Құжат мәтініне өту

Об утверждении сертификационных требований, предъявляемых к организациям, осуществляющим продажу и бронирование пассажирских и грузовых воздушных перевозок и типовой программы сертификационного обследования организаций на подтверждение соответствия услуг по продаже и бронированию пассажирских и грузовых воздушных перевозок

Бұйрық · № 112 · қабылданған 01.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24575/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении сертификационных требований, предъявляемых к организациям, осуществляющим продажу и бронирование пассажирских и грузовых воздушных перевозок и типовой программы сертификационного обследования организаций на подтверждение соответствия услуг по продаже и бронированию пассажирских и грузовых воздушных перевозок Күшін жойған Бұйрық ·№ 112 ·01.06.2005
13.10.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении сертификационных требований, предъявляемых к организациям, осуществляющим продажу и бронирование пассажирских и грузовых воздушных перевозок и типовой программы сертификационного обследования организаций на подтверждение соответствия услуг по продаже и бронированию пассажирских и грузовых воздушных перевозок

Күшін жойған Бұйрық ·№ 112 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении сертификационных требований, предъявляемых к организациям, осуществляющим продажу и бронирование пассажирских и грузовых воздушных перевозок и типовой программы сертификационного обследования организаций на подтверждение соответствия услуг по продаже и бронированию пассажирских и грузовых воздушных перевозок
Атауы (қаз.)
Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112
Қабылданған күні
01.06.2005
Көрсетілген редакция
13.10.2009 AI24575_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.10.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003691_
ЭКБ идентификаторы
24575
Редакция идентификаторы
AI24575_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:39

0 Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер базасын "Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275 қаулысының талаптарымен сәйкестікке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар;

2 2) Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары М.М.Дәуітәлиевке жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті төрағасының
2005 жылғы 1 маусымдағы
N 112 бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар
МАЗМҰНЫ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі - Сертификаттық талаптар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1275 қаулысымен бекітілген Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сертификаттау U952697 Z010271 ережесіне сәйкес әзірленді және жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - ұйым) сертификаттық талаптарды белгілейді. Сертификаттық талаптар жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

2 2. Осы Сертификаттық талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) автоматтандырылған брондау жүйесі (бұдан әрі - АБЖ) - рейстердің кестесі, орындардың болуы және тасымалдаушылардың тарифтері туралы ақпаратты көрсетуді қамтамасыз ететін және ол арқылы авиациялық қызметтерді брондауды жүзеге асырылатын автоматтандырылған жүйе;

2 2) агент - тасымалдарды ресімдеу және сату жөніндегі тасымалдаушының атынан және оның тапсырмасы бойынша онымен келісім жасасу шартында әрекет етуге уәкілеттік берілген заңды немесе жеке тұлға;

3 3) бейнетерминалдық жабдық (бұдан әрі - БТЖ) - АБЖ-мен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құрал;

4 4) жүк - почтаны, борт қорлары мен ілеспелі және дұрыс жіберілмеген багажды қоспағанда, жүк құжаттамасымен куәландырылған, тасымалдаушымен шарт бойынша сақталуы үшін оның жауапкершілігіне алынған әуе кемесімен тасымалданатын немесе тасымалдауға алынған кез келген мүлік;

5 5) тексеру - ұйымның сертификаттау кезінде расталған, берілген талаптарға сәйкестігін жалғастыруын белгілеу мақсатында жүзеге асырылатын сәйкестікті бақылаулық тексеру;

6 6) әуе кемесінің коммерциялық тиелімі - жөнелту әуежайында әуе кемесінің бортына тасымалдау үшін алынған жолаушылар, багаж, почта және жүк;

7 7) коммерциялық тиелімді жинақтау - белгілі рейске коммерциялық тиелімді қалыптастыру (таңдау);

8 8) жүктерді біріктіру - әуе көлігімен тасымалдау үшін жүктерді жүк жөнелтушіден қабылдауға, оларды жинақтау, осының есебінен коммерциялық тиелімді қалыптастыру және басқа ұйымға (тасымалдаушыға, әуежайға және басқалары) жүкті өткізуге байланысты қызмет;

9 9) әуе тасымалдарын сату және брондау пункті - әуе тасымалдарын сату және брондауды жүзеге асыратын жеке заңды тұлға болып табылмайтын, ұйымның заңды мекен-жайы бойынша да орналасқан және өзге де орналасқан жері бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі;

10 10) субагент - шарт негізінде жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді ұсыну бойынша агент өз құқықтарын беретін заңды немесе жеке тұлға.

3 3. Ұйымның жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган беретін Сәйкестік сертификаты болып табылады.

4 4. Уәкілетті орган берген Сәйкестік сертификаты болмаған заңды немесе жеке тұлғаларға жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауға жол берілмейді.

5 5. Ұйымға қойылатын сертификаттық талаптарға мыналар кіреді:

1 1) басқару ұйымы және оның құрылымы;

2 2) нормативтік құқықтық және анықтама құжаттамасының болуы;

3 3) үй-жайларға қойылатын талаптар;

4 4) техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар;

5 5) жолаушылар тасымалдарын сату және брондау жөніндегі ұйымының қызметіне қойылатын талаптар;

6 6) жүк тасымалдарын сату және брондау жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар;

7 7) жүктерді біріктіру жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар;

8 8) сапаны қамтамасыз ету жүйесі;

9 9) персоналдың біліктілігі.

2 2. Басқару ұйымы және оның құрылымы

6

6. Ұйым әрбір бөлімшенің және оның басшысының функциялары көрініс тапқан, олар жиынтығында ұйым іске асыратын барлық функцияларды қамтитын барлық құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін, сондай-ақ әрбір қызметкерлердің міндеттері, өкілеттіктері және тікелей басшымен және бағыныстылармен өзара іс-қимыл сызбалары анық белгіленген жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі жұмысты басқарушы, орындаушы және тексеруші персоналдың лауазымдық нусқаулығын әзірлейді және бекітеді.

7 7. Ұйымның Қызмет жөніндегі басшылық түрінде құжатпен ресімделген және бекітілген жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды және пайдаланылатын өндірістік, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын ұйымдастырудың қолданыстағы әдістері мен рәсімдерінің сипаттамасы бар болады.

3 3. Нормативтік құқықтық және анықтама құжаттамасының болуы

8 8. Ұйым оның қызметіне қатысы бар жалпы құжаттаманың толық жинақтамасына ие болады және көрсетілген құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар алуды қамтамасыз етеді.

9 9. Ұйымдастыру-бөлу құжаттамасы жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес болады.

4 4. Үй-жайларға қойылатын талаптар

10 10. Ұйымның үй-жайларына қойылатын талаптарға мыналар кіреді:

1 1) ұйым персоналын және қажетті жабдықты санитарлық нормалар мен еңбек қорғау талаптарына сәйкес орналастыру үшін жарамды, меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе жалға алу құқығындағы немесе өзге де заттық құқығындағы үй-жайлардың болуы;

2 2) үй-жайларды әкімшілік, технологиялық персоналдың орналасуын және жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге қызмет көрсету аймақтарын көрсете отырып бөлу;

3 3) тек жолаушылармен жұмыс жүргізуге арналған операциялық залдың болуы;

4 4) ұйымның қызметтерін пайдаланғысы келетін азаматтардың еркін кіруін қамтамасыз ете алатын ұйымның үй-жайларының кіру (шығу) есігі болуы;

5 5) ұйымның үй-жайының жүк қабылдау үшін бөлек кіру (шығу) есігі болуы;

6 6) ұйым үй-жайының қасбетінде орналасқан ұйымның атауы жазылған маңдайшасы болуы;

7 7) қолданылып жүрген нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымның үй-жайын, оның сыртқы шыны терезе ойықтарын және кіру есіктерін күзет және өрт дабылымен, сенімді жапқыш құрылғысымен жабдықтау;

