Құжат мәтініне өту

О льготном проезде для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи путем выплаты компенсаций

Қаулы · № 736 · қабылданған 18.07.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24774/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О льготном проезде для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи путем выплаты компенсаций Күшін жойған Қаулы ·№ 736 ·18.07.2005
04.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи путем выплаты компенсаций

Күшін жойған Қаулы ·№ 736 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде для обучающихся на основе государственного образовательного заказа в средних и высших профессиональных учебных заведениях из числа молодежи путем выплаты компенсаций
Атауы (қаз.)
Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
736
Қабылданған күні
18.07.2005
Көрсетілген редакция
04.03.2016 AI24774_2.kaz
Соңғы өзгеріс
04.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000736_
ЭКБ идентификаторы
24774
Редакция идентификаторы
AI24774_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:31

0 Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүру туралы

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 5) тармақшасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

0 Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету ЕРЕЖЕСI

Қазақстан Республикасы
Yкiметiнің
2005 жылғы 18 шілдедегі
N 736 қаулысымен
бекiтiлген
Жастар арасынан орта және жоғары кәсiптiк оқу орындарында мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жеңiлдiкпен жол жүрудi қамтамасыз ету ЕРЕЖЕСI

1

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттiк білiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшiн қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңілдiкпен жүрудi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бiлiм алушылардың жол жүруiне өтемақы төлеу тәртiбiн айқындайды.

2 2. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

жол жүру өтемақысы - жастар арасынан мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жол жүру құнының бөлiгiн өтеуге арналған ақшалай төлем;
білiм алушылар - студенттер, магистранттар, даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушылары, колледждердiң оқушылары;
өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар - республикалық бюджет есебiнен жоғары кәсiптiк білімдi мамандар даярлауды және республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен кәсiптiк орта бiлiмдi мамандар даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары.

3 3. Жол жүру өтемақысы республикалық және жергілiктi бюджеттер қаражаты есебiнен төленедi.

4

4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, мемлекеттiк тапсырысты орындайтын облыстық, қалалық бiлiм, денсаулық сақтау департаменттерi (басқармалары), жыл сайын, республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде ақшалай өтемақыларын төлеуге арналған қаражатқа қажеттiлiк есебiн бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық және жергілiктi уәкілеттi органдарға ұсынады.

5 5. Жол жүру өтемақысы мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың мынадай санаттарына:

орта кәсiптiк оқу орындарының күндiзгi оқыту нысанында оқитындарға жылына екi рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде, тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын бекiтiлетiн 2 еселенген айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерiнде;
орта кәсiптік оқу орындарын бiтiрушiлерге - жылына бiр рет, 2 еселенген АЕК мөлшерiнде;
студенттерге, магистранттарға, жылына екi рет, қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде 4 еселенген АЕК мөлшерiнде;
жоғары оқу орындарының даярлық бөлiмдерiнiң тыңдаушыларына - жылына бiр рет, 4 еселенген АЕК мөлшерiнде;
жоғары кәсiптiк оқу орындарын бiтiрушiлерге - жылына бiр рет, 4 еселенген АЕК мөлшерiнде төленедi.

6 6. Білiм алушыларға жол жүру өтемақыларын төлеудi өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар жыл сайын ақпан және маусым айларында қаражатты бiлiм алушылардың карт-шотына аудару жолымен немесе қолма-қол төлемдермен жүргiзедi.

7

7. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн өтемақы төлеу жөнiндегi ұйымдар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне, облыстық, қалалық бiлiм, денсаулық сақтау департаменттерiне (басқармаларына) жол жүру өтемақыларын төлеуге арналған бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп бередi.

Қолданыстағы