Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил обязательной фортификации (обогащения) пшеничной муки высшего и первого сортов, производимой на территории Республики Казахстан

Қаулы · № 708 · қабылданған 07.07.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24669/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил обязательной фортификации (обогащения) пшеничной муки высшего и первого сортов, производимой на территории Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 708 ·07.07.2005
19.01.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил обязательной фортификации (обогащения) пшеничной муки высшего и первого сортов, производимой на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 708 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил обязательной фортификации (обогащения) пшеничной муки высшего и первого сортов, производимой на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
708
Қабылданған күні
07.07.2005
Көрсетілген редакция
19.01.2008 AI24669_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.01.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000708_
ЭКБ идентификаторы
24669
Редакция идентификаторы
AI24669_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:32

0 Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесiн бекiту туралы

"Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2004 жылғы 8 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

0 Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 7 шілдедегі
№ 708 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын мiндеттi түрде фортификациялау (байыту) ережесi

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ереже "Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында ұн тартатын кәсiпорындар өндiретiн жоғары және бiрiншi сортты бидай ұнын витаминдi-минералды қоспамен мiндетті түрде фортификациялау (байыту) (бұдан әрi - фортификациялау) тәртiбiн белгiлейдi.

2 2. Бiрiншi және жоғары сортты бидай ұнын (бұдан әрi - ұн) фортификациялау Қазақстан Республикасы халқының арасында микронутриенттiк жетiспеушiлiк тапшылығының алдын алу және оны жою мақсатында жүргізiледi.

2 2. Фортификациялау тәртiбi

3 3. Фортификациялау жүргiзу үшiн ұн тартатын кәсiпорында дайындалған және фортификацияланған ұн нан пiсiретiн бидай ұнына қойылатын талаптарды айқындайтын қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттарға сәйкес келуге тиiс.

4 4. Ұнды фортификациялау дозаторлармен және витаминдi-минералды қоспамен жарақтандырылған, тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкестiгi туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар ұн тартатын кәсiпорындарда жүзеге асырылады.

5 5. Ұн тартатын кәсiпорындарда витаминдi-минералды қоспаны қосу нормалары ұнға витаминдi-минералды қоспаны қосу технологиясы айқындалатын қолданыстағы нормативтiк-техникалық құжаттармен регламенттеледi.

6 6. Ұн тартатын кәсiпорындарда ұнды фортификациялау кезең-кезеңiмен енгiзiледi:

1 1) қуаты тәулiгiне 150 тоннадан астам астықты 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап;

2 2) қуаты тәулiгiне 50-ден 150 тоннаға дейiнгi астықты 2007 жылғы 1 сәуiрден бастап;

3 3) қуаты тәулiгiне 50 тоннадан кем астықты 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап.

Қолданыстағы