О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Научный центр противоинфекционных препаратов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Научный центр противоинфекционных препаратов"
- Атауы (қаз.)
- "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 741
- Қабылданған күні
- 19.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2022 24783_591836.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000741_
- ЭКБ идентификаторы
- 24783
- Редакция идентификаторы
- 24783_591836
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:30
0 "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1
1. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң қарамағына берілсiн.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi Орталықты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1 1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2 2) Орталықтың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3 3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
9 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 19 шілдедегi
N 741 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 334-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасында:
"8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде "Орындау (iске асыру) үшiн жауапты" деген бағанда: "Ұйымдастыру iс-шаралар" деген кiшi бөлiмдегi реттiк нөмiрi 2-жолдағы "БҒМ" деген аббревиатура "ИСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Негізгi ғылыми-техникалық iс-шаралар" деген кiшi бөлiмде реттiк нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдарда "ҚР БҒМ Орталық" деген сөздер "ҚР ИСМ, Орталық" деген сөздермен ауыстырылсын.