8 8) ұйымның жеке өрт дабылы және есік жапқыш құрылғысы бар, орнатылған металл сейф шкафымен ішкі үй-жайының болуы;

9 9) ұйымда қатаң есептеме бланкілерін, валидаторларды және жүк жөнелтушілер және жолаушылармен есеп айырысу үшін қолданылатын ақша қаражатын қауіпсіз уақытша сақтауға мүмкіндік беретін, жеке жапқыш құрылғылары бар еденге қатты бекітілген металл шкафтар мен сейфтер болуы;

10 10) ұйымның үй-жайында жолаушылар мен жүк жөнелтушілерге ұсынылатын қызметтер туралы ақпараты, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда келушілер және персоналды апаттық эвакуациялау жоспары бар стендінің болуы.

5 5. Техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптар

11 11. Ұйым мәлімделген қызмет саласы ескеріле отырып, мынадай техникалық жарақтандырылуды және байланыс құралдарын қамтамасыз етеді:

1

1) билеттерді, жүк авиақұжаттамасын ресімдеуді, әуе кемесінде орындарды және багаждық, жүк сыйымдылықтарын АБЖ арқылы брондауды (қайтару) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін БТЖ-ның болуы. Жабдық жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі функцияларын тікелей орындайтын қызметкердің (кассирдің, оператордың) жұмыс орнында орналастырылады;

2 2) БТЖ-ның АБЖ-ге қосылуы;

3 3) әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі функцияларын тікелей орындайтын үш және одан көп қызметкерлердің жұмыс орындарына қосылған кемінде екі телефондық байланыс каналы;

4 4) кемінде бір факсимильдік байланыс каналы;

5 5) ұйымның орталық офисінен бөлек орналасқан жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау пункттері үшін мынадай жабдықтардың болуы қажет:

БТЖ-ның АБЖ-ға қосылуы;
кемінде бір телефондық байланыс каналы;
факсимильдік байланыс каналы;
компьютерлік жабдықтың жинақтамасы;

6 6) ұйымда және әуе тасымалдарын сату пункттерінде бірегейлендіру валидаторының болуы;

7 7) жүктерді біріктіру бөлімшелері бар ұйымдар үшін - белгіленген тәртіппен метрологиялық тексеруден өткен кемінде бір бірлік салмақ өлшеу техникасы;

8 8) жүктерді біріктіру бөлімшелері бар ұйымдар үшін жүкті тексеру үшін кемінде бір сканерлік құрылғы.

6 6. Жолаушылар әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптар

12 12. Жолаушылар әуе тасымалдарын сату және брондауға мыналар кіреді:

1 1) қалыпты және арнайы тарифтер бойынша кепілденген (ашық) ұшу күні бар тікелей және кері бағыттарда жолаушыларға билеттерді ресімдеу (қайта ресімдеу);

2 2) билеттерді ресімдеу (қайта ресімдеу) үшін жолаушылармен қаржылық есеп айырысуды қамтамасыз ету;

3 3) тасымалдау құжаттамасын кейін ресімдеу үшін әуе кемесінің бортындағы орындарды брондау (резервте сақтау);

4 4) ұшудан бас тартқан кезде осы ұйымда бұрын ресімделген билеттерді жолаушылардан қабылдау;

5 5) жолаушы ұшудан бас тартқан кезде брондау орындарын жою;

6 6) билет сатылған рейстерге арналған тасымалдаушының тарифтік саясатына сәйкес ұшудан бас тартқан кезде қайта қабылданған билеттер үшін жолаушыға төлемдерді қайтару;

7

7) жолаушыларға әуе кемелері қозғалысының кестесі, қолданылатын тарифтер, әуе кемесінде бос жолаушылар орындарының, багаж және жүк сыйымдылықтарының болуы, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес багаж және жүк тасымалдарының ережелері, сондай-ақ әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған немесе тасымалдаудың ерекше жағдайын талап ететін заттар туралы ақпараттық сипаттағы қызметтерді ұсыну;

8 8) телефон арқылы әуе кемесіндегі орындарды (багаж және жүк сыйымдылықтарын) брондауға тапсырыс қабылдау.

