Құжат мәтініне өту

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации организаций цветной металлургии"

Бұйрық · № 227 · қабылданған 13.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24418/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации организаций цветной металлургии" Күшін жойған Бұйрық ·№ 227 ·13.05.2005
11.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации организаций цветной металлургии"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 227 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении санитарно-эпидемиологических правил и норм "Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации организаций цветной металлургии"
Атауы (қаз.)
"Түстi металлургия ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
13.05.2005
Көрсетілген редакция
11.08.2010 AI24418_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003674_
ЭКБ идентификаторы
24418
Редакция идентификаторы
AI24418_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 "Түстi металлургия ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берiлiп отырған "Түстi металлургия ұйымдарын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекiтiлсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдансын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.

5 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 "Түсті металлургия кәсіпорындарын қамтамасыз етуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2005 жылғы 13 мамырдағы
N 227 бұйрығымен
бекітілген
"Түсті металлургия кәсіпорындарын қамтамасыз етуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. "Түсті металлургия объектілерін қамтамасыз етуге және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (бұдан былай - санитарлық ережелер) жеке меншік түріне қарамастан ұйымдарға және жұмыстары түсті металлургия кәсіпорындарын жобалаумен, құрылыс тұрғызумен, қалпына келтірумен, пайдаға асырумен байланысты жеке тұлғаларға арналған.

2 2. Осы санитарлық ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1 1) түсті металлургия кәсіпорындары - кен шығару және байытумен, түсті металдар мен олардың құймаларын өндіру және өңдеумен айналысатын өнеркәсіп саласы;

2 2) кивцэтті құйма - металдарды бір агрегатта ала отырып, шихтаны күйдіру және еріту циклондық пеш пен еріту камерасында жүргізу процесі, ал келесі кезекте құйма шикізаттары (металдарды қалпына келтіру, айдау және конденсациялау) агрегаттың электротермиялық бөлігінде тарамдалады;

3 3) зумпф - су немесе гидроқоспаны жинауға арналған шоғырлаушы сыйымдылық;

4 4) конвертер - техникалық оттегімен, ауамен немесе басқа да тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы штейннан құрыш, мыс алуға арналған агрегат;

5 5) мульда - жинаушы машинаның пешіне шихтаны тиеуге арналған құйма құрыш қорап;

6 6) реторта - әртүрлі заттарды қыздыруға және айдауға арналған бұрып апаратын құбыры бар химиялық ыдыс;

7 7) фурма - металлургиялық агрегаттарға үрлеуге арналған қондырғы;

8 8) футеровка - жағу пештерінің, сыйымдылық құбырларының ішкі қорғаушы беті;

9 9) шликер - қорғасын тазартудың жанама шикізаты;

10 10) шток - механизм бөліктерін поршенмен байланыстыруға арналған қайта түсу қозғалысын жасайтын цилиндрлі стержень.

2 2. Өнеркәсіп алаңының аумағына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3 3. Түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіп алаңы іске қосылған құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан былай - ҚНЕ) сәйкес келуі тиіс.

4 4. Фтор тұздарын өндіретін және алтын шығару фабрикаларының бак аппаратурасы ашылатын өндірістік және көмекші ғимараттардың жел соғатын жағында ашық алаңдарда жерлерінен 25 м-ден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс.

5 5. Алюминий электролизі корпустарында жабық және жартылай жабық желдетілмейтін ауласы бар құрылысқа тыйым салынады.

6 6. Өнеркәсіп алаңының аумағында І және ІІ сыныптағы зияндылығы бар заттардан тұратын шикізат және радиоактивті заттар өндіруші ғимараттар мен құрылыстарда, сонымен қатар май және мазут қоймаларында өндірістік құбырларға ағатын өткізгіштері болуы керек.

3 3. Өндіріс ғимараттары мен құрылыстарына қойылатын талаптар

7 7. Өндіріс ғимараттары мен құрылыстарын көлемді-жоспарлық және конструктивті шешім қабылдау істеп тұрған ҚНЕ талаптарына сәйкес келуі тиіс.

8 8. Бөлінген зиянды заттарды ескере отырып, өндіріс учаскелерінің ошақталуын қамтамасыз ету және олардың бір-біріне әсері болмауы тиіс:

1

1) барлық өндірістерде - шикізат материалдарының қоймаларында; материалдарды бөлшектеу және ұсату учаскелерінде; күйдіру, қыздыру, біріктіру, агломерциялық, балқыту, гидрометаллургиялық, гидрохимиялық, электролиз, тазарту цехтарында; ерітінділерді даярлау және тазалау; реагенттерді даярлау және сақтау; электролитті фолтациялау және даярлау; ожауларды қырнау, қоюландыру, сүзгілеу, кептіру, өңдеу және жөндеу; балқыту пештерінің негізін жөндеу; алынатын жабдықтар мен алмалы-салмалы коммуникацияны тазалау және жуу бөлімдерінде; дайын өнімдерді өлшеп орау, буып-түю қоймаларында; өнеркәсіп ағындыларын залалсыздандыру; кептіру пештерін шаңды газды тазалау; вакуум-насостық бөлімдерде; өздігінен жүретін техника мен электрокарлар парктерінде; КИП, пульттық басқару орындарында; дем алу және тамақтану орындарында;

2

2) глинозем өндірісінде - кремниден тазалау, қызыл шламды жуу және қоюландыру, өндірістік гидратты қырнау, декомпозициялау, даярлау, каустикалық соданы цистернадан лап шығару, карбонизациялау, кальцинациялау, қотару; аппараттардың қақпақтарында және ыстық тік аппараттарының жоғарғы басындағы жұмыс аймақтарында;

3

3) Электролиттік тәсілмен алюминий өндіру - электролизерларды жалпы жөндеу, электролиздік өндірістің қатты қалдықтарын газды тазалау және қайта өңдеу ерітінділерінен фтор тұздарын регенерациялау цехтарында; электроқұюда; электролизерларды жалпы жөндеу цехтарында - электролизерларды демонтаждау, қалың массаны даярлау бөлімдерінде, пісіру: фтор тұздарын регенерациялау цехтарында - қырнау және кремнийден тазарту бөлімдерінде;

4 4) электродтық өнімдерді, анодтық массаны және күйген анодтарды өндіруде - пек даярлау, жасыл анодтарды араластыру-құю, күйдіру, анодтарды демонтаждау және монтаждау;

5 5) техникалық көміртегін өндіруде - ұстап қалу (тұту), қайта өңдеу, дайын өнімдерді буу, жинақтау бөлімдері, айналмалы резинокордты контейнерлерді тазарту және жөндеу учаскелері; тұту бөлімдерінің жеңдерін демонтаждау және монтаждау;

6 6) техникалық таза кремний өндірісінде - дайын өнімдерді өңдеу бөлімдері;

7 7) фтор қосындылары өндірісінде - пеш бөлімдері, еріткіш қышқылдарды мөлшерлеу, адсорбциялық тазарту және құю бөлімдері, тұздарды пісіру учаскелері;

8 8) екіншілік алюминий өндірісінде - алюминий жаңқаларын кептіру, флюстерді қалпына келтіру және дайындау, қалдықтарды сақтау бөлімдері;

9 9) мырыш өндірісінде - анодтар мен катодтарды дайындау процестері, дростарды өңдеу, иректі құбырларды жуу және дәнекерлеу;

10 10) мысты отпен тазарту - анодтық, вайербарстық, оттегісіз мыс алу бөлімдері;

11 11) мыс электролизі цехтарында - шлам өңдеу бөлімдері;

12

12) никель өндірісінде - брикеттеу, орау, файнштейнді бөлу, күкіртқышқылды никель алу процестері, анодтық, никельдің шала тотығын тотықсыздандыру, автоклавтық-химиялық бөлімдері, күкіртті пайдалану цехтары, сұйық күкірт қоймалары, ұнтақтау-араластыру және кептіру-престеу цехтарында - ыстық қоспаны, коллекторлар және циклондарды түсіру, қайтару торабы, брикеттік процестер учаскелері; балқыту цехтарында - конвертерлік қалдықтарды азайту процестері, конвертерлік және құю бөлімдері; күйдіру-қалпына келтіру цехтарында - шырақ қалдықтарын межесізендіру; гидрометаллургиялық цехтарда - түсті металдарды тұндыру бөлімдері; никелді электролитикалық тазалау цехтарында - көмекші материалдарды сақтау және өңдеу бөлмелері;

13 13) кобальт цехтарында - сынықтар мен қалдықтарды өңдеу процестері, хлорға арналған таратқыш қондырғылар;

14

14) карбонилді процеспен никель алу өндірісінде - никель карбонилін синтездеу, аршу, ыдырату, ұнтақпен өңдеу, көміртегі тотығын алу, газгольдерлер бөлімдері; аршып өңдеу бөлімінде - кубтық қалдықтарды, никель карбонилдері және кубтық қалдықтарына арналған ыдыстарды газсыздандыру; ұнтақтарды өңдеу бөлімдерінде - брикеттеу;

15 15) магний өндірісінде - магний мен оның қорытпаларын құю, суыту, қолданылған электролиттерді қайта өңдеу бөлімдері; магний-сынап қорытпаларын балқыту, магний-сынап қорытпаларының кесектерін қыздыру, оларды прокаттау, жинау және табақтарды кесу учаскелері;

16 16) алтынды бөліп алу кәсіпорындарында - амальгамациялық қайта балқытуды сорбциялау, регенерациялау, реторттық пештер, алтын тұнбаларын қышқылды өңдеу, шламдарды, реагенттері бар бөшкелерді дайындау бөлімдері;

17 17) платина мен платиноидтар алуда - шикізаттарды қабылдау және сынақтан өткізу, дайын өнімдерді қабылдау, әрбір металл үшін химиялық және электролитикалық процестер, ерітінділер мен ұнтақты өнімдерді құрамын байыту бөлімдері. Бөлімдердің әрқайсысының галереяға шығатын жеке есіктері болуы керек;

18 18) қалайы және оның негізіндегі қорытпалар өндірісі - қара қалайыны вакуумдық тазарту қондырғылары, пештердің индукторларын қуаттандыратын генераторлар; босатылып алынған алюминий және сурьма жиындыларын суыту және сақтау учаскелері.

9 9. Агломерациялық бөлімдерде: агломерациялық машиналардың артқы бөлігін агломерациялық корпустың барлық негізгі бөлмелерінен оқшаулау қажет; агломерациялық бөлімнің бөлмелері мен таспалардың бос жүрісі арасында торлы жабын қондырылмауы тиіс.

10

10. Карбонилді әдіспен никель өндірісінде барлық реакторлар, ректификациялық бағаналар, ыдыратқыштар никель карбонилін синтездеу, ректификациялау және ыдырату барысында галереяға шығатын сыртқы есігі бар жабық бөлмеде орналасуы қажет. Әрбір бөліктердің есігінде ауа тарайтын тұрақты қондырғыдан газге қарсы түтікшені қосатын штуцерлермен жабдықталады.

11 11. Жаңадан салынған ғимараттардың алюминий электролизі мен тазарту корпустарында ауаның табиғи ағымы төменнен электролизерлардың ұзына бойлап корпустың барлық ұзындығында болуын қамтамасыз етілуі тиіс.

12 12. Бөлмелердің айтарлықтай жылы төбелерінде сөнбейтін аэрациондық шамдар немесе шахталар қондырылуы керек.

13 13. Фторлы қосылыстар бөлетін өндіріс бөлмелердегі және фтор өндірісіне жақын орналасқан басқа цехтардағы жарық түсетін тесіктерді бітеу үшін фтордың әсеріне берік мөлдір материалдар қолданылуы керек.

14 14. Көп мөлшерде жылу және зиянды заттар бөлетін көп қабатты бөлімдердің жабындыларында (электродтық масса өндіруде, қара никель өндіруде балқыту бөлімдері) ашық тесіктер болған жағдайда әрбір қабаттың бөлек желдетілуін қамтамасыз ететін қондырғылар қарастырылады.

15 15. Магний электролизі корпусының ток және хлор өткізгіштері жабық емес жартылай үй асты бөлмелері, үйдің тереңдетілген учаскелері (транспортерлардың, сорғыштардың, жинағыштар жанындағы арнайы ойықтар) үнемі желдетіліп тұруы тиіс.

16 16. Сынап буының ауаға таралу қаупі бар бөлмелер сынаппен және оның қосындыларымен және сынап толтырылған құралдармен жұмыс істеуге арналған өндірістік және зертханалық орындарды жобалау, жабдықтау, пайдаланудың санитарлық ережелерінің талаптарын қанағаттандыруы қажет.

17

17. Өндіріс орындарында орналасқан үнемі қызметтегі жұмысшылар отыратын жабдықтарды қашықтықта бақылау және басқару пульттары қызметкерлердің жұмысы үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ететін қондырғылармен жабдықталған жабық орындарда немесе арнайы бөлмелерде жайғастырылады (шуды басу, кондиционерлік немесе таза ауа беру).

4 4. Технологиялық процестер мен жабдықтарға қойылатын талаптар

18 18. Тазартқыш қондырғылардан шаңдарды түсіру және оны тасымалдау механикаландырылып, шаңды болдырмауы қажет.

19 19. Құрал-жабдықтардың жабу және сору конструкциялары қызмет етуі мен жөндеуге қол жетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.

20 20. Реагенттерді дайындайтын және қолданатын жерлерде жергілікті сорғыштар болуы керек:

1 1) реагенттері бар тараларды ашу және қотару камераларынан;

2 2) реагенттерді, реакторларды және жинағыш чандарды қоректендірушілерден;

3 3) өнеркәсіптік ағындыларды залалсыздандыру бөлімдерінде залалсыздандыру аппаратурасынан.

21 21. Ерітінді күбілер мен жұмсалған бактарды тазарту және реагент ыдыстарын жуу механикаландырылған әдіспен жүргізілуі қажет; жуынды сулар өндірістік құбырларға ағуы керек.

22 22. Құрамында І-ІІІ класс қауіптіліктегі зиянды заттары бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгіш-престер мен вакуум-сүзгіштер жабындармен қамтамасыз етілуі керек.

23 23. Реагенттік және дренаждық бөлімдердің насостарын іске қосу жұмсалатын бактың және дренаждық зумпфенің деңгейіне байланысты автоматты орындалуы керек.

24 24. 1 және 11 класс қауіптігі бар заттарды залалсыздандыру аспирациямен, бақылау және қашықтықта басқару құралдарымен қамтамасыз етілген өтпейтін жабдықтарда іске асуы қажет.

25 25. Құрғақ концентраттарды түсіру, елеу, шикіқұрамдау процестері механикаландырылған болуы керек.

26

26. Ыстық агломераттарды суыту, ылғалдау және қайтару арнайы құрылғыларда жүргізілуі керек. Температураға және түсетін агломераттың мөлшеріне байланысты, ылғалдау үшін берілетін су автоматты түрде реттелуі тиіс. Салқындатқыштар ішінде пайда болған шаң мен бу жергілікті желдеткіштер арқылы сорылып, соңынан тазартылуы керек.

27 27. Агломерациондық машиналардың коллекторындағы технологиялық вакуумды пайдаланған кезде шаң жиналатын қаптан шаңның шығу қауіпі болғанда, қақпақшалар арқылы бұғаттауды қарастыру керек.

28 28. Агломератты тасу және қайтару үшін жабық транспорт қолданылады (виброконвейерлер, пневмотранспорт, жабық скипті көтергіштер т.б.).

29 29. Құйыстыратын агрегаттар механикалық шойын төсегіштермен жабдықталуы керек. Күйдіргіш пештердегі ыстық қалдықтар жабық түрде тасылуы керек.

30 30. Кендер мен концентраттар балқытатын электр пештерінен шығатын газдар тазартылуы қажет. Кендер мен концентраттар балқытатын пештердің жолдары мен температуралық тігістері өтпейтін болуы керек.

31 31. Шахта пештерін толтыратын құрылғылар пешке салу кезінде газ және шаң шығармауы керек.

32 32. Конвертерлер шаң жібермейтін жабындармен және металл қалдықтарын жинап, аластау үшін механикаландырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

33

33. Бак аппаратурасынан ерітінділерді беру және шығару құбырөткізгіштердің бойымен жүргізілуі қажет. Бак аппаратурасы ерітінділерді автоматты түрде жібермейтін құралдармен, төгілетін материалдарды механикаландырылған түрде төгетін қондырғылармен және жергілікті тиімді сорғыштармен жабдықталуы қажет; сонымен қатар қақпақтармен жабылуы тиіс.

