Құжат мәтініне өту

О вопросах областных служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций

Өзге акт · № 14 · қабылданған 30.06.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-24824/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О вопросах областных служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 ·30.06.2005
14.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах областных служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций

Күшін жойған Өзге акт ·№ 14 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах областных служб Гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций
Атауы (қаз.)
Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мәселелері туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14
Қабылданған күні
30.06.2005
Көрсетілген редакция
14.09.2009 AI24824_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V05P0003039
ЭКБ идентификаторы
24824
Редакция идентификаторы
AI24824_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:34

0 Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 29-бабы 2-тармағына, 1997 жылғы 7 мамырдағы "Азаматтық қорғаныс туралы" Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес, Азаматтық қорғаныстың мамандандырылған iс-шараларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:

1 1. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2 2. Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құруға және олардың қызмет етуiне жауапты мемлекеттiк органдар облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн қосымшаға сәйкес құрсын.

3 3. Көрсетiлген мемлекеттiк органдар екi ай мерзiмде мыналарды әзiрлесiн және облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментiмен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiмен (келiсiм бойынша) келiстiрсiн:

облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ережелердi;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi штабтарының дербес құрамдарын;
меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi құрамына қосылған мемлекеттiк мекемелер, кәсiпорындар, ұйымдардың тiзбесiн.

4

4. Қалалар және аудандар әкiмдерi облыс жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар департаментiмен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөнiндегi департаментiмен (келiсiм бойынша) қалалық (аудандық) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесiн келiстiрсiн және оларды құру жөнiндегi тиiстi актiлердi қабылдасын.

5 5. Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 2 маусымдағы "Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құру туралы" № 180, 2000 жылғы 29 мамырдағы "Облыс әкiмiнiң 1998 жылғы 2 маусымдағы № 180 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" № 130 шешiмдерiнiң күштерi жойылсын.

6 6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякке жүктелсiн.

Келiсiмдi:
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң
Павлодар облысы төтенше
жағдайлар жөнiндегi
департаментiнiң бастығы А. Садықов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң
Павлодар облыстық аумақтық
басқармасының бастығы Е. Батырханов
Көлiк инфрақұрылымы комитетiнiң
Павлодар облыстық басқармасыныың
бастығы Д. Ақанов
Павлодар облысы iшкi
iстер басқармасының бастығы М. Тұмарбеков
Павлодар облысының төтенше
жағдайлар саласындағы мемлекеттiк
бақылау және қадағалау
басқармасының бастығы С. Адамжанов
Қазақстан Республикасының
ақпараттандыру және байланыс
агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша
ақпараттандыру және байланыс
басқармасының бастығы Ю. Волков
Павлодар облысы бойынша
көлiк бақылау басқармасының
бастығы А. Әубәркiров
Павлодар облысы бойынша
өрт сөндiру және авариялық
құтқару қызметi»мемлекеттiк
мекемесi филиалының бастығы М. Сәдiрәлин

7 Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесi

Павлодар облысы әкiмiнiң
2005 жылғы 30 маусымдағы
"Облыстық Азаматтық қорғаныс және
төтенше жағдайлар қызметтерiнiң
мәселелерi туралы" № 14 шешiмiне
қосымша
Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдайлар қызметтерiнiң тiзбесi
№ р/с
Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiнiң атауы
Облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерiн құруға және олардың қызмет етуiне жауапты органның атауы
1
2
3
1.
Өртке қарсы қызмет
Павлодар облысының төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау басқармасы (келiсiм бойынша) Павлодар облысы бойынша "өрт сөндiру және авариялық-құтқару қызметi" мемлекеттiк мекемесiнiң филиалы (келiсiм бойынша)
2.
Медициналық қызмет
Облыс денсаулық сақтау департаментi
3.
Қоғамдық тәртiптi қорғау қызметi
Облыстық iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша)
4.
Сауда және азық-түлiк қызметi
Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi
5.
Жанар-жағар материалдары қызметi
Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi
6.
Энергетика қызметi
Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi
7.
Коммуналдық-техникалық қызмет
Облыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi
8.
Жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау қызметi
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Павлодар облыстық аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша)
9.
Көлiк қызметi
Облыс бойынша көлiк бақылау басқармасы (келiсiм бойынша)
10.
Техникалық қызметi
Облыс бойынша көлiк бақылау басқармасы (келiсiм бойынша)
11.
Инженерлiк қызмет
Облыс сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментi
12.
Жолдар және көпiрлер қызметi
Көлiк инфрақұрылымы комитетiнiң Павлодар облыстық басқармасы (келiсiм бойынша)
13.
Байланыс және хабарландыру қызметi
Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң облыс бойынша ақпараттандыру және байланыс басқармасы (келiсiм бойынша)

Қолданыстағы