Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания инжиниринговых услуг в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 635
- Қабылданған күні
- 27.06.2005
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI24543_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000635_
- ЭКБ идентификаторы
- 24543
- Редакция идентификаторы
- AI24543_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:35
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтік қызметтер көрсету ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2005 жылғы 27 маусымдағы
N 635 қаулысымен
бекiтiлген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласында инжинирингтiк қызметтер көрсету ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және құрылысқа дайындықты және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ететiн қызметтер кешенiн көрсету тәртiбiн регламенттейдi.
2 2. Осы Ережеде Заңмен белгiленген ұғымдар қолданылады.
3 3. Инжинирингтiк қызметтер жобалау-сметалық құжаттамада осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен қаржыландырылады және оларды бюджет қаражатынан қаржыландырылатын объектiлер бойынша мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тапсырыс берушi конкурстық негiзде сатып алады.
2 2. Инжинирингтiк қызметтердi ұйымдастыру
4
4. Тапсырыс беруші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына арналған тиісті аттестаты бар сарапшыны (бұдан әрі - сарапшы) не өзінің құрамында аттестатталған сарапшылары бар ұйымды (бұдан әрі - ұйым) тартқан кезде осы Ережені, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін және инжинирингтік қызметтер көрсету туралы шарт талаптарын басшылыққа алады.
5 5. Ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен жағдайда ұйым шартқа қол қойылғаннан кейін техникалық және авторлық қадағалау және жобаны басқару үшін өзі құрған ұйымдық құрылымды, сондай-ақ ұйымның атынан жобаны басқаратын кандидатураны тапсырыс берушіге келісуге ұсынады.
6 6. Ұйым тапсырыс берушіге тікелей инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың тізімін, олардың-міндеттері мен өкілеттіктерін жазбаша түрде ұсынады.
3 3. Инжинирингтiк қызметтер көрсету
7 7. Сарапшы не ұйым инжинирингтік қызметтер көрсеткен кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1 1) мердiгерлiк сауда-саттыққа қатысушылардың бiлiктiлiгiн анықтау және олардың ұсыныстарын бағалау кезiнде тапсырыс берушiге жәрдемдесу;
2 2) тапсырыс берушi мен мердiгер арасындағы мердiгерлiк шартты дайындау процесiне қатысу;
3 3) тапсырыс берушiнiң техникалық өкілi ретiнде құрылыс объектiлерiнде тапсырыс берушінiң мүддесiн бiлдiру және қорғау;
4 4) техникалық шарттарды, өлшеу жүргiзудiң уақтылы және дұрыс ресiмдеудi қамтамасыз ету және құрылыс алаңын уақтылы беру;
5 5) мердiгер жүргiзетiн құрылыс-монтаждау және жол-құрылыс жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасына толық сәйкес келуiн, объектiлердi салуды, қайта жаңартуды және күрделі жөндеуді техникалық қадағалауды қамтамасыз ету;
6 6) мердiгердiң құрылыс алаңдарында техникалық қауiпсiздiк, еңбектi қорғау және қоршаған ортаны қорғау ережелерiн сақтауын қамтамасыз ету;
7
7) объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдардың сапасын бақылау, оларды стандарттарға және Қазақстан Республикасында қолданыстағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес зертханалық сынауды ұйымдастыру және сапаны растайтын құжаттардың болуын (техникалық паспорт, сертификат, зертханалық сынау және т.б.) тексеру;