Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о капитане порта

Бұйрық · № 216-I · қабылданған 22.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24698/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Положения о капитане порта Күшін жойған Бұйрық ·№ 216-I ·22.06.2005
28.02.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о капитане порта

Күшін жойған Бұйрық ·№ 216-I · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о капитане порта
Атауы (қаз.)
Порт капитаны туралы ережені бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
216-I
Қабылданған күні
22.06.2005
Көрсетілген редакция
28.02.2011 AI24698_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003719_
ЭКБ идентификаторы
24698
Редакция идентификаторы
AI24698_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:36

0 Порт капитаны туралы ережені бекіту туралы

"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Порт капитаны туралы ереже бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ. Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б. Әбілғазинге жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

0 Порт капитаны туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрдің міндетін
атқарушының
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 216-І бұйрығымен
бекітілген
Порт капитаны туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Порт капитаны туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және порт капитанының мәртебесі мен өкілеттіктерін анықтайды.

2 2. Порт капитаны өз қызметін Заңына, осы Ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

3 3. Шетелдік мемлекеттер кемелерінің кіруі үшін ашық порттарда, сондай-ақ өзен сағасында орналасқан порттарда порт капитаны өз қызметін Заңға, сауда мақсатында теңізде жүзу заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4 4. Порт капитаны лауазымды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті директорының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.

2 2. Порт капитанының өкілеттіктері

5 5. Порт капитанына өкілеттіктеріне мыналар жатады:

1 1) кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және порт акваториясындағы жұмыс;

2 2) порт акваториясының ластануын болдырмау және оның салдарын жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;

3 3) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

4 4) кемелерден қалдықтарды қабылдауды мен өңдеуді ұйымдастыру;

5 5) порт акваториясының шегіндегі кемелерді құтқару және портта тұрған кемелердегі өртті сөндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

6 6) міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеу;

7 7) қауіпті жүктерді тиеу (түсіру) кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

8 8) тиісті мемлекеттік органдармен ынтымақтастық;

9 9) порт қызметі туралы статистикалық деректер беру;

10 10) портқа кіретін және порттан шығатын кемелерді, салдарды және өзге де жүзбелі объектілерді бақылауды жүзеге асыру;

11 11) Заңда белгіленген жағдайларда кемелердің порттан шығуына рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту.

6 6. Порт капитаны өз өкілеттіктері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазаларды қолданады.

Қолданыстағы