34 34. Өндірістің барлық кезеңдерінде құрамында 1-111 класс қауіптегі зиянды заттар бар ерітінділерді жабық құбырлар арқылы тасымалдау керек. Мұндай ерітінділерді ашық ағызуға немесе науамен жіберуге болмайды.

35 35. Токсикалық заты бар құралдарды жөндеу алдында, оны босатып, бейтараптайтын затпен ішін жақсылап жуу керек.

36 36. Бак аппаратурасын, булайтын және құбырлы аппараттарды, автоклавтарды, реакторларды жуу механикаландырылып, жақсы желдетілуі керек.

37 37. Электролиздік ванналарға жергілікті желдеткіш қою керек. Судағы ерітінділер электролизінде арнайы көбіктендіргіштер қолданылуы керек.

38 38. Құбыр аралықтарындағы және мұздатқыштар қабырғаларындағы органикалық заттардан тазарту үшін күш түспейтін және тері мен жұмыс киіміне зиянды заттар жұқтырмайтын әдістерді пайдалану керек.

39 39. Барлық өздігінен жүретін машиналардың кабиналары жабық, ауаны зиянды заттардан тазартатын құрылғылармен жабдықталған болуы керек.

Машинадан шығатын дизельдік және карбюраторлық газдарды залалсыздандыру шараларын қарастыру керек.

40 40. Біріншілік алюминийді қайтадан құру және реконструкциялау өндірісінде жұмыс аймағындағы ауаға пекококстық композициялардан шайырлы заттардың бөлінуін жоятын электролизерларды қарастыру қажет.

41 41. Электролизерлардың барлық типтері жабынмен және жергілікті сорғыш желдеткіштермен қамтамасыз етілуі керек.

42 42. Екіншілік алюминий өндірісінде жабық вагондар мен автофургондардан алюминий жаңқалары мен ірі кесектерін түсіру және іріктейтін конвейерлерде кесектерді іріктеу процестері механикаландырылуы керек.

43 43. Алюминий жаңқаларын (зауыт ішіндегі) жабық транспортпен тасу керек.

44 44. Электроиндукциялық пештердің тигльдерін және құятын ожауларды жеке бөлмеде жөндеу керек.

45 45. Қорғасын өндірісінде қорғасын кесектерін құяр кездегі тазарту механикаландырылуы керек.

46 46. Горндарды, сифондарды, шлак терезелерін ашу, жабу, шахта пештерінің фурмдарын тазарту, қара қорғасынды аршу кезінде шликерлер мен күмісті көбіктерді алу процестері механикаландырылуы керек.

47 47. Мырыш өндірісінде мырыш шоқтарын сілтілеу және қойыртпақты қойылту процестері қашықтықтан басқарылуы керек.

48 48. Никельді металлургиялық өндіруде шахта пештерінің колошниктері су немесе ауамен салқындатылуы керек. Троллейкарщиктің жұмыс орны жылу сәулесінен экран арқылы қорғалуы керек.

49 49. Никелді электролитикалық тазартқанда және кобальт өндірісінде құрамында әсерлеспеген хлоры бар ерітіндіні сүзуге болмайды.

50 50. Негізгі процестер үшін тек өздігінен босатылатын герметикалы сүзгіштер қолданылады. Рамалы сүзгіш-прессорлар қондыруға болмайды.

51 51. Күкірт қышқылы мен оның ерітінділерін құралға беру (егер дозатордағы ерітіндінің концентрациясы 100 г/л-ден жоғары болса) стационарлық коммуникация бойынша жүргізілуі керек. Коммуникация герметикасы жүйелі түрде тексеріліп тұруы керек.

52 52. Катод ұяларын желімдеу орындары, оларды кептіру орындары жабындылармен және сорғыш желдеткіштермен жабдықталуы тиіс.

53 53. Цехтарда:

1 1) никель электролизі - никель негіздерін дайындау, тазарту бөлімдерінің барлық процестері, өңдеудің барлық түрлері және катодты никелді тасу, дайын өнімді буу;

2 2) кобальттық - гидробөлімдердегі барлық жұмыстар, майдалау, ұнтау және магниттік елеу, сындыру, футеровка және тауарлық кобальт тотығын ыдыстарға толтыру жұмыстар механикаландырылуы керек.

54 54. Карбонилді әдіспен таза никель алу өндірісінде:

1 1) Никель карбонилімен зертханаларда істелетін барлық жұмыстар және сынамалар тартқыш шкафтар ішінде орындалуы керек.

2 2) Реакторларды түсіретін жерде желдеткіштер болуы керек.

3 3) Өндірісте қолданылатын материалдарды түсіру, үю және никель ұнтақтарымен жұмыстар механикаландырылуы керек.

55 55. Молибден, вольфрам өндірістерінде:

1 1) Күкіртті натрийдің қолданылуымен ерітінділерді ауыр металдардан тазарту ауа кірмейтін жабық құралдарда жүргізіледі;

2 2) ұнтақтарды пластификаторлармен араластыру (глицерин, спирт) желдетілетін жабық жерде жүргізіледі.

56 56. Магний және оның қорытпалары өндірісінде электролизерлардағы анодтық жабынды тығыздау үшін құрғақ ұнтақтарды пайдалану керек.

57 57. Шламды ойып алу, хлор өткізгіштерді, пештердің көмейін, электролизерлардан жұмсалған электролиттерді алу жұмыстарын қолмен істеуге болмайды. Негізгі цех қораптарына жұмыстан өткен электролитті құюға болмайды.

58 58. Титан өндірісінде:

1 1) Жүйелі конденсациядағы хлоратордың ағу жүйесіне қышқылды суды жіберетін жекеше жүйесі болуы керек.

2 2) Тотықсыздандырғыш аппараттан хлорлы магнийді жергілікті желдеткіші бар тек құрғақ және жылы ожаулар мен қораптарға құяды.

3 3) Өнімдерді ванадий мен алюминийден тазарту үшін құрылғыға реагенттерді құю механикаландырылып, жергілікті тартқыштар жұмысы кезінде жүргізіледі.

4

4) Монтаж, демонтаж және тотықсыздандырғыш аппараттар мен вакуумдық дистилляцияны тазарту, реторттағы титанды губкаларды іріктеу, жергілікті тартқыштармен жабдықталған арнайы стендтерде жүргізіледі. Тасымалдау, аппараттарды қондыру, түсіру, титандық губкаларды іріктеу және ұнтау жұмыстарының бәрі механикаландырылуы керек.

59 59. Алтын алуда су айналымының тұйық циклінде сорбциондық-сүзгішсіз технологияны қолданған жөн.

60 60. Басты сынаманы талдау ауа жібермейтін жабық елеуіштерде жүргізілуі керек. Елеу жұмысы механикаландырылып, тартқыш шкаф ішінде орындалады.

61 61. Цианий пульпасын сүзетін фабрикаларды жобалау мен қайта құру кезінде вакуум-сүзгіштің автоматты басқарылуын қарастырған жөн.

62

62. Балқытылған цианийді ерітетін бөшкелер, агитаторлар, жұмысшылардың жиынтық бөшкелері, алтынсыздандырылған, айналмалы ерітінділер (сүзгіш рамкалармен қамтамасыз етілген түссіздендіретін бөшкелерден басқа), дискілі (шөміштік) цианий балқымаларын тыңайтқыштар қақпақтармен жабылып, механикалық тартқыш желдеткіштермен қосылуы керек.

63 63. Алтын құрамды өнімдерді өңдейтін пештердің механикалық тартқыш шкафтары және жылудан қорғайтын жабындары болуы керек, ал электр пештерінің одан басқа шудан және электр доғасының ашық сәулесінен қорғайтын қорғандары болуы керек.

64 64. Дренажды торлар мен колонкаларды тазарту механикаландырылған болуы керек.

65 65. Жуатын және қалпына келтіретін колонкалардың конструкциясында және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруда қарайтын терезелер болмау керек.

66 66. Тұндыратын электролизерлер (қайта тұндыратын) газ сорғышы бар кабина сияқты жабынмен жабдықталуы керек.

