Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций

Бұйрық · № 38-п · қабылданған 05.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24609/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций Күшін жойған Бұйрық ·№ 38-п ·05.06.2005
01.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций

Күшін жойған Бұйрық ·№ 38-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций
Атауы (қаз.)
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38-п
Қабылданған күні
05.06.2005
Көрсетілген редакция
01.06.2012 AI24609_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003708_
ЭКБ идентификаторы
24609
Редакция идентификаторы
AI24609_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:38

0 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы

"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау Ережесі

Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрлігі
Инвестициялар комитеті Төрағасының
2005 жылғы 5 маусымдағы
№ 38-п бұйрығымен
Бекітілген
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау Ережесі
Осы инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау ережелері тәртібін анықтайды.

1 1. Негізгі ұғымдар

1 1. Осы ережелерде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті;

2 2) мәлімдеуші - қызметтің басым түрлерінде инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық преференцияларды алуға өтінім берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

3

3) өтінім - "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері" туралы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2222 тіркелген) (бұдан әрі - 2003 жылғы 18 наурыздағы N 18-п бұйрық) бұйрығының талаптарына сәйкес жасалған инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 19 бабында көрсетілген құжаттар пакеті, инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы және импортталған жабдықтың әрі мәлімделген жабдықтың техникалық өлшемдерін сипаттай отырып, кеден бажын салудан босатылған жинақтаушылардың тізімі мен көлемі;

4 4) журнал - инвестициялық преференцияларды беру жөніндегі өтінімдерді тіркеу журналы.

2 2. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу

2 2. Өтінім мәлімдеушімен жиынтығы тексерілетін уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады, одан соң уәкілетті органның бірінші басшысына немесе оның орынбасарына беріледі.

3 3. Уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары өтінімді Заңның 15 және 19 баптарының және 2003 жылдың 18 наурызындағы N 18-п бұйрықтың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін уәкілетті органның тиісті бөлімшелеріне жібереді.

4 4. Өтінім журналда тек мынадай жағдайларда ғана тіркелуге жатады:

1 1) егер өтінім 2003 жылдың 18 наурызындағы N 18-п бұйрықпен мақұлданған нысанда түзілсе;

2 2) Заңның 19 бабында көрсетілген құжаттардың болуы, инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасының жобасы және импортталған жабдықтың әрі мәлімделген жабдықтың техникалық өлшемдерін сипаттай отырып, кеден бажын салудан босатылған жинақтаушылардың тізімі мен көлемінің болуы;

3 3) 2003 жылдың 18 наурызындағы N 18-п бұйрықтың талаптарымен сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының болуы.

5 5. Өтінімнің тіркелген күні болып оның тіркеу журналында тіркелген күн есептеледі.

6 6. Заңмен белгіленген өтінімді қарау мерзімін есептеу оның журналда тіркелген күнінен басталады.

7 7. Өтінім белгіленген талаптарға сай болмаған жағдайда мәлімдеушіге оны тіркеуден дәлелденген түрде бас тарту себебі көрсетіледі.

3

3 3. Өтінімді қарау

8 8. Инвестициялық преференцияларды беру үшін инвестициялық жобаны қарау кезінде уәкілді органның тиісті бөлімшесі:

1 1) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;

2 2) қаржыландыру көздерінің болуына, балансқа талдау жүргізеді;

3 3) жұмыс бағдарламасының тармақтарына сәйкестігі мәніне активтерді алуға кеткен шығындарды дәлелдейтін құжаттардың болуына талдау жүргізеді;

4 4) бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша уақыты өтіп кеткен қарыздар тізімін анықтайды, сонымен қатар жалақы бойынша және ұзақ мерзімді (3 айдан жоғары) қарыздары болған жағдайда оны өтегенше жоспарды қарау тоқтатыла тұрады;

5 5) инвестициялық мәселелер (келісімдер) бойынша мемлекеттік органдармен және басқа мекемелермен бірлесіп жұмыс атқарады;

6 6) өтінімді қарау нәтижесін белгіленген нысандағы қорытындымен толтырады; барлық есеп айырысулар тенгемен жүргізіледі.

4

4 4. Дауларды қарау

9 9. Өтінімді тіркеуден бас тарту кезінде келіспеушілік болған жағдайда мәлімдеуші уәкілетті органның ісіне заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

Қолданыстағы