О изменении транскрипции наименования озера Котырколь, села Котырколь и Котыркольского сельского округа Щучинского района на "Катарколь" Қолданыста
Басқа 0
Щучье ауданындағы Қотыркөл селолық округінің, Қотыркөл селосының, Қотыркөл көлінің атауларының транскрипциясы өзгертіліп "Қатаркөл" деп жазылуы туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.05.03. N 281 қаулысын, "Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы" Заңның 19-бабын басшылыққа ала отырып облыс әкiмi ШЕШIМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қатаркөл селолық округiнiң азаматтар жиынының өтiнiштерiн, аудандық мәслихат сессиясының және Шучье ауданы әкiмiнiң шешiмдерiн ескере отырып,
Қотыркөл көлi - Қатаркөл көлi,
Қотыркөл селосы - Қатаркөл селосы,
Қотыркөл селолық округi - Қатаркөл селолық округi деп атауларының транскрипциясы өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Щучье ауданының Қотыркөл көлi - Қатаркөлi,
Қотыркөл селосы - Қатаркөл селосы,
Қотыркөл селолық округi - Қатаркөл селолық округi деп атауларының транскрипциясы өзгертiлуi туралы осы шешiмнiң бекiтiлуi сұралсын.