67 67. Сирек кездесетін металдар өндірісінде (бұдан былай СКМ):

1 1) СКМ-ды каскадтық бөлгенде жабынмен және жергілікті тазартумен жабдықталған тік экстрактының жабық типін қолданған жөн;

2 2) СКМ-ды иондық алмасумен бөлу үшін жүйені реагенттермен толтыру және ерітінділерді қотару автоматты орындалуы керек;

3 3) реакторлар мен тұндырғыштарға аммиякты ашық әдіспен жіберуге болмайды;

4 4) СКМ қосылыстарының тұнбасын механикалық аластау және оларды ауа жібермейтін коммуникация арқылы төсеніш үшін пештерге жіберетін құрылғымен жабдықталған дабыл сүзгіштерде сүзеді;

5 5) СКМ қосылыстары тұнбаларын нутчсүзгіштерден сүзу үшін олар ауа жібермейтін жабынмен және жергілікті сорғыштармен жабдықталған тұндырғыштардың ішінде орналасуы керек;

6 6) тұздар тұнбасын түсіру және нутчсүзгіштерді алу механикаландырылуы керек;

7 7) тұнбаларды алу және сүзгіш-престерді тазарту тұздарды механикалық түрде кетіретін және оларды одан әрі өңдеуге жіберетін арнайы құрылғыларда жүргізіледі;

8 8) СКМ хлорид ерітінділерін буландыру үшін қолданылатын реакторлар ауа жібермейтін жабық болуы керек;

9 9) СКМ тұздары ұнтақтарын салқын айналмалы пештерге салу керек. Бұл пештерге материалдарды салу, түсіру механикаландырылған және ауа жібермейтін жабық себетін құрылғымен жабдықталуы керек;

10 10) хлоридтерді кептіру механикалық тиеу, түсіру және жеке себетін құрылғылармен жабдықталған пештерде жүргізіледі;

11 11) дайын ұнтақтарды елеу күйдіру пештеріне түсіретін учаскелеріне және жинағыш-бункерлерге ауа жібермейтіндей мұқият қосылған ауа классификаторларында жүргізіледі;

12 12) классификатор жүйесіне ауа ағыны мен материалдар жүйе ішінде цех бөлмесінен шаңның түсуіне кедергі келтіретін теріс қысымның пайда болуын ескере отырып жіберіледі;

13 13) пештердің ойықтары ұнтағы бар тиглдерді пешке механикалық түрде беретін және жұмысшыларға сәуле әсерін жібермейтін камера-шлюздермен және жабық транспортерлармен жабдықталуы керек;

14 14) тиглдерді суыту үшін пештерден алу механикаландырылуы керек;

15 15) ұнтақтар суытатын жерлер жинағыш-бункерлерге тиглдерді өздігімен жіберетін құрылғымен жабдықталуы керек;

16 16) ұнтақтарды орташаландырғыштарға тиеу және түсіру тиейтін, түсіретін люктармен ауа жібермейтіндей қосылған жабық шнекті құрылғылар көмегімен орындалуы керек;

17 17) дайын ұнтақтарды өлшеу және буу автоматты дозаторлар мен буатын машиналардың көмегімен арнайы учаскелерде жүргізіледі.

5 5. Қоршаған орта ауасының параметрлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

68 68. Жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттарға бақылау келесі тізімдерге сәйкес жүргізіледі.

69

69. Цианиймен жұмыс істегенде және амальгамацияда, сорбция, десорбция, алтын алу фабрикаларында реагенттерді сақтау және дайындау бөлмелерінде, карбонилді әдіспен никель өндіруде, платиниодтер өндірісінде, қалайы өндірісінің тазарту цехтарында, автоматты приборлармен (газ анализаторлары т.б.), жұмыс орнындағы синил қышқылы, сынап, никель карбонилі, платиноидтар буы коэффициенттік мүмкіндік шегінен асқанда қосылатын сигнализация жүйесімен (дыбыстық, жарықтық) жабдықталуы қажет.

6 6. Жылуға, желдетуге және жарыққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

70 70. Өндірістік және қосалқы орындарды жылыту істеп тұрған стандарттар мен СанЕН талаптарына сәйкес келуі тиіс.

71 71. "Ылғалды" жұмыстар жүргізетін үйлерде жылудың салқын мерзімінде, сыртқы ауа температурасының қыстық есебіне және қақпаның ашылу ұзақтығына тәуелсіз, бес есе көбейтілген ыстық ауа жіберетін тамбурлар қарастырылуы керек.

72 72. Цех бөлмелерінен технологиялық мақсатта ауаны алу кезінде, қысқы уақытта оның көлемі жылытылған сыртқы ауа ағынымен толтырылуы керек.

73 73. Екі не одан да көп қабатты үйлердің желдетілуі жекеше, төменгі қатардан келетін зиянды заттарды есепке ала отырып жобаланады.

74 74. Өндіріс учаскелері сатылы жерлерде орналасқан тау бөктеріндегі ғимараттардың әрбір сатысында жеке желдеткіштері болуы керек.

75 75. Жазғы температурасы +28 о С және одан жоғары, салыстырмалы ылғалдылығы 50 пайыздан (бұдан былай - %) кем емес аудандарда орналасқан, ауа жылылығы айтарлықтай жоғары цехтарда, жылдың жылы кезеңдерінде қосалқы аэрациондық қуыстарда ауаның адиобатикалық салқындауын ұйымдастыру керек.

76 76. Аэраторды қолдануға жоғары температура аймағында (30 о С жоғары), техникалық себептермен сыртқы ауа жетпегенде рұқсат етіледі.

77 77. Бөлінетін газдар мөлшері уақытқа байланысты өзгеретін технологиялық агрегаттардан (электролизерлар, конвертерлар, сәуле шағылтқыш пештер т.б.) автоматты түрде реттелетін газ көлемінің өзгермелі сорылуымен жүзеге асырылуы керек.

78 78. Ерітінді және электролиттер бар барлық ыдыстар жергілікті тартқыш желдеткіштермен қамтамасыз етілуі керек. Олардан кететін ауаның көлемі технологиялық нормамен анықталады. Жұмыс пен тексеру қуыстары қиылысындағы ауаның жылдамдығы:

1 1) хлор немесе күкіртті газ бөлінгенде - 1,5 м/сек;

2 2) ерітінділер аэрозольдары мен күкірт қышқылы бөлінгенде - 1,0 м/сек-тан төмен болмауы керек.

79 79. Сүзгіш-престердің рамалы сүзгіштерінен ерітіндіні ағызатын науаларын қайырмалы қақпақпен жауып, оның астынан жергілікті желдеткіш орнату керек.

80 80. Бір мезгілде бу мен шаң шығатын жерлерде ылғалды шаң ұстағыштар орнату керек.

81

81. Майдалау, ұнтақтау, кептіру, елеу, өлшеу, шикізат компоненттерін араластыру құралдары, дайын шихта мен құрғақ материалдар үшін таспалы транспортерлар, сүзгіштер, ыдыстардағы балқытылған металдарды суландыру аймағы, суытқыштар, барабан-сөндіргіштер, ылғал шығаратын көздер, штейндік және шлактық науалар, таспалы тесіктер, ожаулар, миксерлердің технологиялық жабындары болуы керек. Оларда бөлінетін ауаның тазартылуы мен аспирация қарастырылуы керек. Табақтық, лотоктық, дабылды, шнектік т.б. қуаттандырғыштардың технологиялық жабдықтарындағы аспирациялық жүйелері ауа жолымен біріктірілген (тиеу жолдары арқылы) жабындармен қамтамасыз етілуі керек.

82 82. Ауа жолдарын, газ сорғыш өзектерін, пеш көмейлерін және тазарту құрылғыларын ауық-ауық механикалық тазартып, шаң мен шламды жою құрылғыларымен жабдықталуы керек.

83 83. Анодты масса цехтарында араластыру машиналары мен пекті балқытқыштар жергілікті сору желдеткіштерімен жабдықталуы қажет.

84

84. Екіншілік алюминий өндірісінде шикізатты кептіру құрылғыларындағы түсіретін және тиейтін жерлер, жаңқа, шлак және басқа сусымалы материалдарды түсіретін жерлер, пештер тиглдері мен құятын ожауларды жөндейтін стендтер, шлактарды қабылдайтын және сақтайтын алаңдар, кремний ұнтайтын жерлер, шағылыстыратын және электроиндукциялық пештердің технологиялық ойықтары, құятын машиналар жергілікті сорғыштармен жабдықталуы керек.

85 85. Техникалық көміртек өндірісінде текшелеп буатын машиналар ыдырауды автоматты бақылайтын жергілікті тартқыш желдеткіштермен жабдықталуы керек.

