Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона
Қолданыста
Қаулы
№ 177
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона
- Атауы (қаз.)
- Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 09.06.2005
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2005
- Көрсетілген редакция
- 09.06.2005 24562_354561.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.06.2005
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05NR000006
- ЭКБ идентификаторы
- 24562
- Редакция идентификаторы
- 24562_354561
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:37
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Халықты жұмыспен қамту бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережесіне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймак шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы
Әкімдіктің
2005 жылғы қаулысымен
бекітілген
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймак шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұскаулықта пайдаланатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті уәкілетті органы - «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларының бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2) арыз беруші - әлеуметтік көмек алуға талап ететін тұлға.
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлау, тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймак шегіндегі оқу орнына баратын жолға арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) төлеу жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жұмыссыздың оқу уақыты аяқталғаннан бір айдан кем емес уақыты өткенінен кейін арыз берушіге әлеуметтік көмек төленеді.
Жергілікті уәкілетті органы азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жұмыссыздың оқу уақыты аяқталғаннан бір айдан кем емес уақыты өткенінен кейін арыз берушіге әлеуметтік көмек төленеді.
Жергілікті уәкілетті органы азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Жергілікті уәкілетті органда ресми тіркелген жұмыссыздардың және кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған жұмыссыздардың, белгіленген заңнамалық тәртіпте конкурс жеңімпаздарының әлеуметтік көмек алуға құқықтары бар болады.
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
4. Әлеуметтік көмек алуға үміткер жергілікті уәкілетті органға жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
5. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
3. Қажет құжаттар тізбесі
6. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті түрде қажет кұжаттар:
1) орналасқан жері бойынша банктегі жеке шотының нөмірі көрсетілген әлеуметтік көмек көрсету туралы жазбаша өтініші;
2) арыз берушіні куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) арыз беруші жұмыссыз ретінде ресми тіркелгенін растайтын жергілікті уәкілетті органы кұжатының көшірмесі;
4) жұмыссызға берілген, жергілікті уәкілетті орган кәсіби оқуға бағыттаған құжаттың көшірмесі. Бағыттаған құжатта жұмыссыздың толық аты-жөні, тегі, білім беру ұйымның атауы және алынатын маманы көрсетіледі. Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол койған лауазым иесінің аты-жөні толық көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты түлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады;
5) кәсіби даярлауға, біліктіліғін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған жұмыссыз бен жергілікті уәкілетті орган аралығында жасалған келісім - шарттың көшірмесі;
6) дәрігерлік куәландыруден өту туралы емдеу мекемесі аныктамасының көшірмесі және өту туралы төлеу бойынша төлем құжаты;
7) теміржол жолаушы көлігі (таксиден басқа) келетін стансаға дейіңгі жол құжаттары немесе уәкілетті тұлға қол қойған және мөрбен расталған (оқу басталғанына дейінгі күндерінде) жол құны туралы көрсетілген тасымалдау түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасы.
7. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажет құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері жергілікті уәкілетті органға салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.
4. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
8. Жергілікті уәкілетті органы әлеуметтік көмек тағайындау, арыз беруші арызымен қоса барлық қүжаттарын тапсырғаннан кейін он күн ішінде береді. Тағайындаудан бас тартқан жағдайда, арыз иесіне жазбаша хабарланады.
Әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тартқан жағдайда шешімде жергілікті уәкілетті органның басшысы қол қояды.
9. Қажет құжаттар болмаса әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері
10. Шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек мына мөлшерінде көрсетіледі:
1) тұру үшін - айына бір айлық есеп көрсеткіші.
Тұру үшін шығынды өтеуге әлеуметтік көмек кәсіби оқуға бағытталған тек қаладан тыс жұмыссыздарға көрсетіледі.
Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған қаладан тыс жұмыссыздар болып, білім беру мекеме орналасқан елден тыс тұратын, тұлғалар есептеледі;
Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған қаладан тыс жұмыссыздар болып, білім беру мекеме орналасқан елден тыс тұратын, тұлғалар есептеледі;
2) оқу орнына бару үшін - шығыны көрсетілген құжаттарын ұсынған жағдайда көрсетіледі;
3) тамақтану үшін - айына екі айлык есеп көрсеткіші.
11. Дәрігерлік куәландыру жөніндегі шығынды өтеу үшін әлеуметтік көмек мөлшері - осы нұскаулықтың 6-тармағы 6) тармақшасында көрсетілген құжатпен расталған зерттеудің толық құны.
6. Әлеуметтік көмекті төлеу
12. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
13. Тамақтану, тұру және оқу орнына бару үшін шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек, оқу аяқталғаннан кейін немесе ай сайын оқу басталғанынан бастап, білім беру мекемесі ұсынған қатысу табелі негізінде жүзеге асырылады.
Дәрігерлік куәландыру үшін шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек, осы нұсқаулықтың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ай ішінде қажетті құжаттар ұсынған кезінен бастап жүзеге асырылады.
14. Жергілікті уәкілетті органы есептеп, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, «Таран ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
15. Әлеуметтік көмекті төлеу ақша қаражаты түрінде жергілікті
уәкілетті органның тізіміне сәйкес жұмыссыздардың жек шоттарына аудару арқылы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар,
заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған
мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Қаражат жетіспеген жағдайда, оқитын жұмыссыздарға әлеуметтік көмек өтініштерді хронологиялық тәртіпте тіркелген тізімге сәйкес төленеді.
заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған
мекемелер арқылы жүзеге асырылады.
Қаражат жетіспеген жағдайда, оқитын жұмыссыздарға әлеуметтік көмек өтініштерді хронологиялық тәртіпте тіркелген тізімге сәйкес төленеді.