Құжат мәтініне өту

Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы

Қаулы · № 206 · қабылданған 13.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24515/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 206 ·13.05.2005
27.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 206 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы
Атауы (қаз.)
Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
206
Қабылданған күні
13.05.2005
Көрсетілген редакция
27.05.2016 · қолданыстағы 24515_247869.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05GB000010
ЭКБ идентификаторы
24515
Редакция идентификаторы
24515_247869
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдардың сатылуы туралы

Эротикалық мазмұндағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатуды реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Эротикалық мазмұндағы материал жариялайтын мерзімді басылымдарды бөлшек саудада сатудың ережесі бекітілсін.

1.1 Эротикалық сипаттағы материалдары бар басылымдар "Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 106, Байзақ аудандық байланыс "Пошта" торабы мекемесінде сатылады".

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Ә. Қилыбаевқа жүктелсін.

3 Байзақ ауданы әкімдігінің

2005 жылғы 13 мамырдағы
Эротикалық мазмұндағы материалдар
жариялайтын мерзімді басылымдардың
сатылуы туралы
№ 206 қаулысымен бекітілген
Эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарды бөлшек саудада сату ережесі.

1 1. Жалпы ережелер.

1 1) Осы ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" Заңдарына сәйкес жасалынған.

2 2) Осы ереже заңды және жеке тұлғалардың эротикалық мазмұндағы материалды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасын реттейді.

3 3) Қазақстан Республикасы "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 1-бабындағы 14-тармағына сәйкес тұтас алғанда және үнемі секске әуестенушілікті қаузайтын баспасөз басылым немесе телерадио бағдарламалары эротикалық сипаттағы өнімдер болып саналады.

2 2. Эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін сату.

4 4) Эротикалық сипаттағы материалдарды бар басылымдар тек қана жергілікті атқарушы органдардың арнайы шешімімен анықталған әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатылады.

5 5) Эротикалық басылымның әр данасы мөлдір ораммен буып-түйілген болуы керек.

6 6) Бөлшек сауда ұйымдары, меншік нысанына қарамастан эротикалық сипаттағы баспа өнімдерін таратқаны үшін белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

7 7) Кәмелет жасына толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын баспа өнімдерінің саудасын жасауға жол берілмесін.

3 3. Осы тәртіптің сақталуына бақылау және жауапкершілік

8 8) Эротикалық сипаттағы материалдар жарияланатын мерзімді баспасөз өнімдерінің бөлшек саудасы туралы ережені бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылықтарына сай жауапкершілікке тартылады.

9 9) Осы ереже талаптарының сақталуына бақылауды өкілетті органдар жүзеге асырады.

Қолданыстағы