Қолданыстағы ред. 02.06.2005

Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы от 02.06.2005 г. № 99 (Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы)

0

Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543-баптарына, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы», «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңдарына сәйкес және Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидалары бекітілсін (қосымша қоса берілді)

2

2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттык бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп меселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.

3

3. Шешім Аманкелді аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.

4. Аманкелді ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы

Аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 2 маусымдағы
№ 99 шешіміне қосымша
Аманкелді ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қағида Аманкелді ауданының аумағында уй жануарларын, атап айтканда иттерді, мысықтарды ұстауды реттеу мақсатында әзірленді, жеке және заңды тұлғалардың осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.

2

2. Қағида меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.

3

3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

4

4. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.

2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау

2. Иттер мен мысықтарды ұстау

5

5. Ит, мысық иелері оларды ұстауда санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық Қағидаларын сақтауға тиіс.

6

6. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бермеуге және оларды көршілерінің ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте қақпада ит бар екендігі туралы ескертпе жазу болуы керек. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Иттерді көшеге, аулаға, басқа да қоғамдық орындарға тек қана қысқа қарғы бауы мен әрі томағамен шығару керек.

7

7. Дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына жануар иелерінің әдейі уақытша байлап қойған жануарларынан басқа қоғамдық орындарда иесіз жүрген ит пен мысықтар қараусыз деп есептелінеді және де ондай жануарлар аулануға жатады.

3. 3. Жануарлар иелерінің міндеттері

3. Жануарлар иелерінің міндеттері

8

8. Жануарлар иелері міндетті:

1

1) Жануарларды биологиялық ерекшеліктерге сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгіну;

2

2) Жануарларды осы Қағида талаптарына сай ұстауды қамтамасыз ету;

3

3) Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша жануарларды диагностикалық зерттеуге және алдын ала емделу, қаралуға уақытында жеткізу;

4

4) Қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық Қағидаларды сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

5

5) Жануарлар адамдарды немесе жануарларды тістеп, тырнап алған жағдайда ол жөнінде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, ларды қарауға және оқшалау үшін ветеринарлық пунктерге жеткізуге;

6

6) Жалпы пайдаланымдағы орындарды ластауды болдырмау;

7

7) Жануарлар өлекселерін кез-келген жерге тастамау. Жануарлар өлекселері жойылуы тиіс.

9

9. Жануарлар иелері паразитті жәндіктердің және кемірушілердің пайда болуын алдын алу, жануарларды қараусыз, иесіз қалдырмау.

10

10. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде ветеринарлық іс-шараларын өткізуге, жануарлардың карантин тәртібін сақтауға, жуқпалы ауруларды жою жөніндегі іс- шаралар өткізуге міндетті.

4. 4. Жануарлар иелерінің Қағиданы бүзғаны үшін жауапкершілігі

4. Жануарлар иелерінің Қағиданы бүзғаны үшін жауапкершілігі

11

11. Осы Қағидаларды бұзған кінәлі жеке және заңды тулғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311- бабына сәйкес жауапқа тартылады.