Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы акционерного общества "Центр инжиниринга и трансферта технологий"

Қаулы · № 742 · қабылданған 19.07.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24784/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Некоторые вопросы акционерного общества "Центр инжиниринга и трансферта технологий" Қолданыста Қаулы ·№ 742 ·19.07.2005
19.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы акционерного общества "Центр инжиниринга и трансферта технологий"

Қолданыста Қаулы ·№ 742 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы акционерного общества "Центр инжиниринга и трансферта технологий"
Атауы (қаз.)
"Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
742
Қабылданған күні
19.07.2005
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI24784_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000742_
ЭКБ идентификаторы
24784
Редакция идентификаторы
AI24784_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:30

0 "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлік қоғамының кейбiр мәселелерi

"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. "Инжиниринг және технологиялардың трансфертi орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Орталық) акцияларының мемлекеттiк пакетi "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) жарғылық капиталына берілсiн.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру үшiн қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

1 1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 1, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 21-51-жол алынып тасталсын;

2 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :

көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмiрi 237-14-жол алынып тасталсын;

3

3) "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметті институционалдық қамтамасыз етудi дамыту жөнiндегi кезек күттірмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы
N 775 қаулысына :
6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

4 4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы