Құжат мәтініне өту

О социальной защите малообеспеченных граждан в свете Послания Президента страны народу Казахстана

Өзге акт · № 15/2 · қабылданған 30.01.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2461/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О социальной защите малообеспеченных граждан в свете Послания Президента страны народу Казахстана Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/2 ·30.01.1998
19.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной защите малообеспеченных граждан в свете Послания Президента страны народу Казахстана

Күшін жойған Өзге акт ·№ 15/2 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной защите малообеспеченных граждан в свете Послания Президента страны народу Казахстана
Атауы (қаз.)
Еліміз Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15/2
Қабылданған күні
30.01.1998
Көрсетілген редакция
19.08.2011 AI2461_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98S000053_
ЭКБ идентификаторы
2461
Редакция идентификаторы
AI2461_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:50

0 Еліміз Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.08.19 № 37/4 Шешімімен
Облыстық мәслихаттың сессиясы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департаментiнiң бастығы И.Е. Шнитко мырзаның хабарламасын тыңдай келiп мынаны атап көрсетедi: ел Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында аз қамтамасыз етiлген азаматтарды әлеуметтiк қорғау, кедейлiк пен жұмыссыздықты жою жөнiнде облыста айтарлықтай жұмыс жүргiзiлiп отыр. Облыс әкiмi аймақтағы кедейлiктi жою мәселелерiмен айналысатын комиссия құрды.
Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес, аз қамтамасыз етiлген азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi 1998 жылға арналған облыстық бағдарламаның жобасы жасалды.
Аз қамтамасыз етiлгендердi әлеуметтiк қорғауды күшейту мақсатында облыста аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдау жөнiнде қор жұмыс iстейдi, оның негiзгi мақсаты халықтың әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiне материалдық және қаржылық көмек көрсету болып табылады.
Облыста қайырымдылық акциялары мен шараларын өткiзу жөнiнде белгiлi тәжiрибе қалыптасты. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарды, жалғызбасты адамдар мен мүгедектердi қолдау жөнiнде айлықтар мен екi айлықтар өткiзу тәжiрибеге ендi. Сенбiлiктер, телерадиомарафондар өткiзу де дәстүрге айналды, олардан түсетiн қаржы облыстық, қалалық және аудандық қорларға түседi.
Өткен 1997 жылы аудандық және қалалық қорларға 6888,6 мың теңге, облыстыққа - 2374,0 мың теңге түстi.
Сонымен бiрге облыстық мәслихаттың сессиясы аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдау жөнiндегi жұмыс облыстың көтерген аудандары мен қалаларында толық дәрежеде жүргiзiлмейтiнiн атап көрсетедi. Олардың кемшiлiгiнде халықтың аз қамтамасыз етiлген жiктерiн әлеуметтiк қолдау және көмек көрсету жөнiндегi нақтылы және ықпалды шаралардың жоспарлары әлi жасалмаған. Облыс халқының аз қамтамасыз етiлген категорияға жататын топтарын нақты талдау жүргiзiлмейдi, соның салдарынан атап көрсету жағы ақсап жатады. Азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi комиссиялар барлық жерде бiрдей ықпалды жұмыс iстемейдi. 3ерендi, Сергеев, Уәлиханов аудандарында осы уақытқа дейiн қажет ететiндер үшiн тегiн тамақтандыру ұйымдастырылмаған. Жергiлiктi атқару және өкiлеттi органдар аудандардың қайырымдылық есепшоттарына ақша қаржысын қорландыру жөнiнде жұмысты жеткiлiксiз жүргiзедi. Бұл жұмыс әсiресе Ақжар /59,3/, Жамбыл /68,9/, Тимирязев /24,0/, Уәлиханов /8,7/ аудандарында қанағаттанғысыз.
Жұмыссыздар саны көбеюде. Үстiмiздегi жылдың басында есепте 35006 адам тұрды, олардың 24391-i әйелдер, 11048-i жастар. Жұмыссыздар саны өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 1,5 есе өстi. Әсiресе, Петропавл қаласында, Мамлют, Еңбекшiлдер, Совет аудандарында жұмыссыздықтың жоғары деңгейi сақталып отыр.
Облыстық мәслихаттың XV сессиясы былай деп шештi:

1 1. Еңбек және облыс халқын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департамент бастығы И.Е. Шнитконың хабарламасы еске алынсын.

"Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес, аз қамтамасыз етiлген азаматтарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi 1998 жылға арналған облыстық бағдарлама" мақұлдансын.

2

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етiлген азаматтарды қолдау жөніндегi жалпыұлттық қор туралы" Жарлығына сәйкес бұрын облыс бойынша жұмыс iстеп тұрған "Қамқорлық" қайырымдылық қорлары қайта тiркеуден өткiзiлсiн, олардың жұмысы қажет ететiндерге ұдайы материалдық қолдау үшiн қажеттi қаржыны жинақтау iсiне бағытталсын.

3 3. Облыстық қаржы басқармасы ҰОС мүгедектерi мен қатысушыларын санаторийлiк-курорттық емдеудi облыстық бюджеттен қаржыландырудың орындылығы туралы мәселенi қарайтын болсын.

4 4. Жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдары, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi департамент және оның қалалар мен аудандардағы бөлiмдерi қайырымдылық есепшоттарында ақша қаржысын қорландыру, қажет ететiн азаматтарға атаулы көмек көрсету жөнiндегi жұмысты күшейтетiн болсын.

5 5. Облыстық жұмыспен қамту орталығы, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар жұмыссыздарды еңбекке орналастырудың, оларды шағын және орта бизнеспен айналысуға тартудың қажеттi шараларын қолданатын болсын.

6

6. Облыстық мәслихаттың халықтың денсаулығын сақтау, оны әлеуметтiк қорғау, бiлiм беру, мәдениет және жастар iстерi мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясы, Петропавл, Көкшетау қалалық және облыстық аудандық мәслихаттары Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауын және облыстың азаматтардың аз қамтамасыз етiлген жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi бағдарламасын жүзеге асыру барысына ұдайы бақылау жасайтын, қажет болған жағдайда бұл мәселенi мәслихаттардан комиссияларының мәжiлiстерi мен сессияларында қарайтын болсын.

Қолданыстағы