О реализации зерна, закупленного в государственные ресурсы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реализации зерна, закупленного в государственные ресурсы
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықты сату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 339
- Қабылданған күні
- 30.03.1999
- Көрсетілген редакция
- 28.04.1999 AI2443_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990000339_
- ЭКБ идентификаторы
- 2443
- Редакция идентификаторы
- AI2443_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:16
0 Мемлекеттік ресурстарға сатып алынған астықты сату туралы
"Астық сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 35, 319-құжат) көзделген астықты сатып алуға бағытталған қаражатты қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына және Ведомствоаралық комиссияның шешімінің негізінде 1997/1998 жылғы егіннің астығын сатып алуға қатысқан астық компанияларына, 1999 жылдың 1 сәуірінен, жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес мемлекеттік ресурстарға сатып алған астықты сатуды бастауға рұқсат етілсін.
1-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Мемлекеттік кіріс министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігімен бірлесіп екі апта мерзімде, қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, астық бағасына демпингті болдырмау жөнінде келісілген шараларды әзірлесін.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нің 1999.04.29. N 507.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан
Республикасындағы астық қорының есебін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Ж.С.Кәрібжановқа
жүктелсін.