Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543-баптарына, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы», «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңдарына сәйкес және Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидалары бекітілсін (қосымша қоса берілді)
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттык бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп меселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Шешім Аманкелді аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 4. Аманкелді ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы
Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 2 маусымдағы № 99 шешіміне қосымша Аманкелді ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағида Аманкелді ауданының аумағында уй жануарларын, атап айтканда иттерді, мысықтарды ұстауды реттеу мақсатында әзірленді, жеке және заңды тұлғалардың осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағида меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 4
4. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Тарау 2. 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
2. Иттер мен мысықтарды ұстау
Тармақ 5
5. Ит, мысық иелері оларды ұстауда санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық Қағидаларын сақтауға тиіс.
Тармақ 6
6. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бермеуге және оларды көршілерінің ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте қақпада ит бар екендігі туралы ескертпе жазу болуы керек. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Иттерді көшеге, аулаға, басқа да қоғамдық орындарға тек қана қысқа қарғы бауы мен әрі томағамен шығару керек.
Тармақ 7
7. Дүкендердің, емдеу мекемелерінің, дәріханалардың, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының жанына жануар иелерінің әдейі уақытша байлап қойған жануарларынан басқа қоғамдық орындарда иесіз жүрген ит пен мысықтар қараусыз деп есептелінеді және де ондай жануарлар аулануға жатады.
Тарау 3. 3. Жануарлар иелерінің міндеттері
3. Жануарлар иелерінің міндеттері
Тармақ 8
8. Жануарлар иелері міндетті:
Тармақша 1
1) Жануарларды биологиялық ерекшеліктерге сәйкес ұстау, оларға мейірімділікпен қарау, қараусыз қалдырмау, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгіну;
Тармақша 2
2) Жануарларды осы Қағида талаптарына сай ұстауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша жануарларды диагностикалық зерттеуге және алдын ала емделу, қаралуға уақытында жеткізу;
Тармақша 4
4) Қоршаған орта қауіпсіздігін және тыныштық пен санитарлық Қағидаларды сақтауды қамтамасыз ету шараларын қабылдау;
Тармақша 5
5) Жануарлар адамдарды немесе жануарларды тістеп, тырнап алған жағдайда ол жөнінде жақын арадағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлап, ларды қарауға және оқшалау үшін ветеринарлық пунктерге жеткізуге;
Тармақша 6
6) Жалпы пайдаланымдағы орындарды ластауды болдырмау;
Тармақша 7
7) Жануарлар өлекселерін кез-келген жерге тастамау. Жануарлар өлекселері жойылуы тиіс.
Тармақ 9
9. Жануарлар иелері паразитті жәндіктердің және кемірушілердің пайда болуын алдын алу, жануарларды қараусыз, иесіз қалдырмау.
Тармақ 10
10. Жануарлардың иелері белгіленген мерзімдерде ветеринарлық іс-шараларын өткізуге, жануарлардың карантин тәртібін сақтауға, жуқпалы ауруларды жою жөніндегі іс- шаралар өткізуге міндетті.
Тарау 4. 4. Жануарлар иелерінің Қағиданы бүзғаны үшін жауапкершілігі
4. Жануарлар иелерінің Қағиданы бүзғаны үшін жауапкершілігі
Тармақ 11
11. Осы Қағидаларды бұзған кінәлі жеке және заңды тулғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 311- бабына сәйкес жауапқа тартылады.