Об утверждении Правил разработки физическими и юридическими лицами проектов нормативов обращения с отходами и представления их на утверждение в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил разработки физическими и юридическими лицами проектов нормативов обращения с отходами и представления их на утверждение в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 164-п
- Қабылданған күні
- 24.05.2005
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2010 AI24534_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003686_
- ЭКБ идентификаторы
- 24534
- Редакция идентификаторы
- AI24534_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:42
0 Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62-2-бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелері бекітілсін.
2
2. "Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті органда бекіту Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2005 жылғы 18 наурыздағы 104-ө бұйрығы жойылсын.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.
____________________________________________
Іске, АОҚОҚБ-на, ЭСТРД-не жіберілсін
0 Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда бекіту ережесі
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің міндетін атқарушы
2005 жылғы 24 мамырдағы
N 164-ө бұйрығымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда бекіту ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Жеке және заңды тұлғалар әзірлеген қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобаларын және оларды Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда бекіту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 62-2 бабы 1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2 2. Ереже Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және оның аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларында қалдықтармен жұмыс істеу нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді.
3
3. Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері жобалары (бұдан әрі - ҚЖН) қалдықтар пайда болатын жұмыс істеу процесінде кәсіпорындар-табиғат пайдаланушылар үшін және қолданыстағы Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органымен қаралады.