Об изменении состава автомобильной дороги общего пользования республиканского значения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении состава автомобильной дороги общего пользования республиканского значения
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының құрамын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 683
- Қабылданған күні
- 01.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2015 AI24621_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000683_
- ЭКБ идентификаторы
- 24621
- Редакция идентификаторы
- AI24621_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:33
0 Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының құрамын өзгерту туралы
Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Автомобиль жолының Қарағанды қаласы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 33 километр учаскесі М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.