86 86. Қорғасын, мыс, никель, кобальт өндірісінде:

1

1) балқытудың барлық түрінде балқыту пештерінің балқытылған өнімдерді ағызатын науаларынан, тесіктерден, шлактық терезелерден, балқыту өнімдерін (штейндерді, шлактарды) құятын ожаулардан, шағылыстыратын және электротермиялық пештерге конвертерлік шлактарды құятын науалардан жергілікті тартқыш желдетулер қондырылуы керек;

2 2) материалдарды тасуға тағайындалған тюбельдерді тиейтін, түсіретін жерлер аспирациялануы керек;

3

3) электротермиялық пештердің күмбез үсті аймағынан, дистилляциялық пештердің реторттарынан, анодтарды, вейербарстарды суытатын ванналардан, тұрақты жуатын машиналардан, катодтарды ақырғы рет жуатын ванналардан, оттегінсіз мыс өндірісіндегі индукциондық өзекті электр пештерінің тиейтін тесіктерінен жергілікті сорғыштар орнатылуы керек;

4 4) КИП, пультпен басқару, демалыс бөлмелері, сынамаларға анализ жасайтын зертханалар ауамен толық қамтамасыз етілуі керек.

87 87. Никель өндірісінде төмендегілерден кететін жергілікті сору желдеткіштері қарастырылады:

1 1) дайын агломераттарды, сомдалған материалдарды конвейерге немесе теміржол вагондарына өздігінен түсірілетін жерінен;

2 2) конвертер шлактарын өңдейтін электр пештерінің тиейтін тесіктерінен, "КС" пештерінен, никель тотығын балқытатын доғал электр пештерінің тиейтін терезелерінен;

3 3) құятын машиналардан;

4 4) кендік термиялық пештердің күмбез үсті кеңістіктерінен және никель құрамдас материалдарды күйдіргеннен қалған қалдықтар мен никель тотығын түсіретін жерлерден.

88

88. Кюбельмен бірге файнштейнді құрғақ үгітетін домалақ диірменнің түсіретін тесігі, конвертерлер бұрылған кезде іске қосылатын аспирациялық жабынмен жабдықталуы қажет. Автоклавты процесс кезінде флотомашиналарға, классификаторларға, сүзгіш-престерге, електерге ауа сорғыштары бар жабындар қарастырылуы қажет.

89 89. Карбонилді әдіспен никель алу және кобальт өндірісінде:

1 1) синтездеу, ректификациялау, ыдырату, пісіру, өлшеп салу және балқыту бөлмелерінде сонымен бірге, компрессорлар мен насостар кабиналарында есік ашылған кезде 20 паскальға тітіркендіретін ағынды-сорғыш желдеткіштер орнатылуы керек;

2 2) никель карбонилінің буы шығатын бөлмелерде апат желдеткіштері болуы керек. Оның қосылуы газ анализаторларынан автоматты түрде жүргізіледі;

3 3) күкіртті газ алатын бөлмелердегі балқытқыш моншалар үстін тұтас жабатын 1,5-2 м/сек жылдамдықтағы жабындармен және екі зоналы жалпы көлемдік тартқыштармен қамтамасыз ету керек;

4

4) шаң шығатын көздердің бәрі (кобальт гидрототығын қыздыратын пештер, шихталарды жинайтын, ұнтайтын, ұсақтайтын және футеровкалар мен шлактарды магнитті елейтін, тауарлық кобалт тотығын ыдыстарға құйыстыратын жерлер, балқытқыш пештер маңы, кальцинирлинген соданы еріту үшін қолданылатын агитаторлар, қалдықтарды кюбельдерге салатын жерлер) жергілікті сорғыштармен жабдықталуы керек.

90 90. Молибден және вольврам өндірісінде:

1 1) аммоний парамолибдатын ұсақтайтын, кептіретін, тотықсыздандыратын, күйдіретін, елейтін, жарамсыз штабиктер мен тұнбаларды ұнтайтын бөлімдер бөлмелеріндегі жұмыс орнына ағынды ауа бірқалыпты берілуі тиіс;

2

2) электромагниттік елеу кезінде құйғыштарға кендерді салатын, күйдірілген кендерді түсіретін, біріктірілген кендерді пештерден алатын, сусымалы ұнтақ материалдарды елейтін және ыдыстарға салатын жерлер, сонымен бірге буландыратын бөшкелер тиімді тартқыш желдеткіштермен жабдықталған жабындармен қамтамасыз етілуі керек.

91 91. Магний және оның қорытпалары өндірісінде:

1 1) ағынды ауа тікелей жұмысшының жүретін жолдарына берілуі керек;

2 2) электролиз цехындағы жұмыс орнындары ағынды желдеткіштермен жабдықталуы қажет;

3 3) магний бөлінетін жерлерден жергілікті тартқыш желдеткіштермен сорылатын ауа міндетті түрде тазартылуы керек.

92 92. Титан өндірісінде:

1 1) хлорлайтын цехтардағы жалпы ауа алмасу механикалық желдеткіштер арқылы жүргізілуі керек. Жоғарғы аймақтағы ауаны тазарту үшін төменгі жағында механикалық басқарылатын қақпақшалары бар шахталар қондырылады;

2 2) кюбельдердің құрғақ конденсаторлармен құбырлы камералармен, жеңді сүзгіштермен қосылатын жерлері, жұмсалған қорытпаларды төгетін, пульпаларды түсіретін, қауіпті титанды құятын жерлер жергілікті сорғыштармен қамтамасыз етілуі керек;

3 3) алынбалы құрал-жабдықтар мен ажыратпалы коммуникацияларды тазартып, жуып-шаятын кабиналар тартқыш желдеткіштермен жабдықталуы керек.

93 93. Алтын алатын фабрикаларда:

1 1) желдеткіш жүйелермен ағынды ауа жұмыс аймағындағы тұрақты жұмыс орны мен жүретін жолдарға жіберілуі керек;

2 2) жабық бөшкелер мен цианды қайта өңдейтін аппараттардағы және тұнбаны қышқылмен өңдейтін бөшкелердегі ашық тесіктерден ауаның сорылу жылдамдығы 1,5 м/сек кем болмау керек;

3 3) Амальгама өңдейтін және сынапты құйыстыратын сорғыш шкафтар тесігінен өтетін ауаның жылдамдығы 2 м/сек кем болмау керек.

94 94. Жергілікті сорғыштар мыналарды қарастыруы тиіс:

1 1) реагент бөлімдеріндегі улы реагенттер ыдыстарын ашатын және төгетін камералардан;

2 2) өндіріс қалдықтарын залалсыздандыратын бөлімдердегі залалсыздандырғыш аппараттардан;

3 3) циан қорытпасын еріту үшін араластыратын бөшкелерден;

4 4) барлық ерітінділерді жинайтын бөшкелерден (жұмыстағы, алтыны алынған, айналымдағы), сүзгішпен қамтамасыз етілген тазартқыш бөшкелерден басқасы;

5 5) циан қорытпаларының дискілі қоректендіргіштерінен.

95 95. Электролиз сорбциясы мен регенерациясы бөлмелерінің және реагенттік цехтың кіретін есіктерінде желдеткіш құрылғылардың жұмысын хабарлайтын жарық сигналдар қондырылуы қажет.

96 96. Амальгамациялық бөлімдердегі тартқыш желдеткіштердің ауа жолдары сынап буының сорылуынан сақтандыратын жабындармен жабылуы керек. Амальгациондық диірмендер мен олардың подшлюзниктері механикалық сорғыштары бар сорғыш шкафтармен қамтамасыз етілуі керек.

97 97. Платина және платинаоидтар өндірісінде:

1

1) Негізгі технологиялық құрылғылар (шикізат қабылдайтын және орташалайтын (усреднение) машиналар, диірмендер, ұнтағыштар, реакторлар, сүзгіштер, тұндырғыштар, центрифугалар, пештер) желдету жылдамдығы тесіктерде 2 м/сек кем емес жергілікті сорғыштармен жабдықталуы керек. Желдің жылдамдығы зертханалық шкафтарда және камераларда 1.5 м/сек-тан кем болмауы керек.

2 2) Өндіріс бөлмелері мен құрал-жабдықтарды тазарту тек ағынды-тартқыш желдеткіштер жұмысқа қосылған кезде ғана жүргізіледі.

98 98. Қалайы мен оның қорытпалары өндірісінде кептіргіш барабандар тазартқыш қазандар, шлакты гранулдейтін жырақтар, сонымен бірге, шихтаны тиейтін және күйдіргіш пештерден күйдірілген материалдарды түсіретін жерлер сорғышы бар жабындармен қамтамасыз етілуі керек.

