Құжат мәтініне өту

О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны

Өзге акт · № 143/18-III · қабылданған 26.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24547/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны Күшін жойған Өзге акт ·№ 143/18-III ·26.05.2005
27.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны

Күшін жойған Өзге акт ·№ 143/18-III · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Перечне категорий граждан, нуждающихся в оказании социальной помощи за счет средств бюджета города Астаны
Атауы (қаз.)
Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
143/18-III
Қабылданған күні
26.05.2005
Көрсетілген редакция
27.06.2014 AI24547_16.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05A000395_
ЭКБ идентификаторы
24547
Редакция идентификаторы
AI24547_16
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:41

0 Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтарға алдағы уақытта көмек көрсету мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының ТІЗІМІ

1. Қоса берiлiп отырған Астана қаласының бюджетi қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тiзбесi бекiтiлсiн.
Астана қаласының
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы
Келісілді:
Астана қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
департаментінің директоры
Астана қаласы мәслихатының
2005 жылғы 26 мамырдағы
N 143/18-III шешiмiмен
бекiтiлген
Астана қаласы бюджетiнiң қаражаттары есебiнен әлеуметтiк көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының ТІЗІМІ

1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi.

2 2. Жеңiлдiктерi мен кепiлдiктерi бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестiрiлген тұлғалар.

3 3. Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес тылда жұмыс iстеген және бұрынғы КСР Одағының ерен еңбегi үшiн алқалары мен ордендерiмен марапатталмаған тұлғалар.

4 4. 1, 2, 3 топтардағы мүгедектерi.

5 5. Он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар.

6 6. Жасы және еңбек өткерген жылдар бойынша зейнеткерлер.

7 7. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 196/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

8 8. Қазақстан Республикасының алдында ерекше қызметтерi үшiн зейнетақы алушылар.

9 9. Төрт және одан да көп 18 жасқа дейiнгi балалары бар көпбалалы отбасылар.

10 10. Қаланың қамқорлық, балалар үйiнiң түлектерi.

11 11. Жалғыз ата-анасынан немесе ата-анасының екеуiнен айырылған жетiм балалар.

12 12. Жұмыссыз азаматтар.

13 13. Табыс жиынтығы азық-түлік себетінің құнынан төмен аз қамтылған азаматтар.

14 14. Саяси қуғын-сүргiн құрбандары.

15 15. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын иеленген азаматтар.

16 16. "Астана қаласының түберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтар.

17 17. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар.

18 18. «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

Қолданыстағы