Ақтоғай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы тотенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы № 156-II «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған Ақтоғай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік Ережелері бекітілсін.
Ақтоғай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік Ережелері туралы от 07.06.2005 г. № 6/15 (Ақтоғай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік Ережелері туралы)
Ақтоғай аудандық мәслихатының
(3 сайланған 15 сессия) 2005 жылғы
7 маусымдағы № 6/15 «Ақтоғай
ауданының аумағында табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар кезіндегі қоғамдық тәртіп
пен қаупсіздік ережелері туралы»
шешімімен бекітілген
Ақтоғай ауданының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жайғдайлар кезіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік Ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы «Әкімшілік құқық бұзышылақтар туралы» Кодексінің, және олардың нормативтік талаптарының негізінде әзірленген, халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерде төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуй мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер селкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи, өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар;
3) төтенше жағдай аймағы – төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ауқымына қарай:
объектілік (зардаптардың таралуы қокдырғы, цех, объетімен шектелген);
жергілікті (зардаптардың таралуы пункт, аудан, облыспен шектелген); болып бөлінеді;
4) авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы;
5) зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
2. Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізушы объектілерді қорғаудың негізгі принциптері
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізушы объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
1) жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отрарған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдың алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
2) егер ұйымдар мен азаматтардың қызметі ықтимал қауіп туғызатын болса, оның қатер төндіру және зиян келтіру денгеін алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдістеріне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;
3. Ұйымдардың міндеттері
3. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
1) өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қаупсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;
2) төтенше жағдайлардың пайда болуы туралы белгіленген тәртіппен ақпарат беріп отыруға, қызметкерлер мен халықты бұл жөнінде хабардар етуге;
3) қызметкерлерге төтенше жағдайлар кезінде әскерилендірілмеген құрылымдар құрамында қорғану және әрекет ету әдістерін үйретуге, төтенше жағдайлар туралы хабардар ететін жергілікті жүйе құрып, оны үнемі әзірлікте ұстауға;
4) Ұйымдардың басшылары төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралардың, арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың міндетті күші бар ңұсқамаларының орындалуына дербес жауап береді.
4. Халықтың құқықтары мен міндеттері
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
1) Қазақстан Республикасы аумағындағы белгілі бір жерлерде болғанда өздері душар болуы мүмкін қатер туралы және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы хабардар болуға;
2) азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлардың және олар тигізетін зардаптардан қорғау мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей жүгінуге, жеке және ұжымды үндеулер жолдауға;
3) төтенше жағдайладың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларға қатысуға, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын, азаматтарды қорғауға арналған басқа да мүлікті пайдалануға;
4) төтенше жағдайлар пайда ретте өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға;
5) төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығы мен мүлкіне келтірген залады өтеуге құқығы бар.
6. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
1) Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар және азаматтарды, қоршаған орта мен шаруашылық жүргізуші объектілерді олардан қорғау саласындағы заңдарын сақтауға;
2) Төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін авария, зілзала және апат жайында тиісті органдарды хабардар етуге;
3) Төтенше жағдайларды жою жөнінде өткізілетін оқу – жаттығуларға қатысуға, халықты, ұоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау құралдарына ұқыпты қарауға міндетті.
5. Қорғану шаралары
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуін, шығындар мен залады мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:
1) сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;
2) гидротехникалық және инженерлік-геологиялық қорғану шаралары;
3) көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлікте төтенше жағдайларды болғызбау үшін коммуникациялар жүйелерін жетілдіру;
4) қауіпті өндірістік объектілердегі қорғану шаралары;
5) өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсімдіктері мен ормандарың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;
6) арнайы уәкілдік берілген органдардың міндетті күші бар ңүсқамаларында көздеген басқа да шаралар;
6. Жауапкершілік
11. Осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қантардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 362, 363 баптарына сәйкес жауапкершілікке тарту қарастырылған.
7. Қорытынды қағидалар
12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер заңнамен белгілінген тәртіп бойынша шешіледі.