7 7. Жүк тасымалдарын сату және брондау жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптар

13 13. Жүк әуе тасымалдарын сату және брондауға мыналар кіреді:

1 1) әуе кемесінің бортындағы бос багаж және жүк сыйымдылықтарын (тоннажы және көлемі бойынша) брондау (резервте сақтау);

2 2) жүк сыйымдылықтарын брондау және сату операцияларын ресімдеу үшін жүк жөнелтушілермен қаржылық есеп айырысуды қамтамасыз ету;

3 3) жүк жөнелтуші үшін жүк (почта) авиақұжаттамасын ресімдеу (қайта ресімдеу);

4 4) жүк жөнелтушінің өтінімінде көрсетілген (оны уақытша сақтау қажет болған кезде) мәліметтерге жүктің нақты жай-күйінің сәйкестігін тексеру;

5 5) жүкті жеткізу немесе оны әуе кемесімен тасымалдау үшін беру;

6 6) багажы мен жүгін тасымалдаудан жүк жөнелтуші бас тартқан кезде жүк сыйымдылықтарын брондауды жою;

7 7) тасымалдаудан бас тартқан кезде жүк жөнелтушіге төлемдерді қайтару;

8

8) жүк жөнелтушіге әуе кемелер қозғалысының кестесі, қолданылатын тарифтер, әуе кемесінде бос жүк сыйымдылықтарының болуы, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүк тасымалдарының ережелері, сондай-ақ әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған немесе тасымалдау үшін ерекше жағдай талап ететін заттар туралы ақпараттық сипаттағы қызметтерді ұсыну.

8 8. Жүктерді біріктіру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

14 14. Жүктерді біріктіруге мыналар кіреді:

1 1) әуе кемесіндегі бос багаж және жүк сыйымдылықтарын (көлемі және тоннажы бойынша) брондау (резервте сақтау);

2 2) жүк қабылдау (беру) жөніндегі құжаттаманы ресімдеу және алынған міндеттемелерді орындау үшін жүк жөнелтушімен қаржылық есеп айырысуды қамтамасыз ету;

3 3) жүк жөнелтуші үшін жүк (почта) авиақұжаттамасын ресімдеу (қайта ресімдеу);

4 4) жүк жөнелтушіден жүкті қабылдау;

5 5) әуе көлігімен тасымалдау үшін коммерциялық тиелімді қалыптастыру мақсатында жүктерді (қажет болған кезде) жинақтау;

6 6) рейске коммерциялық жүк тиелімін қалыптастыру;

7 7) қабылданған жүкті әуе көлігімен тасымалдау үшін басқа ұйымға (әуежайға, тасымалдаушыға, агентке, субагентке) беру (жеткізу);

8 8) жүкжөнелтуші жүк тасымалынан бас тартқан кезде оған жүкті қайтару;

9 9) жүк жөнелтуші жүк тасымалынан бас тартқан кезде жүк сыйымдылықтарын брондауды жою;

10

10) жүк жөнелтушілерге әуе кемелерінің қозғалысының кестесі, қолданылатын тарифтер, әуе кемесінде бос жүк сыйымдылықтарының болуы, қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүк тасымалдарының ережелері, сондай-ақ әуе кемесімен тасымалдауға тыйым салынған немесе тасымалдау үшін ерекше жағдай талап ететін заттар туралы ақпараттық сипаттағы қызметтерді ұсыну;

11 11) жүк жөнелтушіні жүкті жүк алушының мекен-жайына жөнелту туралы хабардар ету;

12 12) жүк алушыны, оның мекен-жайына жүк жөнелтілгені туралы хабардар ету;

13 13) жүк жөнелтуші мен жүк алушыны жеткізуге арналған автокөліктің келуі туралы хабардар ету;

14 14) жүк жөнелтуші мен жүк алушыны жүктің қозғалысы туралы хабардар ету;

15 15) жүк жөнелтуші мен жүк алушыны жүктің тағайындалған әуежайға келуі туралы хабардар ету;

16 16) жүк жөнелтушіні жүктің жүк алушыға берілгені туралы хабардар ету.

9 9. Сапаны қамтамасыз ету жүйесі

15 15. Ұйым жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді сапалы ұсыну үшін жағдайды қамтамасыз етуге сапа жүйесін әзірлеуі және жұмыс жай-күйінде ұстауы тиіс.

16 16. Ұйымның басшысы бекіткен Сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы ережеге мыналар кіреді:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттар талаптары;

2 2) сапа саласындағы ұйым саясаты;

3 3) ұйымның персоналын оқытуға қойылатын талаптар;

4 4) агенттердің сапаны қамтамасыз ету, жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғарлату үшін жауапкершілігі;

5 5) есеп беруді және анықталған ауытқуларды және түзету іс-шараларын есепке алуды қоса алғандағы құжаттама.

10 10. Персоналдың біліктілігі

17 17. Ұйым:

1 1) жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтерді ұсынуға дайындық сертификаты (куәлік) бар білікті мамандардың қажетті санымен толықтыруды;

2 2) екі жылда кемінде бір рет өз мамандарын әзірлеу және олардың біліктілігін (білімін, дағдысын) жүйелі түрде жоғарлатуды;

3 3) персоналдың жіберген технологиялық және басқа бұзушылықтарын, жолаушылар мен жүк жөнелтушілерден түскен арыздар, талаптар мен өтініштер және олар бойынша қабылданған шешімдерді есепке алу журналының болуын қамтамасыз етеді.

18 18. Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын персоналға қойылатын талаптар:

1 1) жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын білу;

2 2) жоғары және/немесе арнайы орта білімінің болуы;

3 3) жолаушылар мен/немесе жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін қажетті біліктілік құжаттарының, куәліктерінің, дипломдарының болуы;

4 4) компьютерлік сауаттылығы болуы;

5 5) ағылшын тілін білу (мамандану шеңберінде).

19 19. Жүктерді біріктіру жөніндегі бөлімшенің персоналына қойылатын талаптар:

1 1) жүк әуе тасымалдарын сату және брондауды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарын білу;

2 2) әуе көлігімен тасымалдауға арналған жүктерді қабылдау, ресімдеу, тексеру және оларды жеткізу бойынша рұқсаттың және арнайы дайындықтың болуы.

