Об утверждении Правил отнесения мероприятий к мероприятиям по охране окружающей среды
Күшін жойған
Қаулы
·№ 674
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил отнесения мероприятий к мероприятиям по охране окружающей среды
- Атауы (қаз.)
- Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 674
- Қабылданған күні
- 01.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2008 AI24586_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000674_
- ЭКБ идентификаторы
- 24586
- Редакция идентификаторы
- AI24586_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:33
0 Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесiн бекiту туралы
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
3 Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 1 шілдедегі
N 674 қаулысымен
бекітілген
Iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесi
1 1. Осы Іс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 7-бабына сәйкес әзiрленген.
2 2. Ереже iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі іс-шараларға жатқызу бойынша жұмысты жүйелендiру және тәртiпке келтiру мақсатында әзiрленген және iс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларға жатқызу ұғымын, өлшемдерiн айқындайды.
3 3. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтiк және экономикалық шаралардың кешенi.
4 4. Іс-шара, егер ол мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі iс-шараларға жатқызуға болады:
1 1) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және табиғат пен адамның үйлесiмдi өзара iс-қимылына бағытталған болса;
2 2) қоршаған ортаның (атмосфералық ауа, Жердiң озон қабатты, су және жер ресурстары, жер қойнауы, жануарлар мен өсiмдiктер әлемi, сондай-ақ климат) сапалық сипаттарын арттыру арқылы қоршаған орта құрауыштарының жай-күйiн жақсартса;
3 3) экологиялық жүйенiң жай-күйiн тұрақтандыруға және жақсартуға, биологиялық алуантүрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және молайтуға ықпалын тигiзсе;
4 4) қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян келтiрудi ескертсе және болдырмаса;
5 5) қоршаған ортаны қорғауға және табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiрсе;
6 6) халыққа экологиялық білімдi насихаттауға, экологиялық тәрбиелеуге ықпалын тигiзсе.
5. Ереженiң негiзiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi ic-шаралар тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi.