лық) заттек­тер­ді өн­дi­ру, (24.14)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
3
Ба­стап­қы ны­сан­дар­да­ғы пласт­мас­са­лар­ды шы­ға­ру, (24.16)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
4
Син­те­ти­ка­лық ка­у­чук өн­дi­ру, (24.17)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
5
Бо­я­у­лар және лак­тар шы­ға­ру, (24.3)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
6
Са­бын және жу­ғыш, та­зарт­қыш және жы­л­ты­рат­қыш заттар, пар­фю­мер­лiк және кос­ме­ти­ка­лық заттар шы­ға­ру, (24.5)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
7
Жа­сан­ды және син­те­ти­ка­лық тал­шық­тар шы­ға­ру, (24.7)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
8
Ре­зең­ке бұй­ым­дар­ды шы­ға­ру, (25.1)
5-тен жо­ға­ры 6-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
6-дан жо­ға­ры 7-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
7-ден жо­ға­ры 8-ге
дей­iн қо­са ал­ған­да
8-ден жо­ға­ры 9-ға
дей­iн қо­са ал­ған­да
10-нан жо­ға­ры
6
7
8
9
10
Ескертпе:

1 1. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы

заңмен белгіленетiн айлық есептiк көрсеткiш;

2 2. Мемлекеттiк қабылдау комиссияларының толық технологиялық

циклiмен өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға берген
күннен бастап.

Қолданыстағы