120 Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрлігінің Азаматтық авиация
комитеті төрағасының
2005 жылғы 1 маусымдағы
N 112 бұйрығымен бекітілген
Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасы
Ұйымның атауы:_____________________________________________
Тексерілген күні, бұйрықтың N:_____________________________
Тексерушілердің А.Т.Ә.а, лауазымы: ________________________
______________________________________
______________________________________
р/с N
Бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша ұста­ным­дар­дың нө­мір­ле­рі және тек­се­рі­ле­тін эле­мент­тер
Сәй­кест­ікті ба­ға­лау (+/-)
Сәй­кес­сіз­дік ұста­ны­мы­ның нө­ме­рі
1
2
3
4
1. Ұсы­ны­л­ған дәлел­деу құ­жат­та­ма­сы­ның жи­нақ­та­лы­мы­ның бо­луы және
сәй­кест­і­гі
1)
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын алу­ға
өті­нім
2)
Ұй­ым­ның құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның
но­та­ри­ал­ды рас­тал­ған кө­шір­ме­сі
3)
Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы
ку­ә­лік­тің (заң­ды тұ­лға­лар үшін)
және же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де есеп­ке
алын­ғанды­ғы (же­ке тұл­ғар­лар -
же­ке кә­сіп­кер­лер үшін) ту­ра­лы
ку­ә­лік­тің но­та­ри­ал­ды рас­тал­ған
кө­шір­ме­сі
4)
Ұй­ым­ның ауди­тор­лық есе­бі және
қар­жы­лық жағ­дайы ту­ра­лы анық­та­ма
5)
Ұй­ым­ның бар­лық құ­ры­лым­дық
бө­лім­ше­ле­рі­нің ере­же­ле­рі
6)
Ұй­ым­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы бас­шы­лық,
ашы­ла­тын мә­се­ле­лер­дің то­лық­тығы.
Бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кест­ік
және ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер­дің
уақ­ты­лы­ғы
7)
Тіз­бе және жо­ла­у­шы­лар мен/неме­се
жүк әуе та­сы­мал­да­рын са­ту және
брон­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге
асы­ра­тын құ­жат­тар­дың бо­луы
2. Бас­қа­ру ұй­ы­мы және оның құ­ры­лы­мы
1)
Ұй­ым­да­сты­ру құ­ры­лы­мы, ұй­ым­ның
штат кесте­сі. Жүк­тел­ген
функ­ци­я­лар­ды орын­дау үшін
жет­кі­лік­ті­лік
2)
Бас­қа­ру құ­ра­мы және пер­со­нал­дың
мін­дет­те­рін және жа­у­ап­кер­ші­лі­гін
ай­қын­дай­тын қыз­мет­тік
нұс­қа­улық­тар (фи­ли­ал­дар­ды, са­ту
және брон­дау пунк­те­рін, жүк­тер­ді
бі­рік­ті­ру бө­лім­ше­ле­рін қо­са
ал­ған­да)
3)
Жо­ла­у­шы­лар мен/неме­се жүк әуе
та­сы­мал­да­рын са­ту және брон­да­у­ға
ті­кі­лей бай­ла­ны­сты бас­қа­ру құ­ра­мы
және пер­со­нал­дың де­ректе­рі,
олар­дың сәй­кест­і­гі
3. Жо­ла­у­шы­лар мен жүк әуе та­сы­мал­да­рын са­ту және брон­да­уды ұй­ым­да­сты­ру
1)
Дай­ын­дық сәй­кест­і­гі және
жо­ла­у­шы­лар әуе та­сы­мал­да­рын са­ту
және брон­дау тех­но­ло­ги­я­сын сақ­тау
және жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту
2)
Дай­ын­дық сәй­кест­і­гі және жүк әуе
та­сы­мал­да­рын са­ту және брон­дау
тех­но­ло­ги­я­сын сақ­тау
3)
Дай­ын­дық сәй­кест­і­гі және жүк­тер­ді
бі­рік­ті­ру тех­но­ло­ги­я­сын сақ­тау
4)
Фи­ли­ал­дар­ды, са­ту және брон­дау
пункт­те­рін, жүк­тер­ді бі­рік­ті­ру
жө­нін­де­гі бө­лім­ше­лер­ді қо­са
ал­ған­да, бей­не­тер­ми­нал­дық
жаб­дық­ты (бұ­дан әрі - БТЖ) қо­су­ға
ар­нал­ған та­сы­мал­дар­ды брон­дау
ор­та­лы­ғы­мен жа­сал­ған шар­ттар­дың
бо­луы
5)
Сәй­кестен­ді­ру­ші­лік
ва­ли­да­тор­лар­дың (штамп­тар­ды)
нө­мер­ле­рін бе­ру­ді рас­тай­тын
құ­жат­та­ры­ның бо­луы
6)
Та­сы­мал­дар­ды са­ту ту­ра­лы агент­тік
ке­лі­сім­де­рі­нің бо­луы
4. Пер­со­нал
1)
Пер­со­нал­ды оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы­ның бо­луы
2)
Пер­со­нал­дың бі­лік­ті­лі­гін
жо­ғар­ла­ту кур­ста­ры­нан өту
мер­зім­де­рін сақ­тау
3)
Ең­бек ақы­ны тө­ле­удің уақ­ты­лы­ғы
5. Са­па­ны қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі
4)
Са­па­ны қам­та­ма­сыз ету жүй­е­сі
ту­ра­лы ере­же­ні сақ­тау
5)
Құ­жат­та­ма­ны жүр­гі­зу, есеп бе­ру
және анық­тал­ған ауыт­қу­шы­лық­тар­ды,
пер­со­нал­дың жі­бер­ген
тех­но­ло­ги­я­лық және бас­қа
бұ­зу­шы­лақ­та­рын, жо­ла­у­шы­лар мен
жүк жө­нел­ту­ші­лер­ден түс­кен
ары­здар, на­ра­зы­лық­тар және
өті­ніш­тер­ді және олар бой­ын­ша
қа­был­дан­ған ше­шім­дер­ді есеп­ке алу
6. Үй-жай
1)
Ұй­ым­ның үй-жай­ла­ры­ның бо­луы және
олар­дың жай-күйі, олар­дың ішін­де
өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия та­лап­та­рын,
өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ере­же­ле­рін сақ­тау
2)
Үй-жай кү­зе­тін қам­та­ма­сыз ету,
ақ­ша қа­ра­жа­тын және қа­таң
есеп­те­ме блан­кі­ле­рін сақ­тау
жө­нін­де­гі ша­ра­лар жүй­е­сі­нің бо­луы
7. Тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру
1)
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған брон­дау
жүй­е­сіне қо­сы­л­ған БТЖ-ның бо­луы
2)
Те­ле­фон­дық және фак­си­миль­дік
бай­ла­ны­стың бо­луы. Бе­кі­ті­л­ген
та­лап­тар­ға сәй­кест­ік
3)
Сал­мақ өл­шеу тех­ни­ка­сы­ның және
жүк­тер­ді тек­се­ру­ге ар­нал­ған
ска­нер­лік құ­ры­л­ғы­ның бо­луы және
сәй­кест­і­гі
8. Нор­ма­тив­тік құқық­тық және анық­та­ма­лық құ­жат­та­ма
1)
Тү­су­лер және нор­ма­тив­тік және
бас­қа­ру құ­жат­та­ры­на өзге­рі­стер
ен­гі­зу
2)
Ұй­ым пер­со­на­лы­ның жо­ла­у­шы­лар
мен/неме­се жүк әуе та­сы­мал­да­рын
са­ту және брон­дау бой­ын­ша
бұй­рық­тар­ды, нұс­қа­улық­тар­ды және
ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы жет­кі­зуі және
зер­де­ле­уі
ЕСКЕРТУ:
(*) бұл ұйым үшін міндетті емес;
(-1) сәйкестік сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
(-2) келісілген мерзім ішінде жою немесе шектеуліктер енгізу жағдайында сәйкестік сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер;
(-3) өндірісті және сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын және сәйкестік сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер.
ҚОСЫМША: Сәйкессіздіктердің тізбесі _____ бет (беттер).
ТЕКСЕРУШІЛЕР: __________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
_______________________________________________
(қолы, А.Т.Ә.а)
ТАНЫСҚАН: ұйымның басшысы: _____________ ____________________
(қолы)          (А.Т.Ә.а)
Сертификаттық тексеру жүргізілген күн: 200 _ жылғы "__"______
Жолаушылар мен жүк әуе тасымалдарын сату және брондау жөніндегі қызметтердің сәйкестігін растауға
Ұйымдарды сертификаттық тексерудің үлгі бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі
_______________________________________
(ұйымның атауы)
Сер­ти­фи­кат­тық
тек­се­ру­дің
бағ­дар­ла­ма­сын­да­ғы
сәй­кес­сіз­дік
ұста­ны­мы­ның N
Сәй­кес­сіз­дік­тің
си­патта­ма­сы
Ес­керт­пе
1
2
3
Тексерушілер: _______________________________________________
_______________________________________________
______________________________________________
______________________________________________
(қолы, А.Т.Ә.а)
Танысқан: ұйымның басшысы: _____________ ____________________
(қолы)          (А.Т.Ә.а)
Сертификаттық тексеру жүргізілген күн: 200 _ жылғы "__"______

Қолданыстағы