Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О введении обязательной продажи выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)

Қаулы · № 55 · қабылданған 28.03.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2480/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О введении обязательной продажи выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг) Күшін жойған 15.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О введении обязательной продажи выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)

Күшін жойған Қаулы № 55 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении обязательной продажи выручки в иностранной валюте от экспорта товаров (работ, услуг)
Атауы (қаз.)
Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
28.03.1999
Көрсетілген редакция
15.11.1999 AI2480_1.kaz
Соңғы өзгеріс
15.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000725_
ЭКБ идентификаторы
2480
Редакция идентификаторы
AI2480_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:17
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сатуды енгізу туралы

Ішкі валюта рыногында қалыптасқан жағдайды, сондай-ақ елдің төлем балансының нашарлауын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 28 наурыздағы N 54 қаулысымен бекітілген "Тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді міндетті түрде сату туралы" нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының аумағында тауар (жұмыс, қызмет) экспортынан шетел валютасымен түскен түсімді 50 процент мөлшерінде міндетті түрде сату осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап енгізілсін.

2. Ішкі валюта рыногында міндетті түрде сатылуға тиісті шетел валютасының ұсынылған тізімі бекітілсін.

3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Қасымжанова Г.З.) осы қаулыны Ұлттық Банктің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

4. Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпарат бөлімі (Байменов Х.Қ.) осы қаулыны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

6 Қазақстан Республикасының ішкі рыногында уәкілетті банктер арқылы міндетті түрде сатылуға тиісті валюталардың Тізімі

"Тауар (жұмыс, қызмет)
экспортынан шетел валютасымен
түскен түсімді міндетті түрде
сатуды енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 28 наурыздағы
N 55 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі рыногында уәкілетті банктер арқылы міндетті түрде сатылуға тиісті валюталардың
Тізімі
Австрия шиллингi
Ағылшын стерлинг фунты
Бельгия франкi
Голланд гульденi
АҚШ доллары
Еуро (Еуропалық одақтың бiрыңғай валютасы)
Ирланд фунтi
Испан песетi
Итальян лирi
Немiс маркасы
Португал эскудосы
Фин маркасы
Француз франкi
Швейцар франкi
Жапон йенi