99 99. Сирек кездесетін металдар өндірісінде (бұдан былай - СКМ) жабындылардан шығатын механикалық сорғыштар қарастырылуы қажет:

1 1) СКМ ажырататын учаскелердегі экстракторлардан;

2 2) СКМ ерітетін резервуарлардан, тұздардың, оксалаттардың, карбонаттардың т.б. тұнбаларын алу үшін қолданылатын реакторлардан;

3 3) Сүзу учаскелеріндегі сүзгіштерден;

4 4) Хлорид ерітіндісін буландыратын реакторлардан;

5 5) СКМ тұздарын қыздыратын айналмалы пештердің тиейтін және түсіретін тесіктерінен, камерлі пештер тесіктерінен, ұнтақтарды кептіретін шкафтардан;

6 6) Металл тұздарын тиглдерге тиейтін және оларды түсіретін, дайын ұнтақтарды орташалайтын және ыдыстарға салатын жерлерден;

7 7) ұнтақтарды суытатын жерлерден.

СКМ ұнтағын тиглдерге тиейтін столдар ауаның төменнен сорылуымен қамтамасыз етілуі керек.

100 100. Жасанды және табиғи жарық ҚНЕ-нің талаптарына сәйкес келуі тиіс.

7 7. Шу мен дірілге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

111 111. Өндіріс бөлімдеріндегі жұмыс орындарында шудың деңгейі істеп тұрған стандарт талаптарына сәйкес келуі тиіс. Шуыл деңгейі 80 дБА-дан жоғары цехтарда (бөлімдерде) шу деңгейі 40 дБА-дан аспайтын дем алатын бөлме қарастырылуы керек.

112 112. Басқару құралдарындағы және технологиялық құралдардың, өздігінен жүретін машиналар, жүк тиейтін машиналар, крандар операторларының жұмыс орындарындағы діріл жылдамдығының орташа квадраттық мәні (немесе олардың лагорифмдік деңгейі) істеп тұрған стандарттың мәнінен аспауы тиіс.

8 8. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

113 113. Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге арналған шешінетін бөлмелерді механикалық жалпы алмастыратын ағымды-соратын желдеткішпен жабдықтау қажет (суық кездерде ауаның ағымын қыздыратын).

114 114. Киімілгіш үй-жайларында қосымша жабдық ретінде мыналар:

1 1) пленкалы дезинфекциялаушы препараттарды сақтауға арналған дәрі-дәрмек шкафтары (ауысымға дейін және одан кейін шағын жарақаттарды өңдеуге арналған), сондай-ақ табан терісі терлеуінің және тазқұрт ауруларының алдын алуға арналған дәрі-дәрмектер;

2 2) қорғаныш пасталар мен жуу құралдарына арналған арнайы дозатор-құрылғылар қарастырылуға тиіс.

115 115. Жуынатын орындарда едендер, қабырғалар және төбелерді жуғыш және залалсыздандырғыш құралдарды пайдалана отырып ыстық сумен жеңіл-желпі тазалап жуып отыру қарастырылады, сонымен қатар жуыну кабиналарынан қолданылған су ағып кетіп отыруы қажет.

116

116. Гидрометаллургиялық, реагенттік бөлімдерде, фтор тұздары өндірісіндегі күкіртқышқылдық және пеш бөлімдерінде, зертханалық бөлмелерде жұмыс орнынан 25 м-дей қашықтықта көз гидранттары мен қауіпті заттарды жедел жуу үшін автоматты қосылатын және медицина қызметкерлерін шақыратын сиренасы бар апат кезіндегі душтар қарастырылуы керек.

117 117. Барлық өндірістегі жұмысшылар үшін жұмыс кезінде дем алатын бөлмелер қарастырылады. Өндіріс бөлмелерінде тамақты сақтауға және тамақ ішуге тыйым салынады.

118 118. Глинозем өндірудің барлық негізгі технологиялық цехтарында арнайы киімді шаңнан тазалауға арналған үй-жайлар мен жабдық қарастырылуға тиіс.

119 119. Денсаулық пункттерінде олар теріге немесе көзге түскен кезде белсенді өндірістік заттарды бейтараптандыруға мүмкіндік беретін (зақымдалған жерді сумен жуғаннан кейін) инактиваторлар жинағы болуға тиіс.

120 120. Алтын алатын фабрикалардың цианды қайта өңдеу өндірістік үй-жайларында, сорбция, регенерация, реагентті ерітінділерді дайындау бөлімшелерінде цианға қарсы препараттармен жабдықталған шұғыл дәрігерге дейінгі көмек пункттері жабдықталуға тиіс.

121 121. Жұмысшылар арнайы киімдермен, аяқ киімдермен және жеке басын қорғайтын заттармен жұмыс істеу тиіс.

122

122. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылы 12 наурыздағы N 243 бұйрығына сәйкес барлық жұмысшылар жұмысқа кірерде және үнемі медициналық тексеруден өтуі тиіс, ол Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі N 2780 реестрінде тіркелген. Сонымен қатар, барлық жұмысшылар істеп тұрған НҚА-ге сәйкес кіріспе және біріншілік жұмыс орнында, қайталап, жоспардан тыс және көзделген нұсқаулар, жүйелі өндірістік нұсқаулар алып, техника қауіпсіздігі және улы заттармен жұмыс істеу кезінде жеке бастың гигиеналық шаралары жөнінде сынақтан өтулері тиіс.

1 Жұмыс аймағы ауасындағы зертханалық өндірістік бақылауға алынуға тиіс негізгі зиянды заттардың тізімі

"Түсті металлургия кәсіпорындарын
қамтамасыз етуге және
пайдалануға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-
эпидемиологиялық ережелері
мен нормаларына
қосымша
Жұмыс аймағы ауасындағы зертханалық өндірістік бақылауға алынуға тиіс негізгі зиянды заттардың тізімі
Өн­ді­ріс учас­ке­ле­рі
Зи­ян­ды заттар
Гли­но­зем өн­ді­рі­сі
Ши­кі­зат ма­те­ри­ал­да­ры­ның,
спек­тер, гли­но­зем­дер, сі­л­ті­лер, хром қо­сы­лы­ста­ры, кө­мір­те­гі то­тығ­ы­ның шаң-то­заң­да­ры, кү­кірт­ті ан­гид­ри­ді
Элек­трод ма­те­ри­ал­да­ры өн­ді­рі­сі
Кө­мір­тек ма­те­ри­ал­да­ры, тас­кө­мір шай­ы­ры мен пек­тер­ді ай­дау, бенз(а)пи­рин, кө­мір­тек то­тығы, кү­кірт­ті ан­гид­рид
Тех­ни­ка­лық кө­мір­те­гі өн­ді­рі­сі
Кө­мір бенз(а)пи­рен, кө­мір­те­гі то­тығы шаң­да­ры
Алю­ми­ний элек­тро­ли­зі цех­та­ры
Гли­но­зем құ­рам­дас шаң­дар, фтор­лы қо­сы­лы­стар, тас­кө­мір шай­ы­ры мен пек­тер­ді ай­дау, бенз(а)пи­рен, кө­мір­тек то­тығы
Элек­тро­ли­зер­лар­ды күр­де­лі жөн­деу цех­та­ры
Крем­не­зем құ­рам­дас, кө­мір­тек­ті шаң­дар, фтор­лы қо­сы­лы­стар, тас­кө­мір шай­ы­ры мен пек­тер­ді ай­дау, бенз(а)пи­рин, ам­ми­ак, азот то­тық­та­ры, кө­мір­тек то­тығы
Фтор­лы тұз­дар өн­ді­рі­сі
Фтор­лы қо­сы­лы­стар, сі­л­ті­лер, кү­кірт қыш­қы­лы
Екін­ші­лік алю­ми­ний өн­ді­рі­сі
Ших­та бө­лі­мі
Алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­ның шаң­да­ры
Кеп­ті­ру бө­лі­мі
Алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­ның шаң­да­ры,
май аэро­золь­да­ры және оның
жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­лық
де­струк­ци­я­лық өнім­де­рі,
ак­ро­ле­ин, кө­мір­тек то­тығы,
кү­кірт­ті ан­гид­рид
Бал­қы­ту бө­лі­мі
Алю­ми­ний қо­рыт­па­сы­ның шаң­да­ры,
май аэро­золь­да­ры және оның
жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­лық
өнім­де­рі, ак­ро­ле­ин, кө­мір­тек
то­тығы, кү­кірт­ті ан­гид­рид,
хлор­лы және фтор­лы су­тек­тер,
фтор­лы су­тек қыш­қы­лы­ның тұз­да­ры
Қор­ға­сын өн­ді­рі­сі
Ұн­тақ­тау-ших­та бө­лі­мі
Қор­ға­сын, мы­шьяк­ты ан­гид­рид
8.2. Аг­ло­мер­ция және бал­қы­ту бө­лі­мі
Қор­ға­сын, мы­шьяк­ты ан­гид­рид, кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы
Та­зар­ту бө­лі­мі
Қор­ға­сын, мы­шьяк­ты ан­гид­рид кү­кірт­ті ан­гид­рид, сі­л­ті
Мы­рыш өн­ді­рі­сі
Ұн­тақ­тау-ших­та бө­лі­мі
Қор­ға­сын
Ба­ра­бан­ды кеп­ті­ру бө­лі­мі
Цинк, қор­ға­сын, мыс
Күй­ді­ру және бал­қы­ту бө­лім­де­рі
Қор­ға­сын, цинк, мы­шьяк, кү­кірт­ті ан­гид­рид
Сі­л­ті­леу бө­лі­мі
Кү­кірт қыш­қы­лы­ның аэро­зо­лі, цинк суль­фа­ты фтор­лы және мы­шьяк­ты су­тек­тер
Ди­сти­ля­ция бө­лі­мі
Қор­ға­сын, цинк, кө­мір­тек то­тығы, хлор
Элек­тро­лиз бө­лі­мі
Кү­кірт қыш­қы­лы­ның аэро­зо­лі, цинк суль­фа­ты, тұз қыш­қы­лы
Га­з­ды ге­не­ра­тор бө­лі­мі
Кө­мір­тек то­тығы
Мыс өн­ді­рі­сі
Ше­кем­та­стар дай­ын­дай­тын ұн­тақ­тау-ших­та бө­лі­мі
Ши­кі­зат шаң­да­ры
Фло­та­ци­он­дық және ре­а­гент бө­лім­де­рі
Фло­то­ре­а­гент­тер
Ших­та­ны күй­ді­ре­тін және аг­ло­ме­ра­ци­я­лық бө­лім­дер
Мыс, қор­ға­сын, мы­шьяк­ты ан­гид­рид, мы­шьяк­ты су­тек, кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы
Ша­ғы­лы­спа­лы бал­қы­ту және штейн­ді кон­вер­тир­леу бө­лім­де­рі
Мыс, қор­ға­сын, цинк, бе­ри­лий, мы­шьяк­ты ан­гид­рид, кү­кірт­ті ан­гид­рид, мы­шьяк­ты су­тек, кү­кірт­ті су­тек, фтор­лы су­те­гі
Элек­тро­тер­ми­я­лық, от­те­гі­лік- өл­ше­улік  және кив­цент­тік бал­қы­ту бө­лім­де­рі
Мыс, қор­ға­сын, цинк, мы­шьяк­ты ан­гид­рид, мы­шьяк­ты су­тек, кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы
Мысты от­пен та­зар­ту бө­лі­мі
Мыс, қор­ға­сын, кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы
Элек­тро­лиз бө­лі­мі
Кү­кірт қыш­қы­лы, мыстың, ни­кел­дің кү­кірт­қыш­қыл­ды гид­ро­аэро­золь­дер
Ни­кель өн­ді­рі­сі
Ших­та және ұн­тақ­тау бө­лім­де­рі, қой­ма­лар
Шаң, крем­ний­дің бос қо­сто­тығы
Кеп­ті­ру-пре­стеу бө­лі­мі және аг­ло­фаб­ри­ка­да­ғы бө­лім­дер
Ни­кель қо­сы­лы­ста­ры­ның аэро­золь­де­рі, кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы, әк (из­весть)
Бал­қы­ту бө­лім­де­рі (кен­ді тер­ми­я­лық және шах­та­лық бал­қы­ту, штейн­дер­ді кон­вер­тир­леу)
Ни­кель қо­сы­лы­ста­ры­ның аэро­золь­де­рі, кө­мір­тек то­тығы, кү­кірт­ті және кү­кірт ан­ги­ди­рид­те­рі
Күй­ді­ру-то­тық­сыздан­ды­ру бө­лім­де­рі
Ни­кель қо­сы­лы­ста­ры­ның аэро­золь­де­рі, кү­кірт­ті және кү­кірт ан­гид­ри­ді, кө­мір­тек то­тығы, хлор
Ав­то­клав­тық-хи­ми­я­лық бө­лім
Ни­кель қо­сы­лы­ста­ры­ның аэро­золь­да­ры, кү­кірт­ті ан­гид­рид
Ни­кель элек­тро­ли­зі цехы
Ни­кель қо­сы­лы­ста­ры­ның аэро­золь­да­ры
Ко­бальт цех­та­ры­ның гид­ро бө­лі­мі
Ни­кель қо­сы­лы­ста­ры­ның аэро­золь­да­ры, хлор, су­да ері­гіш ко­бальт қо­сы­лы­ста­ры және кү­кірт­ті ан­гид­рид
Ко­бальт цехы­ның пи­ро­бө­лі­мі
Ко­бальт (то­тық­ты қо­сы­лы­стар)
Кар­бо­нил­ді про­цеспен ни­кель алу
Ни­кель кар­бо­ни­ді­нің аэро­золь­да­ры, кө­мір­тек то­тығы
Мо­либ­ден өн­ді­рі­сі
Ұн­тақ­тау-транс­порт бө­лі­мі, май­да­лау және жік­теу, сү­зу, кеп­ті­ру, кон­цен­трат­тар­ды буып-түю
Ши­кі­зат ша­ңы
Фло­то­ре­а­гент­тер бө­лі­мі
Кү­кірт­ті на­трий, кү­кірт­ті кө­мір­тек, кү­кірт­ті стек, про­пи­лен то­тығы, бу­тил спир­ті, ски­пи­дар, ке­ро­син, ми­не­рал­ды май­лар
Фло­та­ция, қо­ю­ла­ту және сү­зу бө­лім­де­рі
Ксан­то­ге­нат гид­ро­зо­лі, на­трий ме­та­си­ли­ка­ты, кү­кірт­ті на­трий, кү­кірт­ті су­те­гі, кү­кірт­ті кө­мір­тек, про­пи­лен то­тығы, бу­тил спир­ті, ми­не­рал­ды май­лар
Кон­цен­трат­тар­ды кеп­ті­ру бө­лі­мі
Кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­те­гі то­тығы, мо­либ­ден, мыс, се­лен, тел­лур аэро­золь­да­ры
КС пеш­те­рін­де кон­цен­трат­тар­ды күй­ді­ру бө­лі­мі және ай­нал­ма­лы пеш­тер­ден шы­ға­тын цик­лон­ды шаң­дар
Кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы, мо­либ­ден­нің, се­лен­нің, тел­лур­дың, крем­ний­дің қос то­тығ­ы­ның дез­ин­те­гра­ци­я­сы мен кон­ден­са­ци­я­сы­ның аэро­золь­да­ры
Күй­ік қал­ды­ғын сі­л­ті­леу және элк­тро­сүз­гіш­тер­ден шы­ға­тын цик­лон­дық шаң­дар, сүз­гіш, цен­три­фу­га учас­ке­ле­рі
Ам­ми­як, тұз қыш­қы­лы­ның буы, кү­кірт­ті ан­гид­рид, кү­кірт­ті су­тек
Мо­либ­дат ам­мо­ний­ді
па­ра­мо­либ­дат амо­ний­ға кри­ста­ли­за­ци­я­лай­тын, цен­три­фу­га­лау, ірі­ле­ту және өл­шеп түю учас­ке­ле­рі
Ам­ми­ак, тұз қыш­қы­лы­ның буы, кү­кірт­ті ан­гид­рид
Ам­мо­ний па­ра­мо­либ­да­тын
қы­зды­ру және мо­либ­ден то­тығ­ын
ме­тал­ға дей­ін то­тық­сыздан­ды­ру
Ам­ми­ак, кө­мір­тек то­тығы, мо­либ­ден аэро­золь­де­рі
Шта­бик­тер­ді пі­сі­ру учас­ке­ле­рі
Сі­л­ті аэро­золь­да­ры, мо­либ­ден
аэро­зо­лі
Пре­стеу учас­ке­сі
Ме­тал­ды мо­либ­ден
Воль­фрам өн­ді­рі­сі
Ұн­тақ­тау-ұсақ­тау бө­лім­де­рі
Ши­кі­зат, воль­фрам шаң­да­ры
Кен­дер­ді және со­да­ны пі­сі­ру
Сі­л­ті­лер мен воль­фрам аэро­золь­да­ры
Күй­ді­ру бө­лі­мі
Кү­кірт­ті ан­гид­рид, кө­мір­тек то­тығы, воль­фрам
Сі­л­ті­леу бө­лі­мі
Сі­л­ті­лер, тұз қыш­қы­лы, воль­фрам аэро­золь­да­ры, ам­ми­ак
Кеп­ті­ру және өл­шеп-түю бө­лім­де­рі
Воль­фрам
Воль­фрам ме­та­лын өн­ді­ру бө­лі­мі
Воль­фрам аэро­зо­лі
Маг­ний өн­ді­рі­сі
Кар­нал­лит­ті тү­сі­ре­тін учас­ке
Ши­кі­зат ша­ңы
Кар­нал­лит­ті су­сыздан­ды­ра­тын учас­ке
Тұз қыш­қы­лы
Элек­тро­лиз бө­лі­мі
Маг­ний, хлор, хлор­лы су­тек
Маг­ний-сы­нап қо­рыт­па­ла­рын ала­тын бө­лім
Маг­ний, сы­нап
Қо­ры­ты­л­ған про­кат­тық ли­ст­тер­ді үй­е­тін учас­ке
Сы­нап буы
Маг­ний-сы­нап қо­рыт­па­ла­рын
ке­се­тін және ме­ха­ни­ка­лық
өң­дей­тін учас­ке
Маг­ний, сы­нап буы
Ти­тан өн­ді­рі­сі
Ұн­тақ­тау-үгі­ту бө­лі­мі, ши­кі­зат қой­ма­ла­ры
Ши­кі­зат ша­ңы, ти­тан қо­сто­тығ­ы­ның аэро­зо­лі
Хлор­лау және төрт­хлор­лы ти­тан­ды та­зар­ту бө­лім­де­рі
Хлор, хлор­лы су­тек, фос­ген, төрт­хлор­лы ти­тан
То­тық­сыздан­ды­ру және ди­сти­ля­ция бө­лім­де­рі
Хлор­лы су­тек, хлор, төрт­хлор­лы ти­тан
Ти­тан губ­ка­ла­рын қа­ғу және өң­деу бө­лім­де­рі
Ти­тан аэро­зо­лі
Ал­тын алу фаб­ри­ка­ла­ры
Ұн­тау-транс­порт бө­лі­мі
Крем­ний­дің қо­сто­тығы
Тұн­ды­ру бө­лі­мі
Цинк
Ал­тын алу тех­но­ло­ги­я­сы­ның сорб­ци­я­лық және тұн­ба­лық бө­лі­мі
Ци­а­нид­ті су­тек
Ал­тын алу­дың амаль­га­ма­ци­он­дық тех­но­ло­ги­я­сы бө­лі­мі
Сы­нап буы
Ор­ны­на кел­ті­ру және элек­тро­лиз бө­лім­де­рі
Ци­а­нид­ті су­тек, қыш­қыл­дар буы, сі­л­ті­лер аэро­золь­да­ры, ам­ми­ак
Сурь­ма­лы, мы­шьяк­ты, суль­фид­ті кен­дер­ді аги­та­ци­я­лау, қой­ы­л­ту және гра­ви­та­ци­я­лық бай­ы­ту бө­лім­де­рі
Мы­шьяк­ты су­тек, кү­кірт­ті ан­гид­рид
Фло­та­ция бө­лі­мі
Кү­кірт­ті су­тек, кү­кірт­ті кө­мір­тек
Пла­ти­на және пла­ти­на­о­ид­тар өн­ді­рі­сі
Ши­кі­заттар­ды қа­был­дау және дай­ын­дау бө­лім­де­рі, дай­ын өнім­дер бө­лі­мі
Пла­т­ин­ді ме­тал­дар­дың шаң­да­ры
Гид­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық про­це­стер бө­лі­мі
Пла­т­ин­ді ме­тал­дар, ам­ми­ак, хлор, азот то­тығы, азот, тұз қыш­қыл­да­ры­ның бу­ла­ры
Пи­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық про­це­стер бө­лі­мі
Пла­т­ин­ді ме­тал­дар және олар­дың қо­сы­лы­ста­ры
Қа­лайы және оның қо­рыт­па­ла­рын өн­ді­ру
Кен кон­цен­трат­та­рын же­тіл­ді­ру және сі­л­ті­леу цех­та­ры
Қор­ға­сын, қа­лайы, кү­кірт және тұз қыш­қы­лы­ның, ке­ро­син­нің, ксан­то­ге­нат­тың бу­ла­ры, хлор­лы су­тек, кү­кірт­ті су­тек, та­би­ғи ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер­дің шаң­да­ры
Кеп­ті­ру бө­лі­мі
Кү­кірт­ті су­тек, кү­кірт­ті кө­мір­тек, төрт­хлор­лы кө­мір­тек, кө­мір­тек
Күй­ді­ру бө­лі­мі
Қор­ға­сын, крем­ний­дің
қо­сто­тығы, кү­кірт­ті газ, кө­мір­тек то­тығы, мы­шьяк, та­би­ғи ра­ди­ак­тив­ті эле­мент­тер ша­ңы
Түй­ір­шік­тер­ді жаю және кеп­ті­ру
Қор­ға­сын, қа­лайы, мы­шьяк то­тық­та­ры, крем­ний­дің қо­сто­тығы, кө­мір­тек то­тығы, мы­шьяк­ты кө­мір­тек
Бал­қы­ту бө­лі­мі
Крем­ний­дің қо­сто­тығы, қа­лайы, мы­шьяк, қор­ға­сын кон­де­са­ци­я­сы­ның аэро­золь­да­ры, азот то­тығы, мы­шьяк­ты су­тек, кө­мір­тек то­тығы, кү­кірт­ті су­тек, хлор, та­би­ғи ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер­дің ша­ңы
Фью­минг бө­лі­мі
Қа­лайы, крем­ний­дің қо­сто­тығы, та­би­ғи ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер­дің ша­ңы
Та­зар­ту (ра­фи­нир­леу) бө­лі­мі
Қор­ға­сын, мы­шьяк­ты және сурь­ма­лы су­тек­тер, та­би­ғи ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер­дің ша­ңы
Қал­дық қой­ма­сы
Кү­кірт­ті су­тек, кү­кірт­ті кө­мір­тек, кү­кірт қыш­қы­лы, та­би­ғи ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер­дің ша­ңы
Си­рек кез­де­се­тін ме­тал­дар өн­ді­рі­сі
Ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер қо­спа­сы бө­лі­мін­де
"Та­би­ғи ра­дио­ак­тив­ті эле­мент­тер­мен жұ­мыс іс­те­удің са­ни­тар­лық ере­же­ле­рі" және "Ра­ди­ак­тив­ті заттар және бас­қа ион­да­у­шы сәу­ле­лер кө­зі­мен жұ­мыс іс­те­уде­гі негіз­гі ере­же­ле­рін" же­тек­ші­лік­ке ала оты­рып, ра­ди­а­ци­я­лық ба­қы­лау жүр­гі­зу
РЗМ кас­кад­ты бө­лім­де­рі
Три­бу­тил­фос­фат, азот қыш­қы­лы­ның бу­ла­ры
Еле­у­ге, ших­та­ла­у­ға және ұн­тақ­тар­ды өл­шеп бу­у­ға бай­ла­ны­сты бар­лық жұ­мыстар, со­ны­мен бір­ге ти­еу-тү­сі­ру жұ­мыста­ры
РЗМ шаң­да­ры
Гид­ро­ме­тал­лур­ги­я­лық және
гид­ро­хи­ми­я­лық про­це­стер цех­та­ры
Ам­ми­ак, азот то­тығы, азот және
тұз қыш­қыл­да­ры­ның бу­ла­ры, хлор, фтор­лы су­те­гі
Си­рек кез­де­се­тін ме­тал­дар фто­ри­дын алу бө­лі­мі
Фтор­лы су­те­гі

Қолданыстағы